267
Сүлеймен қарақшы
Күрк-күрк етiп үрген күйi жүгiрiп келдi де, алдағы Сүлейменге
атылды. Сүлеймен аяғын үзеңгiден шығарып, иттi бiр тептi.
Бiрақ тепкi оған тимедi. Ит тағы секiрiп атылғанда қарагер солға
кiлт бұрылып айналды да, оны бiр тептi. Ат соққысы дүңк етiп
қабырғасына тидi. Ит аунап түстi. Артынша қайта тұра келiп,
қисаңдаған қалпы жанындағы Тәңкiге жармасты. Тәңкiнiң
астындағы ат үркiп, кейiн шегiндi. Ал ит ер үстiндегi Тәңкiнiң
аяғына жармасқан күйде айрылмай, атпен бiрге сүйретiлдi.
— Ойбай, аяғым, аяғым. Мына пәле аяғымнан тiстеп алды.
Тәңкi бақырып, иттiң басын қамшысымен сабап жатыр.
Алайда оның
сабауын анау ит елең қылмай, аяғынан айрылар
емес. Аттылар оған не дауа қыларын бiлмей,
бiр сәт тұрысып
қалысты. Тәңкiнiң жаны көзiне көрiнiп, ат үстiнде тыпырлап,
айқайын одан сайын үдеттi.
— Өй, әкеңнiң… — деп Сүлеймен
бiр ақырды да жөңкiп
келiп, Тәңкiнiң аяғына жармасқан иттiң желкесiне жармасты.
Сол күйi иттi тартып алып, мойнын тақымына қысты. Ит тектi
арланның тұқымы ма, қыңқ деп дыбыс шығармады. Сүлеймен
оны тақымына қысқан бойы есiк алдына дейiн сүйретiп барды.
Осы кезде үйден бiр әйел, артынан денелi бiр еркек шықты.
— Ой, оңбаған, көргенсiз нәлетi. Менiң үйiмнiң алдына атпен
ойқастап келетiн қайсың бұл?! Нәзия, үйдегi
наганда алып
шықшы! Бiр атып, атын да, өзiн де жайратып тастайын, — деп
ақырды еркек.
Оның анық Құлтан екенiн бiлген Сүлеймен тақымындағы иттi
тастай салып, атынан секiрiп түстi. Есiк алдында тұрған еркек
не болып жатқанын аңғарғанша, жанына жетiп барып, Құлтанды
жағадан ала кеттi.
— Өй, өй, кiмсiң-ей, сен?! Тоқта деймiн. Менiң кiм екенiмдi
бiлесiң бе? Өй, атаңа нәлет! Тарт-әй, қолыңды! Түрмеде шiриiн
деп жүрген бiреу ме, мынау, — деп Сүлейменнiң бiлектерiне
жармасып, өктемсiп айқайлады.
—
Әлi танымадың ба менi, сұмырай?
— Ойбай, Нәзия, менi “сұмырай” дейдi-әй, мынау. Жүгiр,
әкел шапшаң наганды! Бойы көк тiреп тұрған албастының