277
Сүлеймен қарақшы
көше-көшелерiне айдап жiберейiк. Аштықтан тышқан терiп жеп
жүрген адамдар оларды өздерi-ақ ұстап алсын.
Бәрi аттарын ерттеп, ерге қонды.
— Белсендiнiң үйiндегi жарма жем мен шөпке тойып,
аттарымыз да қоңданып қалыпты. Жануарлар жем жемегелi қа-а-
шан, — дедi Аязбек атының жалын сипалап тұрып. — Аттарымыз
да бiз сияқты. Бiрде тоқтыққа, бiрде аштыққа әбден үйренген. Ай,
Ажан, кешеден берi боз жорғаға тақымың әбден үйренiп қалды
ма? Өз атыңа мiнгiң келмей қалыпты ғой.
—
Құдай қаласа, осы жорға өзiмдiкi бола ма деп жүрмiн.
— И-и-иа, — деп қинала айқайлады осы сәт Құлтан. — Бiздi
шешiп кетсеңiздершi. Өлетiн болдық қой.
— Көке... көкелер, босатып кетiңiздершi, Құдай үшiн, — деп
оған Тәңкi қосылды.
— Осындай күйде болсаңдар да, тiрi қалғандарыңа қуаныңдар.
Өлтiрiп кетсек, қайтер едiңдер?
Аяқтарынан асылып тұрса да, тiрi қалғандары үлкен қуаныш
екенi ендi саналарына жеттi ме, әлгi сөзден кейiн екеуi де жым
болды. Тек көздерiнен бырт-бырт аққан жастарын тыйған жоқ.
— Осы, Сүлеймен, бiз мына ауылдың адамдарының обалына
қалып бара жатқан жоқпыз ба? Байлаудан босаған соң бұлар
өздерiн сабаған бала-шаға мен қатын-қалашты қырып жүрмесiн.
— Иә, Ажан. Оның үстiне мiнiс атын да сойып бердiк, — деп
оны қостай сөйледi Төрекелдi.
— Ол құртатын адамдардың бәрiн құртып болған. Ендi кәрi
мен балаға тiзе батыра қоймас. Екi-үш күннен соң осында қайта
соғамыз. Бiреуден шағым естiсем, тура басын кесiп кетемiн. Ой,
жаңа осы жайын оған ескертiп кетпеппiн-ау.
— Ленгiрге дейiн қанша уақыт жүремiз, Сүлеймен? — деп
сұрады Төрекелдi.
— Әне, анау өркеш-өркеш екi жотадан ассақ болды. Ары кетсе,
жарты сағатта Ленгiрдiң дәл төбесiнен түсемiз.
Ленгiрге төте жолмен тартқан Сүлеймен тобы бесiн ауа
Момынай асуына iлiктi. Осы асудың етегiндегi өзен бойындағы
сайдың екi жақ шетiне Ленгiр орналасқан. Осыдан он алты-он
жетi жылдай бұрын орыстар осы Ленгiрдiң Көксәйек жағындағы