269
Сүлеймен қарақшы
Құлтан серейген күйi мұрны жер сүзе құлады. Қатыны:
“ойбай, өлтiрдiң, өлтiрдiң”, — деп сыңси жылап, оны сүйемелдеп,
көтеруге талпынды.
— Төрекелдi белiңдегi арқанды шешiп, Тәңкi екеуiнiң
арқаларын тiрестiрiп, қосақтап байла. Түнде
қашып кетiп
жүрмесiн. Сен, қатын, сыңси бермей, тұр да, бiзге ет ас. Жаңа
байың айтты ғой, “қонақ болыңдар” деп. Қалың көрпешенiң
үстiнде жатып, қонақ болайық. Ажан, мына қатын далаға шықса,
сен де шық. Үйге кiрсе, сен де кiр. Бiр елi жанына қалушы болма.
Бiзге жақсылап қызмет қылсын.
Қорқып кеткен Нәзия ас қамына кiрiстi. Төрекелдi Тәңкi мен
Құлтанды қосақтап байлап тастады. Содан ас дайын болғанша,
төртеуi байлаулы екеудi әбден мазақ қылып,
келемеж етiп
отырысты.
— Байланып, амалсыз қалған қандай қиын-ә, Құлтан. Жұртты
қинаудың азап болатынын ендi түсiнген шығарсың. Айтшы, оқу
қуып, өсейiн деп ойлаған бас көтерер жiгiттердi неге “халық
жауы” деп ұстатып жiбере бересiң? Қанша азаматтың обалы
бар мойныңда? Бәрiнен де бұрын Ордабек болыс пен Нарымбет
байды, мiлиса бастығы болып жүрген Ноғайды, тiлмәш Тәжiбай
мен Сыдықты, Естеместiң Мәуленiн қайда айдатып жiбердiң?
— Сыдықты НКВД-ның адамдары ұстаған. Тәжiбай мен
Ноғайды, Мәулендi солар қудалаған. Ал Ордабек пен Нарымбеттi
Оралға жер айдатқан да мен емес — өкiмет.
— Құралбайды он жылға,
Есенбектi жетi жылға соттатқан,
Абылайды ату жазасына, кестiрген, Тұрлыбектi “мiлисаға қол
көтерiп, мылтығын тартып алмақ болды” деп татар солдатына
атқызған,
одан қалса, қаншама жiгiттердi көпе-көрнеу жазаға
тартқызған да, сен емес шығарсың. Бәрiн айт та, бiрiн айт, өз
ауылдастарың мен жамағаттарыңның
малдарын тартып алуға
қалай дәтiң барды? Бала-шаға, кемпiр-шал аштан өлiп жатқанда,
мынадай үйде тұрып, тамақ iшуге қалай арланбайсың?
— Елдiң малын алған да мен емес. Өкiмет солай бұйырған.
Мына Тәңкi бiледi, жұрттың малдарын сонау Шымкенттен,
Кеөргiптен келген солдаттар тартып алған.