Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет129/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Ештеңе мойындағың келмейдi екен сенiң. Кiм екенiңдi 
азанда жұрт көзiңе айтар. Ал бiз қазiр жатып демаламыз. Қоқаннан 
шыққалы берi көрпеше үстiнде керiлiп жатып көрмеппiз. Сен 
екеуiң осылай қосақтаулы түрлерiңмен ұйықтап шығыңдар. 
Қалған сөздi ертең айтармыз.
Нәзия асқан еттен жақсылап тамақтанған қарақшылар 
қарауылдыққа Ажанды қалдырып, өздерi көрпеше үстiне сұлады.
— Аязбек, түннiң жарамында Ажанды ауыстырарсың, — 
дедi Сүлеймен ұйқыға батар алдында. — Бүгiнгi қарауылдықты 
екеуiң атқарыңдар.
II
Мезгiз жәдiнiң ортасы. Аспан күнде бұлтты болып, қыс 
ызғарын сездiрген өкпек жел оқтын-оқтын соғып тұрса да, әлi қар 
жаумаған. Ал бүгiн ауада бұлт та, жел де жоқ. Күн шайдай ашық. 
Таңертең қыстың кеш шыққан күнiмен таласа тұрған Сүлеймен, 
жанындағы серiктерiмен Құлтан мен Тәңкiнi қосақтаулы 
күйлерiнде далаға сүйреп шығарып, есiк алдындағы далия өскен 
кәрi өрiкке байлады.
— Бiз шайланып алғанша, осы түрлерiңдi жұрт көре берсiн. 
Бiраздан соң оларды жинап, екеуiңнен жауап аламыз.
Ол екеуiнiң түндi ұйқысыз өткергендерi көрiнiп тұр. Көздерi 
қып-қызыл. Ауыздарын ашып, есiнеп-есiнеп қояды. Өрiкке 
байланғанша бiр сөз де айтпады. Тек Сүлеймен жаңағы сөздi 
айтқанда:
— Ой, Сүке, жұртқа таба қылатын болдың-ау менi, — деп 
күрсiндi Құлтан. — Мұндай қорлықтан гөрi өлтiре салғаның да 
тәуiр едi.
— Өлуге асықсаң, оны да көрерсiң. Бiрақ сен өлiмдi нағыз 
еркектей қарсы алар ма екенсiң? Ажан, шекесiнен дәлдеп бiр 
атшы.
Ажан мылтығының құлақшасын тартып, ұңғысын Құлтанға 
қаратып көздедi:
— Қай жерiнен атайын?
— Шекесiнен атсаң, қиналмай бiрден өле кетедi. Жаны бiраз 
көзiне көрiнсiн, балтырынан ат.


271
Сүлеймен қарақшы
Мыналардың ойнап тұрмағанына ендi көзi жеттi ме, әлде 
мылтықтың суық ұңғысы жанын тiтiркендiрiп жiбердi ме, осы 
кезде Құлтан:
— Әй, әй, қойыңдар. Әзiр өлгiм келмейдi. “Қой” дешi, Сүке, 
мынауыңа, — деп дiрiлдей үн қатты.
— Айттым ғой жаңа. Нағыз қаһармандай болып өлу де 
келмейдi сенiң қолыңнан. Қоя тұр, Ажан. Сәлден соң тек 
қана залымдық бiткен мұның кеудесiн бала-шағаға таптатып
көкiректiгiн мұқалтайық. Жүрсiн содан, жұртқа өктемдiк қылмақ 
түгiлi бiреудiң бетiне қарай алмай.
Осы кезде арғы жақтағы тоқал тамның бұрышынан сүйретiлiп 
бiр кемпiр шықты. Бүгжеңдеген күйi бұларға қарап тұрды:
— Ойбай, бетiм-ау. Мынау байлаулы тұрған белсендi қайным 
ба? Талайды осылай байлатып, мiлисаға айдатушы едi. Ендi өзi 
айдалайын деген бе? Көтек, өрiкке шандып тастапты ғой. Бетiң 
күйгiр қарабет, зауал ендiгi өзiңе жеткен екен-ау.
— Берi келiңiз, апа, берi келiңiз. Өздерiңiзге нақақтан-нақақ 
зәбiр көрсетiп жүрген бұдан кек алғыңыз келе ме? Онда осы 
ауылдағы кәрi-жастың бәрiн жинап келiңiз. Аяқтарыңызға 
жығылдырып, кешiрiм сұратайын.
— Е, айналайын. Бұл залым аяғымызға бас ұрғанымен
қырылған балдар мен итжеккенге кеткен боздақтар орала қояды 
деймiсiң. Бiрақ бұл да iстеген iсiне пұшайман жеп, бiрауық 
өкiнсiн де. “Жина” десең, жинайын жұртты. Айтпақшы, бетiм-
ау, “жинайын” деймiн, өздерiң кiм боласыңдар? Ауылда қалған 
аз ғана қалбалақтаған шал-кемпiрлер мен ашқұрсақ балаларды 
алдап жиып алып, төбемiзге жай түсiрiп жүрмеймiсiңдер?
— Жоға, апа. Бiз қайта сiздерге көмектескелi келдiк. Сiз 
жұртты жинап келiңiз. Содан соң Құлтанның үйiндегi бар дүние-
мүлiктi өздерiңiзге таратып беремiз.
Кемпiр Сүлейменнiң сөзiне сенер-сенбесiн бiлмегендей, 
аңтарылып бiраз тұрды. Сөйттi де бұрылып:
— А-ю-ю, Күлшәт, Есенкүл... анау жүгермектiң аты кiм едi... 
И-ху, Жақаш, Ботабек, берi келiңдер. Мына бiр дәу бала Құлтанды 
байлап қойыпты. Белсендiнiң үйiнен сендерге, ойбай, жоқ, 
бәрiмiзге “нан әперемiн” дейдi. А-ю-ю, шығыңдар үйлерiңнен. 


272


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет