281
Сүлеймен қарақшы
— Олар атса, бiз де атайық.
— Былай етелiк, — дедi Сүлеймен. — Анау қалың жиденiң
ығына барып тұрайық та, аттарын дәлдеп атайық.
Аттарын
жарақаттап болған соң тауға кетемiз. Әйтпесе бұлардың беттерi
қайтпайтыны хақ.
Төртеуi батыс тұстағы қалың жидеге шапты. Мұны көрген
пәстегi мiлисалар да бағыттарын өзгертiп, сол бетке бұрылды.
Жиде тасасына ертерек жеткен
қарақшылар аттарын ағашқа
байлай сап, мiлисаларды нысанаға ала бастады. Олардың саны
— оншақты. Алда есiк пен төрдей кертөбел мiнген бiреу. Бәрiнiң
иықтарында мылтық. Сүлеймен бұйырды:
— Арамызды жиырма-отыз қадамдай етiп, шеп құрып алайық.
Сосын аттарды көздеп ата берiңдер. Алдағы кер-төбел — менiкi.
Сүлейменнен басқалары жүгiре басып, жан-жаққа тарасты.
Мiлисалар елу қадамдай жақындап қалған кезде Сүлеймен
кертөбелдiң қақ шекесiнен дәлдеп тұрып бiр атты. Ат омақаса
құлап, үстiндегi мiлиса жерге екi-үш аунап түстi. Осы замат ана
жақтан Ажандар да ата бастады.
Олар мiнген аттар бұрын мылтық даусына үйренбеген ашқұлақ
болса керек. Үстерiндегi иелерiне бой бермей, тулап, тебiне
тоңқып, шат-шәлекейлерi шықты.
Осы себептi мiлисалардың
алғашқыда мылтық атпақ түгiлi, қаруларын қолдарына алулары да
мұң болды. Оның үстiне үстiн-үстiн атылған оқтан мiлисалардың
өздерi де қорқып кеттi ме, аттарынан секiрiп-секiрiп түсiп, жерге
жата-жата қалысты. Оқ тимеген жылқылары Ленгiрдi беттеп,
беталды шапты.
Әлден соң ес жиған мiлисалар өлген аттардың тасасына
тығылып, Сүлеймендерге оқ жаудырды. Тұтасқан жиденiң селдiр
бұтақтары арасынан зу-зу етiп өтiп жатқан оқтардан басқа аттар
сескенбесе де, Тәңкiден тартып алған бозжорға тебiне үркiп-
тулап, ақыры жiбiн үзiп, айдалаға құйғыта шауып кеттi. Ол да оқ
дауысына үйренбеген жануар да.
— Қап,
бозжорғадан айырылып қалдық-ау, ә, — дедi Ажан
жерге бiр түкiрiп.
— Қан майдан көрген бiздiң аттар сияқты деймiсiң оны?