279
Сүлеймен қарақшы
қамшы басқан Сүлеймендер аз
ғана уақыттың iшiнде қотан
қақпасына таяды. Қақпа ұзын-ұзын екi терекпен көлденең
жабылып қойылыпты. Оның жанындағы тастан қаланған науа
жанында үш жүздей сиыр тұр. Сиырлардың ар жағындағы
жағалай бастырмаларда бiрнеше жылқылар байлаулы. Ал майда
ағашпен қоршалған қора iшiнде есепсiз қой-ешкiлер қамалыпты.
Малшылар бұларды бiрден байқамады. Осы сәттi пайдаланып
қалайын дегендей, Сүлеймен айтты:
— Аспанға бiрнеше рет оқ атып, үрейлерiн ұшырайық. Сөйтiп
дереу-дереу малдарды тысқа қарай қуып шығайық.
Ажан “венчестерiн” аспанға қарата басып-басып қалды.
Мылтықтың жан шошытарлық үнiнен қора iшiндегi жылқылар
осқырынып, қойлар маңырап, адамдар шулап, демде азан-қазан
болды.
— Ойбай, бандылар келiп қалды!
— Ойбай, қайда бiздiң сарбаздар?!
— Кiмдер-ей бұлар? — десiп,
кiреберiсте тұрғандар қатан
шетiндегi үйге қарай қашты.
Сүлеймендер үйге лап қойған адамдардың алдына кесе-
көлденең тұрды.
— Сiздер кiмсiздер? — дедi ұзын бойлы бiр малшы аттың
шылауына жармасып. — Бiз тек малшылармыз ғой. Не қыл
дейсiздер? Не iсте дейсiздер? — деуден басқа сөз айтуға шамасы
келмей, тыпырлады да қалды.
— Мына малдардың бәрiн босат та, айда, жартысын Ленгiрге,
жартысын Момынайға қарай. Бәрiн бiр-бiрлеп, өз қолдарыңмен
жұртқа таратып бересiңдер. Шығар, анау үйде
отырған
басқаларды. Айтқанымды iстемесеңдер, шеттерiңнен жайратып
саламыз.
Сол-ақ екен, малшылардың бәрi сыртқа шығып, Сүлейменнiң
айтқанын iстеуге кiрiстi. Алдымен сиырларды шығарды, одан
соң қойларды босатты.
— Әрқайсы бiр-бiр атқа мiнiп алыңдар! — деп айқайлады
Сүлеймен. — Малдарды қатты, қуа айдаңдар!
Ұсақ мал мен жылқы айдауға оңай көндi. Ал
сиыр жануар
жайтабандау ғой. Мыңғырған мал қора шетiне шыққанда, қойлар