Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет12/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
отығып, ендi су iшуге асығып келе жатыр ғой”. Бiрақ олардың 
тас арасымен алға қарай асыға жөңкуi су iздеген малдың жүрiсiне 
ұқсамайды. 
Жылқылардың алдындағы дәу айғыр Сүлеймендi көргенде 
қалт тұра қалып, “анда бiрдеңе бар” дегендей, бiр рет қысқа ғана 
күркiрей кiсiнеп, басын артқа бұрды. Қара айғыр тоқтаған соң 
басқа жылқылар да соның маңына иiрiлдi. Күнде үйiрлес болып 
жүрмеген жылқылардың бұлайша иiрiле қалуы таңданарлық 
нәрсе. Бұ жағы бұған аян. Демек, артта бiрдеңе бар. Жылқыларды 
айнала өтiп, бiраз жүрдi де, үстiн көкшiл қына басқан үлкендеу 
ойма тастың үстiне шықты. Тастың ар жағы көкпеңбек арша 
басқан сай. Одан ары айнала тiп-тiк құз. 
Қызығушылығы оянып, сай табанына түстi. Сай табаны 
қаншама жылдардан берi түрлi шөптер мен арша-бадамшалардың 
жапырақтарының шiрiгi жиналып қалған қалың қопа екен. Сол 
қопаны балшық кешкендей басып, алға он қадамдай жүрдi. 
Еңкейiп, тұтаса өскен аршалардың арасына қарады. Тырс еткен 
дыбыс жоқ. Шатқал iшiндегi меңiреу тыныштықты бұзған ештеңе 
байқалмайды. Қайтайын деп артына бұрылды. Жаңағы өзi үстiнен 
түскен үйдей тасқа жете бергенде, оған қатар тұрған жартас 
жақтан бiрдеңенiң ырылдаған дыбысы шықты. Iле сол жартас 
үстiнен өзiне қарай қасқыр секiлдi бiр аң атыла кеттi. Ойлануға 
мұршасы болмады, үстiне төнген әлгi пәленi екi қолымен қағып 
алып, сол күйiнде алдындағы үшкiр-үшкiр тасты жартасқа перiп 
кеп жiбердi. Қараса, бұған атылған қасқыр емес, кәдiмгi тау 
қабыланы. “Ойпырмай, Құдайдың сақтаған екен-ау” деп ойлады 
ол. Сөйтiп, әлi де болса, төрт аяғын сәл-пәл қимылдатып жатқан 
оны доптай-доптай тастармен әбден ұрғылады. Ендi өлдi-ау 
дегенде, барып серiктерiн шақырып келдi.
— Ойбай, Сүлеймен-ау, мынау нән қабыланның өзi ғой. 
Ойпырмай, бұдан қалай аман қалдың? — дедi Көбек.
— Адам сенбестей оқиға ғой мынау. Мұны атып алмаса, әлi 
күнге дейiн ешкiм жалаң қолымен жеңiп көрген емес.
— Сен болмағанда, аттардың бiр-екеуiн жарып кетер ме едi 
бұл.
— Бұл қабылан бұ жаққа қайдан келе қалды?


26
Сүлеймен қарақшы
— Қайдан дерiң бар ма? Айналада аңның нешеме түрi қаптап 
жүрген жоқ па? 
— Жарадың, бала! Әлден күшiң қабыланнан күштi болса, 
бара-бара ешкiмдi бет қаратпайтын батыр боларсың сен әлi, — 
десiп бәрi даурығысып жатты.
— Дабырламай қоя тұрыңдаршы, — дедi Көбек. — Бұл қабылан 
осында, менiң бiлуiмше, бесiншi рет келдi. Бесiншi рет келгенде 
ажал тапты. Мұны бiлетiн себебiм, осыдан он жылдай бұрын 
нақ осы жерде бiр қабыланды атып алғанбыз. Онда ұрғашысын 
атқанбыз. Ал мынау еркек. Сонда қабылан екеу болатын. Бiрi 
қашып кеткен едi. Содан осында әр келген сайын бiр қабылан 
бiзге тыныштық бермей жүрген. Мақсаты — бiзден ұяласының 
кегiн алу да. Кейiн, Омарбай марқұм өлген соң, бiз Шыршыққа 
баруды үш-төрт жыл тоқтатқанбыз. Үш-төрт жыл мұнде ешкiм 
келмедi. Бiз келмеген соң қабылан бiзден күдерiн үзген болуы 
керек. Ендi осы келiсiнде менiң иiсiмдi сезiп келуi де кәдiк. Неге 
десеңдер, қабылан малға болсын, адамға болсын, кектенсе, соның 
иiсiн өлгенше ұмытпай жүредi екен. Басқа аңдардан бұлардың 
айырмашылығы — осы. Ал ендi күн кешкiрiп, аттанатын уақыт та 
таяп келе жатыр. Дереу мұның терiсiн аршып алайық. Жиенімнің 
бұл ерлiгi — бүгiн бiздiң жолымыздың болатындығын бiлдiредi. 
Жiгiттердiң бiразы қабыланның терiсiн аршып, бiразы аттарды 
ерттеп, қоржындарға заттарды қайта салып, жиналғандарынша 
кеш те батты. Көбектiң бұйрығымен алтауы қайта атқа қонды.
— Мен қанша зер салсам да, қай жақтан келгенiмiздi аңдай 
алмай тұрмын. Қай жақтан келдiк өзi? — деп сұрады Сүлеймен 
Көбектен.
— Е-е, түнде түгiлi күндiздiң өзiнде екi-үш мәрте келген адам 
бұл жердi бiрден табуы қиын. Әзiрше аса қараңғы бола қойған 
жоқ. Ендеше, қара. Анау беткей жақтағы қос құздың шошақ 
төбесiн көрiп тұрсың ба? Қазiр бiзге екеу болып көрiнiп тұрған сол 
шошақтар “Әулиетас” тұсынан бiреу-ақ болып көрiнедi. Бұдан 
басқа анау жалтыр мұз секiлдi құз бетi жаңағы “Әулиетастың” 
жанынан кедiр-бұдырлы, тесiк-тесiк болып көзге шалынады. Ал 
“Әулиетас” болса қол созым-ақ жерде тұр. Әрi оған еш жаққа 
бұрылмайтын сай табанымен барасың. Сонда неге құз бен құз 


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет