Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет170/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
жастаныпты. Едендегi ши үстiне жыртық-жыртық киiз төселiптi. 
Алба-жұлба киiнген екi-үш бала пеш түбiнде тығылып отыр.
Ассалаумағалейкум, — деп кiрiп келген екеуге Құрақ 
қадала қарап жатты да:
— Андақұлмысың? Уа, сенiң де келетiн күнiң бар екен-ау. Ой, 
жаныңдағы Сүлеймен бе? Пәлi, қайдан келдiң, бауырым-ау! — 
деп қозғалақтап-қозғалақтап қойды да тұра алмайтыны есiне 
қайта түскендей, жатқан күйi екi қолын бiрден алға созды.
— Келдiк қой, Құрақжан, келдiк. Өзiңдi зорға таптым. 
Сүлеймен оның қолын алды. Құрақ жата-жата қамкөңiл болып 
қалған ба, бiрден екi көзiнен жас сорғалап, жылап жiбердi.
— Жылағаның не, Құрақ? Қайта бiз келгенге қуанып, мәз 
болмайсың ба?
Құрақтың иегi кемсеңдеп, сөйлеуге шамасы келмедi. Оның 
осындай бейдауа, қауқарсыз кейпiне Сүлейменнiң жүрегi 
шымырлады. Құрақтың осы жатысына құдды бiр өзiн кiнәлi 
санады. “Қап, баяғыда елге өзiммен бiрге алып кетпеппiн-ау. 
Менiмен бiрге сотталып кетсе де, әйтеуiр аяқ-қолы сау жүрер 
едi”.
Сүлейменнiң аянышын сездi ме, Құрақ көздерiн екi 
алақанымен сүртiп-сүртiп тастап, зорлана жымиды.
— Қалай, Сүлеймен? Аман-сау келдiң бе? Төрге шық. 
Түнде ғана сенi түсiмде көрiп едiм. Балдар-әй, тулақты төрге 
төсесеңдершi.
Үйде әйелi көрiнбейдi. Бiр бала тұрып, астында жатқан ешкi 
бөстектi төрге жайды. Оның бiр шетiне Сүлеймен, бiр шетiне 
Андақұл отырды.
— Бұл күйге қалай түсiп жүрсiң, Құрақ? Естуiмше, Бекабаның 
адамдары өзiңе қысастық жасаған ба, немене?
— Е-е-е, Сүлеймен, “сорлы сордан көз ашпайды” дегендей, 
маңдайым сордан көз ашпайтын жазған екенмiн де. Бекабаның 
бандысына қосылып, сарбаз атанғанымды қайтейiн? Ол топта 
да таулықтардан көп шеккi көретiнмiн. Ең ауыр да қауiптi 
iстерге менi жұмсайтын. Оқ өтiне менi жiберетiн. Қит етсем: 
“Бiзге кiрдiң бе, ендi бiздiң топтан шығу жоқ. Шығам десең — 
жаныңды бересiң. Одан қалса, барлық бала-шағаңды қырып 


356
Сүлеймен қарақшы
тастаймыз. Сол үшiн де алып кел дегендi — алып келесiң, атып 
кел дегендi — атып келесiң! Басқа жол жоқ”, — дейтiн. Содан 
жүретiнмiн, оқ пен шоқтың ортасында итаршы болып. Қоқанда 
сенi өлтiрмей, қайта қан iшiсiп, анда болғанымды Бекаба мен 
мұнда жеткенiмше-ақ бiлiп қойыпты. Иттiң шапшаң хабар 
жеткiзетiн жындары бар ма, қайдам. Өзiм де Қоқаннан берi 
аттанғанда, бiр қауiптiң боларын сезiп едiм. Содан тезiрек жетiп, 
бала-шағамды алып, бiр жаққа кетiп қалсам ба деп ойлағанмын. 
Бiрақ Бекабаның үш-төрт жандайшабы менi Қамшық асуының 
етегiндегi Ахангаран маңында тосып алды. Жандайшаптар 
жолай ештеңе деместен, бiрден Бекабаға алып келдi. “Иә, айт, 
Қоқанда не тындырып келдiң?” — дедi Бекаба. Мен сенi ұстай 
алмағанымды айттым. Ол мырс етiп күлдi де: “Ұстай алмадым 
дейсiң бе? Сүлеймендi төрт-бес серiгiмен Тұрдақтың үйiне ертiп 
келген кiм сонда? Тұрдақтың қарауылын өлтiрген кiм сонда? — 
деп бақырая қарады. — Жоқ, әлде сенiң онда не iстеп келгенiңдi 
мен бiлмейдi дейсiң бе? Осы үшiн қандай жаза күтiп тұрғанын 
бiлемiсiң? Сен бiздi жауымызға сатып келдiң!”
Шынымды айтсам, сонда қатты қорықтым. Қорықсам да 
“әйтеуiр бала-шағамды аман қалдырса екен” деп ойлап тұрып: 
“Сүлеймен сiзге жау емес едi ғой. Өзiмдi өлтiрсеңiз де балаларыма 
тиiспей-ақ қойыңызшы”, — деппiн. “Сүлеймен маған жау 
болмаса да, қоқандық ортақтарыма жау. Менiң ортақтарымның 
жауы — маған да жау. Ал сол жауды жер жастандырудың орнына 
қан iшiсiп, анда болып кеп отырсың. Демек, ендi сен маған 
дұшпансың. Менiң сертiм бойынша, дұшпандарым топырақ басып 
жүрмеуi керек. Азапты өлiммен өлуi хақ. Қазiр сенi жiгiттерiм 
үйiңе апарады да, қатын-балаларыңның көзiнше омыртқаңды 
сындырып, жұлыныңды созып, зақымдап кетедi. Зақымданған 
жұлынды ешбiр тәуiп жаза алмайды. Жазатынына сенiң беретiн 
малың жоқ. Жат, содан соң қиналып алты ай. Алты айдан соң 
сары су үймелеген жұлының iрiп-шiрiп, азапты өлiмге тап 
боласың. Айтпақшы, сен төсек тартып жатқанда, қарайласатын 
қатыныңды да алып кетемiз. Бiреулердiң айтуынша, ол сұлу 
екен. Оныңды мен қатын етемiн. Сен өлгенше ол осында астым 
мен аяғымды жуып жүретiн болады. Тағы бiр айтарым, мiлисаға 


357


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет