Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет173/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
келдi. Базарда адам көп. Әсiресе мал базар қызып тұр. Сүлеймен 
бiрiншi ұсақ малдар жаққа жүрдi. Оны аралап, қара малдардан 
өтiп, жылқыларға жете бергенiнде анадай жерде бұған қолдарын 
сермей сөйлесiп тұрған төрт-бес кiсiге көзi түстi. Олардың iшiнен 
кеше өзiне бесақа ала ұмтылған адамды бiрден таныды. Оның 
жанындағы ұзын бойлыға сәл қарап тұрып, оны да шырамытты. 
Баяғы — Тұрлыбай. «Бұл қызталақ сонша аязда қатып қалмай, 
қалай аман қалды?» 
— Сүлеймен. Сүлеймен! — деп айқайлады осы кезде бiреу арт 
жақтан. Керме шетiне байланған бiр топ жылқылардың жанында 
кешегi егде кiсi тұр екен. — Берi келсейшi. Қалай, iздеген 
тамырыңды таптың ба?
— Таптым. Бiрақ байғұстың ахуалы жүдә қиын екен. Төсектен 
тұра алмайды.
— Кеше сен ұрып жыққан содырлар азанымен жиналып
осында жүр. Бүгiн қатарлары көп-ау деймiн. Байқадың ба, әне, 
анау тұр ғой, бiр тобы, — деп егде кiсi иегiмен Тұрлыбайларды 
нұсқады.
— Байқадым. Дегенмен осынша көп iшiнде олар маған не 
iстей қойсын.
— Ойбүй, балам-ай! Көп iшiнде не iстей қояды дейтiндей 
оларға дауа бар ма? Алды-артыңды абайлап жүр. Қапылыста ту 
сыртыңнан пышақ ұрып кетiп жүрмесiн. Бiр өкiнiш қылатыным 
— қасыңда өзiң сияқты екi-үш серiгiң де жоқ. Мұндағы қазақтарға 
сенбе. Бiрi болыспайды саған.
— Менi ойлап қам жемей-ақ қойыңыз, көке. Одан да айтыңыз, 
саудаңыз жүрiп жатыр ма?
— Екi сиыр, бiр жылқымды саттым. Әлi бiраз мал бар...
— Ей, шал! Азаннан берi тапқан пұлдан шiрiңке бермеймiсiң? 
Сиыр мен жылқы қаншаға өттi? — деп оның сөзiн орта бойлы, 
көздерi ойнақшыған жылмақай реңдi бiр жөйiт бөлiп жiбердi. Сөз 
бөлгенi былай тұрсын, сөйлеп жүрiп, Сүлеймендi иығымен бiр-
екi рет қағып-қағып өттi. Сосын шалдың қалталарын қолымен 
сипап-сипап қойды: — Шығарсайшы пұлыңды! Жоқ әлде, 
бәрiнен айрылғың келiп тұр ма? 
Егде кiсi оны бұрыннан таныса керек, оған күмiлжи үн қатты:


362
Сүлеймен қарақшы
— Базар аяғына дейiн күте тұрсайшы. Үлестерiңдi содан 
кейiн-ақ берейiн.
— Оған уақытым жоқ. Мүмкiн сен малдарыңды тез-тез сатып, 
зытып қаларсың. Мына дәу қасыңда неғып тұр өңкиiп? Кiм бұл?
— Шаһарға кеше келген қонақ қой.
Жылмақай жөйiт Сүлейменге қарап бiрдеңе деп мiңгiрледi де 
шалға қарап, қайта шүйлiктi. Ол оны сөзбен қаузап жатқанда, тағы 
екi жiгiт келдi. Олар да Сүлеймендi итере-итере кимелей өтiп, 
аналардың жанына барды. Шалдың әлi анаған пұл бермегенiн 
бiлген соң:
— Бұл қазақ мына дәуге сенiп тұрған шығар. Әйтпесе неге 
ақша бермейдi? — дедi бiрiншiсi ұртында кекесiн күлкi ойнатып.
— Кiмге сенсе де, бiзден құтыла алмайды, — дедi екiншiсi. 
Сосын Сүлейменге бұрылды: — Сен неге тұрсың мұнда 
қақшиып? Бар, итiңдi суғар.
Бұл уақытта шал жанқалтасынан ақшасын шығарып, “қазiрге 
осыны ала тұр” деп қасындағы жөйiтке бiр уыс пұл ұсына берген. 
Оны көрген Сүлеймен:
— Бiр сом да бермеңiз, көке! — деп ақырып қалды. — Бiр сом 
берушi болмаңыз! Ей, сен, жаңа не дедiң? Маған “итiңдi суғар” 
деп тұрсың ба, нәлетi? Бәлкiм, өзiң суғарарсың! — деп өзiне 
қисық сөйлегендi қойып қалды.
Дәл құлақ шекеден тиген соққыдан ол сорлы байлаулы тұрған 
аттардың астына бүк түстi.
— Сен, сұмырай, кәрi кiсiнi жөн-жосықсыз бұл қай тонауың? 
— деп тiстене кiжiнiп тұрып, ақша алайын деп тұрғанды да бiр 
пердi. Жаңа ғана зiркiлдеп, батырсынған ол неме де шалдың 
аяғын құша құлады. Өзiнiң таяқтан құры қалмайтынын сезген 
үшiншiсi қонышынан ұзын, екi жүздi пышағын суырып алды:
— Кел, кел! Кәлләңдi кесiп тастайын, — деп пышағын ары-
берi сермей, бiресе олай, бiресе бұлай секiре бастады. 
Ол секiре құтырынғанда Сүлеймен шекпенiн шешiп, оң 
қолына орады. Бiр кезде анау «а-а!» деп айқайлады да пышағын 
алға созып, Сүлейменге тұра жүгiрдi. Сүлеймен оң жаққа ыршып, 
шекпенiн оған қарата лақтырып жiбердi. Шекпен жазылып 
барып, ананың бетiне сарт тидi. Алға қарай ентелей жүгiрген ол, 


363


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет