377
Сүлеймен қарақшы
— Мынаны түпкi бөлмеге апарып қама. Байлауын шешпей-ақ
қой.
Сүлеймен жолда «тағы да темiр
торлы есiгi бар абақтыға
қамалам-ау» деп ойлаған. Мұндағы есiктер темiр торлы емес,
кәдiмгi ағаш есiктер. Әлгi мiлиса солардың бiрiне Сүлеймендi
кiргiздi. Iште екеу отыр. Бiреуi — қаракөк бурыл сақалы мен
қоңқақ мұрнына қарағанда таулық секiлдi. Екiншiсi —
кәдiмгi
сарт. Бұл кiрiп келгенде екеуi де өре түрегелдi. Сосын екеуi де
қолдарын кеуделерiне қойып амандасты.
Сүлеймiн абақты өмiрiне бiршама үйренген.
— Уағалайкумассалам. Бiрақ сендердiң қолдарыңды алатын
мұршам жоқ. Қолдарым байлаулы. Қамауға кiргiзгенде мiлисалар
байлауды шешушi едi. Бұл жолы шешпедi. Әлде мұндағылардың
әдетi осындай ма? Қане, бiреуiң қолымды шешiңдершi.
Қолын шешсек, мiлисалардан бiр бәлеге қалармыз дедi ме,
анау екеуi мiз бақпады.
— Немене, қорқып тұрсыңдар ма?
Қаһарлы дауыстан дiр еткен екеуi бастарын көтердi. Алайда
тұрмады.
—
Қолыңызды шешсек, мiлисалардың тоқпағына қалармыз,
— деп мiңгiрледi бiреуi.
— Иә, иә, аямай ұрып тастайды, —
дедi қасындағысы оны
қостап.
Олардың мұншалықты қорқақтығына налыған бұл:
— Шешiңдер деймiн! — дедi ызғарлана тiстенiп.
Оның мұнысы жаңағы қаһарлы дауыстан бетер әсер еттi-ау
әстi, екеуi де ұшып тұрды.
— Жақсы, әка. Шешейiк, шешейiк.
Қолы босағасын, Сүлеймен белбеуiн шешiп, шалбарын төмен
сырды.
— Сендердi бекерге қинағаным жоқ. Көрмейсiңдер ме, саныма
пышақ кiргенiн. Нәлетi қаскөй, пышақты тағы терең ұра алмапты.
Сонда да кесiлген жер ашытып барады. Немен таңсақ екен?
Қара саннан төмен қарай жылымсып аққан қанды көргенде
бурыл сақалды сөйледi:
— Етiгiңiздi шешiп, шалбарды сыпырып тастаңыз. Байлайтын
бiрнәрсе табармыз.
Қан Сүлейменнiң балағын бойлап, табанына дейiн жетiптi.
Пышақ кiрген жерi ырсиып тұр.