Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет179/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Бiзге қарап дауыс көтерме дедiм ғой саған. Жүр деген соң 
жүр! Әйтпесе қазiр аяқ-қолыңды байлап, сүйрелеп әкетемiз.
Менi емес, нәлетi, пышақ ұрғандардың аяқ-қолдарын 
байласайшы.
— Не деп тұрсың? Нәлетi дедiң бе? Ай, бiзге бұлай сөйлейтiн 
кiмсiң сен?! Анау бақырайған екi көзiңдi ойып алайын ба осы? — 
деп тұрған мiлиса мұның жағасынан ұстап, сiлкiледi. 
Өзi терiсiне сыймай, әзер тұрған Сүлеймен ананың бас-көз 
жоқ басынғанына жынданардай халге түстi. Мiлиса деп қараған 
жоқ. Қақ шекеден бiр қонжитты. Жаман қораздай қоқиланған 
сорлы жалп еттi. Оны көрген екiншiсi:
— Әй, мынау қайтедi?! — деп тап бердi. 
Тап бергенiн қайтейiн, көздi ашып-жұмғанша ол да аузы-
мұрнынан қан кетiп, топыраққа бөктi. Алдыңғы төбелестi 
у-шусыз тамашалаған жұрт, екi мiлиса сiлейiп түскенде гу еттi. 
Ұры-қарақшыны емес, мiлисалардың өздерiн сұлатып түсiрген 
Сүлейменнен одан бетер сескенгендей, бiр-бiрiне сыбыр-сыбыр 
етiсiп, бұдан ұзай түстi. Олардың ұзай түскенiнде себеп бар екен. 
Екiншi шеттен қолдарында қаруы бар алты мiлиса осы жаққа 
жүгiрiп келдi.
— Қап, құрыдың-ау, Сүлеймен. Қаша алсаң, қашсаңшы. 
Адамдардың ара-арасымен қашып ұстатпай кетерсiң, — дедi 
Төребек дауыстап.
— Қашпаймын. Менi қатын деймiсiң. Кiнәм болса, қашам да.
Мылтықтарын кезенiп, жүгiрiп келген мiлисалар Сүлеймендi 
қоршады. Қатырма жағасында үш жұлдызы бар бiреуi бастық 
болса керек, сұлап жатқан екi мiлисаға еңкейiп, күре тамырларын 
ұстады.
Тiрi екен, — дедi сосын Сүлейменге қадала. — Сен бе 
ұрған? Көрсетейiн саған мiлисаға қол көтергендi. Байлаңдар 
қолын!
— Жолдас бастық! — дедi Сүлеймен өзiн ақтауға тырысып. 
— Маған бiр қарақшылар жабылып, саныма пышақ ұрып, қашып 
кеттi. Мыналар өзiмдi кiнәлап, қол жұмсады. Қол жұмсағасын, 
қарап тұрмай, мен де салып жiбердiм.


375
Сүлеймен қарақшы
— Қандай жағдай болса да заң адамдарына қол жұмсауға 
болмайды. Жұмсаған екенсiң, ендi кiнәлiсiң. Кеңес үкiметi өз 
адамдарын кiм көрiнгенге таяқ жегiзiп қоймайды. Бiлесiң бе, 
сен осыны? Бiттiң, ендi атыласың. Байлаңдар қолын! Апарыңдар 
абақтыға! Қанша арыстан болса да, бiр күнде мысыққа 
айналдырып жiберейiк! — деп басқаларға өктемси бұйырды.
Екi мiлиса келiп, қолын байлады. Сүлеймен қарсыласпады. 
Себебi түрме бастығы: «Абай болып жүр. Мiлисаларға жанаспа. 
Бiр жағдай болып оларға түсiп қалсаң, мұнда жатып шыққаныңды 
және қалай босанып кеткенiңдi айтушы болма. Айтсаң, басым 
пәлеге тағы қалды дей бер», — деп едi. Сол есiне түсiп, бұл жолы 
үнсiз тұрды. Бастық жерде жатқандарды сүйеп тұрғызды. Оның 
бiрi басын сiлкiп-сiлкiп алды да «Ах, әнәңнiң...» деп Сүлейменге 
ұмтылды. Ұмтылып келiп, бiр-екi қойып қалды. Сүлеймен кейiн 
шегiндi. Бiрақ анау бетпақ қатындай қолдарын сермеп, ұруын 
қояр емес.
— Бастық, тоқтат мынауыңды! 
Бастық үндемедi. Ал анау үдей түсiп, ұруын қояр емес. Бiр 
соққысы Сүлейменнiң мұрнына қатты тидi. Мұндай соққы 
Сүлейменге шопақ құрлы болмағанымен тыз етiп, жанына батты. 
Бұған ашуы қайтадан қоза жөнелген Сүлеймен алға ентелеп 
барып, ананы басымен бiр ұрды. Ол кесiлген теректей тағы гүрс 
етiп құлады. Осы кезде екiншiсi жетiп келдi. Онысын бiр теуiп 
ұшырды.
— Жабылыңдар!
Сол-ақ екен, алты мiлиса алты жақтан жабылды. Оларға 
құлаған екеу тұра сап қосылды. Әттең, шетiнен ұрып құлатар 
едi, қолы байлауда болған соң қарсы амал қыла алмады. Сонда да 
болса теуiп, алғашқыда ешқайсысын жақындата қоймады. Оның 
үстiне жаралы аяғы да епке келе бермедi. Ақыры сегiз мiлиса 
жабылып жүрiп, зорға жықты. Содан тепкiнiң астына алсын кеп. 
Егер бастық «тоқтатыңдар» деп айқайламағанда, Құдай бiледi, 
ес-түссiз қалғанша тепкiлей берер ме едi, кiм бiлсiн.
— Өзi жаралы адамды неге сонша тепкiледiңiздер? — дедi 
Төребек олар тоқтаған кезде.
— Сенiң жұмысың қанша? Бұл оған әлi аз. Көресiнi ана 


376


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет