370
Сүлеймен қарақшы
— Мейлi, тұрғаның бек жақсы. Жүр, шеткерiрек барайық.
Айтатын бiр әңгiмем бар.
Екеуi шайхана артына шықты. Қаратай айналаға сақтана қарап
тұрып, әңгiмесiн бастады:
— Әнеукүнi сенi Қарынтайдың үйiне тастап шыққаннан кейiн
Төкең ауылға қайтты да, мен базарға қайта келгем. Ондағы ойым
— шайханада қалдырып кеткен ер-тұрманымды ала кету едi.
Оларды алып, шайханадан шыға бергенiмде Мұзапар кездестi.
Мұзапар деген тәшкендiк жөйiт. Жөйiт болғанда, Бекаба
бандысының сапында емес. Қайта одан көп қорлық көрген кiсi.
Шайханадағы болған жайтты ол да көрген екен. Көргенi былай
тұрсын, сенi ұрған адамды, тiптi оны кiм жұмсағанын бiлетiнiн
айтты. Бiрақ
алғашқыда олардың атын атап, түсiн түстеуден
қашқақтап, айтқысы келмедi. Мен ешкiмге айтпаймын деп уәде
берiп, олардың кiм екендiктерiн ақыры бiлiп алдым. Ұрғанның
аты — Жәлелдин екен. Ал оны жұмсаған Бекабаның сенiмдi
итi — қазақ Тұрлыбай. Мен Мұзапарға: “Тұрлыбайды танимын.
Анау Жәлелдин дегенiңдi сыртынан көрсетшi”, — дегенмiн.
Ол бүгiн түске таман осында келiп, оны көрсетуге уәде берген.
Сәлден соң Мұзапар келiп қалуы керек. Көрсетсе, Жәлелдиндi
қайтемiз? Не ойың бар?
— Менi ұрған анық сол болса, оны заматта о дүниелiк болды
дей бер. Дегенмен, әлгi Мұзапарың
жаңылысып басқа бiреудi
көрсетiп жүрмесiн. Бекерден-бекерге әлдекiмнiң обалына
қалып жүрмейiк. Сол үшiн де алдымен көрсеткен адамының
ақ-қарасына жетiп алайық.
Тұрлыбайға келсек, ол ит баяғыда
маған қысастық жасап, кейiн сазайын алған едi. Бiрақ қалай тiрi
қалғанын бiлмеймiн. Ендi менен өшiн алмақ та.
— “Мұзапардың көрсеткен адамының ақ-қарасына жетейiк”
дейсiң. Ондай мүмкiндiк бар ма бiзде? Ол сенi көргеннен тұра
қашар.
— Амалын табайық. Сен Тәшкендi жақсы бiлесiң. Адам
көзiнен таса, бiр қалтарыс-бұлтарыс жерлер бар шығар.
— Ондай жерлер көп. Оған оны апаратын амалды ойлау керек.
— Жаңа айттым ғой, амалы табылар. Мұзапар Жәлелдиндi
маған емес, саған көрсетсiн.
Сен әбден танып алып, оның