404
Сүлеймен қарақшы
— Ой, ол байпатшаның отыратын жерiн мен бiлмеймiн. Керек
десеңiз, өзiн көрген де емеспiн. Оған ең жақын серiктерi ғана
бара алады. Бiз секiлдi майда-пашақты байпатша не қылсын.
— Қанiшердi «байпатша» деп ұлықтайсыңдар ма?
Осыдан
қолыма түссiн... Сен жаңа «бүгiн кешiрек сiздi союға бiр жөйiттер
келуi керек едi» дедiң. Менi қалай соймақшы едiңдер?
— Сiздi бағанағы қыз секiлдi соя алмас едiк. Байлаулы
күйiңiзде ұн үстiне қансыратып тастар едiк те.
— Ендi шеттерiңнен өздерiң қансырайсыңдар. Сенiң
әңгiмеңдi тыңдаймын деп, шаһарға да келiп қаппыз. Ойпырай,
әкеңнiң аузын...дер. Үңгiрлерiңдi қаладан әжептеуiр алыс жерден
таңдағандарыңды қараңдар. Күн ендi кешкiрдi. Бiз екеумiз түн
болғанша, анау жаман тамның iшiне тығыла тұрамыз. Әйтпесе
менi көрген жөйiттер үйлерiнен қашып кетер. Ал түн болысымен
серiктерiңнiң үйлерiне бiр-бiрлеп ертiп барасың. Түсiндiң бе-ей,
қанқұмар жөйiт! — деп Сүлеймен оны нұқып қалды.
Бағаналы
берi иманы ұшып, бар шынын айтқан жөйiт:
— Ләппай, ләппай, — деп басын идi.
Шаһар шетiндегi жаман там iшiнде Сүлеймен қашан түн
болғанша, жөйiттiң етегiнен тас қып ұстады да отырды. Жөйiт
сорлыда ләм деуге шама қайда? Сүлеймен оны анда-санда ермек
үшiн мыжғылап-мыжғылап қойса да, ол қорыққанынан түн түсiп,
қашан орындарынан тұрғанша мыңқ етпедi.
— Ал, айт, кiмнен бастаймыз?
— Мен бiлсем ендi олардың барлығы сiздiң қашып кеткенiңiздi
естiп, дүрлiгiп жатқан болар. Қазiр үйдi-үйлерiнде отырмаған
шығар дегенiм ғой...
— Әй, менi қашып кеттi деп намысыма тиме. Мен ешуақытта
қашпаймын! — деп Сүлеймен оны тағы бiр ұрды.
Жерге жалп етiп құлаған жөйiт
тұруға қорыққандай тым-
тырыс жатты. Құдды бiр қыран тырнағына iлiккен түлкiдей
дыбыссыз.
— Тұр орныңнан! Мұндайда серiктерiңнiң қайда болуы
мүмкiн?