416
Сүлеймен қарақшы
Әй, қатын, құры көзiме көрiнбей! Ендiгәрi балаңды сататын
болсаң, шашыңмен дарға асамын.
Сүлейменнiң қаһарланған түрiнен ыққан долы қатын бұрыла
сап, шығып кеттi.
— Ойпырмай, Сүлеймен. Тәшкенде қанша жүрсем де
жөйiттермен жолым қиылыспапты. Сөйтсем,
олардың кiсi
таңқаларлық iстерi көп екен-ау. Әй, Өдiмәт! Сенiң жөйiттермен
құпия қатынасыңның бар екенiн бұрын бiлген болсам, басыңды
шауып тастар едiм. Өй, нәлетi…
— Ол хайуанға сөзiңдi қор қылып неғыласың? Осы күнге дейiн
шабылмаған басы қазiр шабылады. Бiр бұл емес, отырғандардың
барлығы да осы жерден тiрi шықпайды.
Өдiмәт шапшаң жылжып кеп, Сүлейменнiң аяғына жығылды:
— Ойбай, Сүке. Рахым ете көрiңiз, рахым ете көрiңiз.
Бекабаның адамдары қорқытып, “өзiңiздi қолға түсiрiп бер”
деген соң амал жоқ, айтқандарын iстеп едiм.
Парманқұл оның басынан бiр тептi. Өдiмәт тепкiнi елемей,
Сүлейменнiң аяғынан ажырар емес.
—
Бiреу қорқытты деп, әркiмнiң обалына қала бересiң бе?
— Қайтем, ендi. “Айтқанымызды iстемесең, бала-шағаңмен
қоса, құртып жiберемiз” деген соң, меңдуана мен көкнардың
қайнатпа суынан дайындалған палау мен шәйдi берiп едiм сiзге.
— Опасыздық жасадың ба, жасадың.
Ендi қанша ақталсаң
да, менi кешiредi деп ойлама. Сөзiңе сенiп мүсiркейдi деп және
үмiттенбе. “Бекабаның адамдары саған қастандық жасайын деп
жүр” десең болмай ма, сонда. Сенi олардан өзiм-ақ құтқарып
алар едiм.
— Сiздерде, қазақтарда, “Аяғыңа жығылса, бауырыңды
өлтiргендi де кеш” деген мақал бар емес пе?
Басын иiп,
табаныңызды жалап жатыр ғой. Ендi бiр жолға кешiре
салыңызшы, — дедi төрде отырған тақиялы бiреу.
— “Араша түсiп, арамыздағы дауды шеш” деген жоқ ешкiм
саған. Менiң ұстанған жолым бойынша, опасыз әр кезде өз iсi
үшiн жауап беруге тиiстi.
— Сонда немене, осы жерде басын кесiп алмақсыңдар ма?