424
Сүлеймен қарақшы
сол кәсiптерiн тастамай келедi. Ұрлық үшiн қанша рет сотталдың,
Кәрiмбек?…
— “Сол кәсiптi әлi тастамай келедi” деп артық айтып қойдың,
Парманқұл. Баяғыда байдың малдарына ұрлық жасаушы
едiк. Онда бiздiкi ұрлық емес, барымта болушы едi. Ал,
қазiр
ұрлайтын ондай малдар жоқ. Өкiмет кедей. Кәлхүз, әртiлдердiң
малдары өңкей арық-тұрық бiрдеңелер. Ұрлауға тұрмайды. Iрi-
iрi барымта болмаған соң айналдырғанымыз — базар. Базарда
хәртүрлi iстерге араласамыз. Ондайда ешкiмге билiк бергiмiз
келмейдi. Осы жолы екi қоқандықты сойып тастадық.
Сөйтiп
жетiншi рет осы — Табақсай түрмесiне келдiк.
— Келгендерiңе қанша күн болды?
— Ертең бiр жетiге толады.
— Ендiгi жетiде бәрiмiздi арғы түрмеге бiрге кiргiзедi екен
ғой.
— Осы, мен таңмын. Анада Сiбiрде де бiздi бiрден түрмеге
кiргiзбей, бiр айдай осындай камераға қамап қойып едi. Бұл
қандай тәртiп өзi? — дедi Сүлеймен.
— Сiбiрдi бiлмеймiн, мұндағы тәртiп осылай. Сотталушыларды
алдымен осы жерде бiраз ұстайды да одан соң барып, iш
жақтағыларға қосады. Ал, бұрын
сотталғандарды алдымен
осы өзiмiз отырған камераға қамайды. Бiрiншi түскендер басқа
камераларда. Мiлисалардың мұнысы — сотталған адам осында
бiршама уақыт жатып, түрме өмiрiне үйренсiн дегенi-ау.
— Ал мынау Адамбай не үшiн жатыр мұнда? Бұл да барымташы
ма?
Адамбай “менi таныстыр” дегендей, Парманқұлға қарады.
— Е, бұл сабаз да оңай адам емес. Төрт кiсiнi сойған. Ал, бұл
жолы не үшiн түскенiн әлi сұрап үлгермедiк.
— Қойлықта бiреумен ерегiсiп қалып, қамшымен басына екi
рет ұрып едiм, осал екен дәйiс. Өлiп қалды. Сол себеппен осында
бесiншi рет келiп отырмын.
Адамбайдан кейiн отырған қазақтардың
бәрi өздерiнiң не
үшiн сотталғандарын айтып өттi. Тек әңгiмеге араласпай, төрде
шалқайып жатқан екеу ләм демедi. Сүлеймен оларға қарап едi,