Детективті хикаят Алматы, 2021


Иә, қадiрлi оқырман! Тәшкен мен оның төңiрегiнде өткен



Pdf көрінісі
бет200/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Иә, қадiрлi оқырман! Тәшкен мен оның төңiрегiнде өткен 
ғасырдың отызыншы жылдары “жөйiт” деп аталған адам 
жейтiн қауым болды дегенге кейбiреулер сенбейтiн де шығар. 
Бiрақ бұл — ақиқат нәрсе. Қоқан хандығы кезiнен бар 
жөйiттердi, кеңес өкiметi тек отызыншы жылдардың аяғына 
таман ғана ауыздықтай алған. Десек те, олардың бiраз 
қауымы алпысыншы, жетпiсiншi жылдарға дейiн жасырын 
жұмыс iстеген…


421
Сүлеймен қарақшы
ТӨРТIНШI БӨЛIМ
I
Он екiншi күнi сот болды. Бес-ақ адам қатысқан сот Сүлеймен 
мен Парманқұлды он жылға кестi. “Жазаларын Табақсай 
түрмесiнде өтесiн” деген шешiм шығарды сот.
— Ойпырмай, Парманқұл. Бiздiң iсiмiздiң ақ-қарасын да 
тексермей жатып, он жылға кесе салғандары несi? Тергеушiге 
“жөйiттердiң апандарын көрсетейiн” деп қанша айтсам да, құлақ 
аспады. Әдiл деген өкiметтерiнiң сиқы осы ма?
— Көп нәрсенi түсiнбейсiң, Сүлеймен. Олар жөйiттердiң 
апандарын сен айтпасаң да бiледi. Тергеушiнiң де, соттың да 
шикiлiгiн көрмейсiң бе? “Бай-құлақтар мен ұры-қарыны аяусыз 
қырамыз” деп кәрiне мiнген өкiмет, адам өлтiргенге ату жазасын, 
болмаса жиырма бес жыл беруi керек. Ал бiзге он жыл бердi. 
Жалпы, сот үкiмi бiзге Өдiмәттiң өлiмiн ғана таңды. Басқа 
жөйiттер жайында жұмған аузын ашпады. Демек, соттың iсi 
шикiлiкке толы. Бiз қайта оның он жыл бергенiне қуанайық. Ату 
жазасын бергенде қайтер едiк? Ешкiмге хабар берiп үлгертпей, 
ертең-ақ атып тастар едi. Ал түрмеге барған соң Мамажанға 
хабар беремiз. Арғы жағын ол өзi ептейдi.
— Екеумiздiң жағдайымыз оның құлағына тимей қалды-ау 
деймiн. Әйтпесе, осы жерден құтқарып әкетер ме едi…
— Ендi есiткен күнде де ештеңе iстей алмайды. Тек бiз түрмеде 
бiраз жатқаннан кейiн ғана әрекет жасайды.
— Табақсай деген қай жер?
— Тәшкенен онша алыс емес. Ондағы түрме — менiң 
үйреншiктi жерiм. Сол түрмеде маған қастасып жүрген бiраз 
адамдар жатыр. Барған соң солармен кейбiр дауларды шешуге 
тура келедi. Өткен жолы мен ерте шығып кетiп, ерегiсуiмiз 
аяқталмай қалған.
— Түрмеде жатқандардың арасындағы дау — мiлисалармен 
арадағы дау емес қой. Оны шешуге болады Сiбiрде небiр 
пәлелердi бастан өткергенбiз.
— Иә, ендi қасымда өзiң барсың. Маған қыр көрсетiп 
жүргендерге оңайлықпен берiле қоймаспыз.


422
Сүлеймен қарақшы
— Олар кiмдер едi?
— Ол жердегi баскесерлер — таулықтар. Таласымыз — 
“түрменi кiм билейдi?” деген даудан басталған. 
— Бiр басшысы бар шығар өздерiнiң.
— Бар. Ахмад деген билеушi бар онда.
— Денесi үлкен бе?
— Бойы онша ұзын емес. Бiрақ жуан. Түрi зәрдей. Қолына 
ұстаған адамын мытып, бiр жерiн сындырып жiбередi. Өткенде 
екеумiз жекпе-жектi белгiлеп қойған едiк. Сол күнге жетпей, мен 
кетiп қалғанмын. Ендi барсам, ол сол ерегiстi қайта қозғайды.
— Осы жолы жекпе-жекке шықсаң, бетiн қайтарып таста.
— Бара көрермiз.
Ертесiне мiлисалар екеуiнiң қолдарын байлап, камерадан 
шығарып, қос өгiз жегiлген биiк шарабалы арбаға салды. 
Қолдарын байлағандары аздай, ұзын арқандармен бүкiл 
денелерiн арбаға тағы шандып матады. Аяң жүрiстi өгiз арбаға 
мылтықты төрт мiлиса iлесiп, түстiк жақты бетке алды. Содан 
дiттеген жерлерiне кешке бiр-ақ жеттi. Жолда Сүлеймен Табақсай 
түрмесiн “Сiбiр абақтысы секiлдi биiк қорғаны бар, жан-жағы 
тiкенектi сымтемiрмен қоршалған шығар” деп ойлаған. Бiрақ 
мұндағы түрменiң сыртқы көрiнiсi Сiбiрдегiден бөлектеу екен. 
Бөлектеу болғанда, түрменiң сыртқы қорғаны түгелiмен таспен 
соғылған. Қорғанда үлкен бiр-ақ дарбаза бар. Соған қарап:
— Бұл түрме шағын ғана екен-ау, — дедi Парманқұлға.
— Саған бұл бiр жағынан қарағанда ғана кiшкентай көрiнiп 
тұр ғой. Әйтпесе, iшi ат шаптырымдай, ой, ат шаптырымдай 
деппiн-ау, құла дүз. Бұнда мыңнан аса адам жатыр.
— Сiбiрде ғой, ағаш кесетiн едiк. Ал мұнда түрмедегiлерге не 
iстетедi?
— Шәниiп жатқызып қоймайды. Бiрақ бiлектiлер жақсы өмiр 
сүредi…
— Ай, тоқтатыңдар сөздi! Iштерiң жарылып өлiп бара жатсаңдар, 
қазiр түрмеге жайғасқан соң айтарсыңдар айтатындарыңды, — 
деп мiлисаның бiрi бұлардың сөздерiн бөлдi.
Онымен айтысуға арланған қос қаһарман сөздерiн тыйды. 
Өгiз арба түрме қақпасына жеткенде, бесатар карабин асынған 


423


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет