410
Сүлеймен қарақшы
жанкештi екен. Пышағымен қарсыласының мойын күре тамырын
осып үлгердi. Қан көрсе, арқалары қозып кететiн жөйiттер емес
пе, жоқ, әлде, қайсысы болса да аман қалуды ойлады ма, әйтеуiр
содан кейiн адам жегiштер бiр-бiрiн пышақтауды бастап кеп
бердi. Бiрi ақырып, бiрi — өкiрiп, оншақты адам қан майданға
түстi де кеттi. Жөйiттердiң бiр-бiрiмен пышақтасып қырылыса
кеткендерiне риза болған Сүлеймен:
— Осылай, осылай, ұрыңдар бiр-бiрiңдi! Өй, сен, қопалдау
екенсiң ғой. Пышағыңды қаттырақ серме! Әйтпесе өлiп қаласың,
— деп шаттана айқайлады.
Шаттанғаны сондай, бағаналы
берi iшiне толған ыза-кек
лезде тарап, құдды бiр ауыл балаларын төбелестiрiп, рахат
алатын ересек бозбаладай, риясыз күлкiге батты. Бұл күлкiге
батып
тұрғанда, өз серiктерiмен жекпе-жек пышақтасқан бес
жөйiт шаһит болды. Қалған бесеуi де сау емес. Әр жерлерiнен
қан тамып, “ендi не iстеймiз?” дегендей, қан-қан пышақтарын
жалаңдатып, Сүлейменге қарап тұр. Сүлеймен күлкiсiн сап тиды.
— Жарайсыңдар! Бұл жолы бесеуiң ер шықтыңдар. Шартым
бойынша, осы жерден бiреуiң-ақ менiмен бiрге аман шығуларың
керек. Айтпақшы, жаңа сұрап едiм, жауап бермедiңдер. Рахман
қайсың? Ол әлi тiрi ме?
— Мынау, — дедi шеттегi жөйiт жанындағы ұзын бойлыны
көрсетiп.
— Өлтiр!
Анау бiр сәт кiдiрмедi. Ұзын бойлының бүйрек тұсына пышақ
сұқты да, ар жағында тұрғанға ұмтылды.
Лезде оны да сойып
тастады. Үшiншiсiне жақындай бергенде, ол мұны бiр теуiп
сiлейтiп түсiрдi. Құлаған жөйiт қазiрше өзiне еш қауiп қылмайды
деп ойлады ма, үшiншi тұрған өз жанындағысына бассалды.
Екеуi алыса кеттi.
Бiрiн-бiрi ала алмай, тiресе алысып бiраз
тұрды. Осы кезде әлгi сiлейiп түскен жөйiт тұра келдi. Бiр-бiрiнiң
қолдарынан ұстап, тiресе алысқан аналарға жетiп барып, екеуiн
де пышақтап тастады. Өзара жұлысып, әлек болған екi сорлы
жерге өкiре құлады. Ал анау олардың үндерi өшкенше пышақтай
бердi. Тек олар жансыз қалғанда Сүлейменге қарады:
— Ендi менi тiрi қалдыратын шығарсыз?!