14
Сүлеймен қарақшы
жолда айдауға көнбеуге амалдары қалмай келе жатқан жылқылар
осындай жазықтарда бiздi бiраз әуре-сарсаңға түсiрiп, әлекке
салуы мүмкiн. Неге десең, айдалған жылқылардың iшiнде
кейде ақылды үйiрбасы айғырлар болады. Сондай айғырлар
шабуға оңтайлы жазыққа тұяқ iлiктiрсе болды, айдаушылардың
дегенiне көнбей, үйiрiн соңынан ертiп, керi қашуға әрекет етiп
бағады. Сен жылқылардың
соңынан айдап келе жатсаң, ол
үйiрдiң алдына кесе-көлденең тұрып, үйiрлестерiн өз жұртына
қарай қуалап әкетуге жанталасады. Ондай айғырдың айдауына
көнiп, дегенiне жүрiп үйренген үйiрлi жылқыны дiттеген жерiңе
жеткiзу қиынның қиыны. Мұндайда амал жоқ, әлгiндей айғырды
атып тастауға тура келедi. Етi жол азығымыз болады. Тағы бiр
қиыны — айдаудағы үйiрдiң iшiндегi әлдеқандай биенiң құлыны
өз жұртында қалып кететiндiгi. Бұл биелер сенiң қамшың мен
құрығыңнан да сескенбей,
артқа қарай қашқанда, жаңағыдай
үйiрбасы айғырларыңның қырсықтығы жолда қалады. Мұндай
биелердi де жолда бiз азық етемiз.
— Күндiз қайда тығыласыздар?
— Күндiз жасырынатын сай, жыра көп. Оның қайсiбiрiн
айтайын. Екi-үш күннен
соң өзiң көресiң бәрiн, жиен. Ал мен
қазiр даладағы малдарды жайғап келейiн. Содан кейiн сенен бiр
сұранатыным, кешкi, ертеңгi дастархан басында, әйел мен бала-
шағаның көзiнше ұрлық жайында сұраушы болма. Менiмен бiрге
баратыныңды да ешкiмге бiлдiрме. Уағдаластық қой,
— Мақұл, нағашы. Ешкiмге сыр шашпауға уәде етейiн.
Көбектiң үйiнде екi күн қонды. Үшiншi күнi түс қайта
Көбектiң үйiне жарау ат мiнген отыздар шамасындағы бiр жiгiт
келдi. Мезгiл әлi салқыны бiлiне қоймаған қоңыр күз болса да
әлгi жiгiт бұтына терi шалбар, үстiне мақталы күпi, басына тымақ
киiп алыпты. Мына түрi оның ұзақ жолға шығуға дайындалып
келгенiн байқатып тұр. Үйге кiрген соң ол Көбекке қарап:
— Қоржыныңды әкелшi. Мына қалың киiмдерiмдi қазiрше
салып қояйын. Өз қоржынымның түбi сөгiлiп, қор болып қалдым.
Бұларды тау iшiне
кiрген соң бiр-ақ киермiн, — деп сыртқы
киiмдерiн шеше бастады.
— Айтпақшы, Әрiпбай. Мына отырған бала менiң жиенiм.
Аты — Сүлеймен. Өзiнде күш десең — күш, жүрек десең —