Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет9/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Әр кездегiдей дайынбыз. Үш мылтық артық оқ-дәрiсiмен, 
төрт құрық, бес сойыл, пiсiрiлген жарты қойдың етi бар.
— Бәрекелде, Тастан. Онда бiраз отыра тұрайық. Әбден 
қараңғылық түссiн.
Бәрi тас түбiне отырысты. Көбек Сүлеймендi аналармен 
таныстырып шықты. Iшiндегi Кендiр деген бiреуi болмаса, 
қалған екеуi отызды алқымдап қалған жiгiттер. Киiм киiстерi де, 
сөз саптаулары мен түр-тұрқылары да нағыз ұрыларға ұқсайды. 
Әсiресе, мынау реңi қара болса да көздерi тұздай көкпеңбек, 
рәпетсiздеу келген Кендiр дегенiн бiр көргенде-ақ қарақшы 
екенiн бiлуге боларлықтай. Бұған қоса, сөзi де, өзi де жылдам, 
әбжiл қимылды адамға ұқсайды. Сүт пiсiрiмдей әңгiмелесiп 
отырған уақыт iшiнде орнынан мың тұрып, мың отырды.
— Бүгiн айдың жиырма сегiзi ме? Екi күннен кейiн өлiара 
болады екен. Сол күнi ауа бұзылып, жаңбыр жауып кетпесе игi. 
Мейлi, Құдай сабыр берсiн. Ендi аттанайық. Таң ата “Әулиетасқа” 
жетiп, бiр-ақ аялдармыз. Сүлеймен, сен анау дәу торыға мiн. 
Тастан, бұған ең ұзын құрықты бер, — дедi Көбек.
Тастан дәу торыдағы қоржынды басқа атқа ауыстырып, оның 
шылбырын Сүлейменге ұстатты. Сүлеймен аттың ер-тоқымын 
түзеп, қос тартпасын бекем етiп тартып: “А, Құдай, жолымды 
оңғара көр”, — деп атқа қонды... Бiрақ дәл осы сәтте Сүлеймен 
Құдайды аузына алғанымен Құдай қош көрмейтiн, адамшылыққа 
жат iске аттанып бара жатқанын, Құдайдың ұрыға емес, малынан 
айрылып, аңырап қалған тоналушыға жақ болатынын ойламады. 
Сүлеймен айласын асырып құтылған ұрының “Құдайды 
ауызға алған соң құтылдым”, — деп келте ойлайтынын, сол 
Құдай ұрлық жасағанның бiр құбыласын кем етiп, тонаумен 
тапқанының берекесiн келтiрмей, отбасының шырқын кiргiзбей, 
өмiрiнiң қызығын ұрлап, суын суытып қоятынын бiлген жоқ. 
Онда өзi күнде аузынан тастамай жүретiн Құдайдың өзiне берген 
теңдессiз күшiн жағымсыз iске жұмсай бастағанын сезбеген. 
Жастықтың желiгiмен Көбектiң сөзiне ерiп, алғаш рет ұрлыққа 
шыққан сапарын жауға аттанған батырдың ерлiгiне балаған. Ал 
оның жан-жағына салауатты санамен зерделей қарап, өткенiне 


20
Сүлеймен қарақшы
пұшайман болған кездерiне дейiн әлi талай уақыт, талай жылдар 
бар едi…
Айналаны қараңғылық әбден басқан кезде жарау аттарға 
мiнген алты ұры, төрт жетектi қосақтап, Аққорған шатқалынан 
шығып, Шыршыққа баратын төте жолға түстi. Бұл жол төте 
болғанымен, бiрде ылдилы, бiрде өрлi, атты да, адамды да 
титықтатып тастайтын азапты жол едi. Серiктерiнiң өздерi де, 
аттары да мұндай жүрiске әбден машықтанғандықтан сыр бермей 
келедi. Ал Сүлейменнiң үш-төрт сағаттан соң, тақымы талып, 
белi сiресе бастады. Мұнысын жанындағыларға бiлдiрмейiн деп, 
бiресе аяқтарын үзеңгiден салбырата шығарып, бiресе ер үстiнде 
бүгiлiп, бiресе шалқайып келе жатты. Айнала тастай қараңғы 
болғандықтан оған қандай жолмен жүрiп келе жатқандықтарын 
да аңғару қиын. Қасындағы серiктерi тура күндiз жүрiп келе 
жатқандай. Осыншалықты қараңғылықта не бiр ойға, не бiр 
жарға тап болмайды.
Кейде қиялап, кейде ылдилап, бiрде шолпылдата су кешiп, 
ендi бiрде тасты жерлермен сапарлаған бұлар, осылайша ұзақ 
жүрдi. Осындай ұзақ жүрiстен мезi болған Сүлеймендi бiр кезде 
ұйқы қысып, қалғи бастады. Бiрақ қанша ұйықтамайын десе де, 
ауық-ауық көзi iлiнiп кетiп, бiрнеше мәрте ат үстiнен түсiп те 
қала жаздады. Аса бiр керектi кезде болмаса, мұндайда бiр-бiрiне 
тiл қатпайтын ұрылар мұның әлгiндей түрiн көргенде: “Әй, бала, 
абайла, аттан ауып қалып жүрме”, — деп жай дауыспен ескертiп 
қояды. Қанша жүргендерi белгiсiз, бiр уақытта Көбектiң:
— “Әулиетасқа” жеттiк, жiгiттер. Ендi мұны айналып өтiп, 
өзiмiздiң үңгiрге жетiп алып бiр-ақ аялдайық, — деген сөзiн 
естiгенде Сүлеймен өзiн тура бiр межелi — жылқы айдап кететiн 
жерлерiне жеткендей сезiнiп, бiр сiлкiнiп, ат үстiнде отырысын 
нықтады. Манадан берi ұйқы қысқан көздерiн уқалап-уқалап 
жiберiп, басын бiр сiлкiп, жан-жағына қараса, таң бозамықтанып 
атып келедi екен. Жүрiп келе жатқан жерлерi бiр сайдың қуысы. 
Сай жағасының бетi қалың бадамша мен арша. “Бұл қай жер 
болды екен?” деп ойлағанша болған жоқ, алдындағы топ атты 
аузы үңiрейiп, қарая көрiнген апанға тақалды. Әлгi апанның 
аузына адам түгiлi, атты кiсi сиып кетерлiктей екен.


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет