8
Сүлеймен қарақшы
әперiп, оған қалың мал төлейтiн әкең, қарайласатын туысың тағы
жоқ. Өз тiрлiгiңдi өзiң қылмасаң, жеке болсаң да күн көруiң қиын-
ақ. Көнсең, маған iлес. Бiр-екi жылда алдыңда малың, басыңда
баспанаң болады. Қатынды содан кейiн-ақ аларсың.
— Сiзге iлессем,
бiлемiн ғой, ұрлыққа ертпексiз де. Содан
байысам, қанеки. Ордабек болыс: “Келiп, менiң жылқыларыма
қарауыл болсын. Жыл сайынғы ақысын жемеспiн”, — деп қайта-
қайта кiсi шаптырып жатыр. Бiрақ оның да жарылқай қоятынына
күмәнiм бар. Нарымбет бай болса: “Қай атыңды қаласаң да
мiнгiзейiн. Көкпар тартып үйренсейшi. Анау сиқымдағы Құлажан,
Нұржаннан күшiң кем емес қой. Көкпарды бiр үйренсең, олардан
мықты шабандоз боласың. Көкпар-ақ асырайды сенi”, — деп ол
жүр. Алайда сол көкпар дегенге түк қызықпай-ақ қойдым. Өз
нағашым жақтан қапал Жүндiбай би: “Маған
атқосшы болсаң
қайтедi. Ешкiмнен ауқат сұрамай, қарның тойынып жүредi” —
дегендi айтады. Бойы белiмнен келетiн, мойны мен мықыны
тұтасып қалған шалға атқосшы болуға арланып-ақ жүрмiн. Жазда
қасында шегiр Естеместiң Мәуленi бар Ордабектiң Тәшкенде
әскер оқуында жүрген Ноғай деген баласы келiп: “Әзiрше
ауылда жүре тұр. Оқуымды бiтiрiп, бiр жерге бастық болсам, сенi
қарауыма алармын”, — деп ол кеттi. Тектiден туған сабаз ғой ол,
сөзiнде тұрар. Алайда ол оқу бiтiргенше қай заман. Оның үстiне
оған еру үшiн орысша бiлу керек екен. Ал менiң ондай сауатым да
жоқ. “Әлiп” пен “ләмнiң” басын зорға қосып оқимын. Тiрегiм —
Төле, түбiм — Қожамжар, атам — Дауылбай бай болса да, әкем
Мәменнен мұралыққа бiр тышқақ лақ та қалмағанына ренжимiн
кейде. Есiк алдына қарайған бес-алты малдың басын құрап алсам
ғой, өз арбамды өзiм-ақ сүйретiп кетер едiм.
— Қапалығыңды түсiнем, жиен. Өзiмде болса, байлығымның
жартысын бөлiп берер едiм саған. Жоқ қой, сол дүние құрғыр.
“Ұры байымайды” дегендi өзiң бiлесiң. Аш бөрiдей үш-төрт
түн далада жортып жүрiп тапқан-таянғанымыз
бiр-екi жетiге
әрең жетедi. Ашығын айтайын, маған iлессең, байымасың анық.
Бiрақ ешкiмге қол жаймай, нәпақа табуыңа болады. Ойланып
көр. Алда-жалда “соңымнан iлес” деп зорламаймын. Ерiк
өзiңде. Ордабекке барсаң, сүйектерiң бiр, аштан қалдырмас.