10
Сүлеймен қарақшы
отырмысың. Жоқ, әлi де болса көңiлiңде дүдәмал пиғыл бар ма?
— деп сұрақты төтесiнен қойды.
—
Сiзге iлесудi жөн деп таптым, нағашы. Ордабек жа-
рылқайтын болса, басқа туыстарының басына неге ақбоз үй тiгiп
қоймайды. Жүндiбай туралы да солай айтуға болады. Өз ырзық-
несiбесiн бiреуге бөлiп беретiн кiм бар дейсiз? Сол үшiн де оларға
кiнә артып, өкпе айту жөнсiз. Несiбемдi ешкiмге жалтақтамай,
сiзбен бiрге жүрiп тапқаным дұрыс шығар. Әркiмнiң аузына
қарап, айтағы мен бұйрығына көнгенше, қолдан келетiн iске
көңiл аударған абзал-ау.
— Бек жөн айтасың, жиенжан. Естi жiгiт әмәнда өз дегенiмен
жүргенi қош. Ордабектiң анау Қазығұрт пен Алатаудың етегiне
толған малы, алты алашқа жайылған аты болса да, қам сүт емген
пенде ғой, оның да қорқары, үркерi бар. Шұбырған малының бас-
басына бiр-бiр жiгiт қойып, қарауылдаса да, ол Өгемдегi қаңлы
Кетiктен,
Сырдағы қоңырат Тайлыбайдан, Шаяндағы сiргелi
Бұзауханнан, Құркелестегi қыпшақ Айтудан қорқады. Тiптi
мынау iргесiнде отырған Досалыға да сенбейдi. Зады Ордабек
басқа болыстарға қарағанда,
қолы ашық, көпшiл, жомарт жан.
Бiрақ қанша жомарт болса да, кiм жиған малынан айрылғысы
келедi дейсiң. Ал қарақшы мен ұрыға жомартың кiм, сараңың
кiм, бәрiбiр. Ебiн тапса, жымқырып кетуге дайын тұрады.
Олардың осындай мiнездерiн бiлетiн
Ордабек жылқыларының
басынан түнде қарауыл, күндiз жылқышы кетiрмей, әр уақытта
сақ отырады. Әрi ол жылқышылыққа өңкей мықты, балуан
жiгiттердi алатындығын бiлесiң бе? Сенi де сондай оймен
шақырып отыр да. Әгәрки жылқы басында алда-жалда жалғыз
қалып, барымташылармен кез келiп қалсаң,
Құдай бетiн аулақ
қылсын, ұрып, жарымжан етiп тастауы былай тұрсын, өлтiрiп
кетуден де тайынбайды. Баяғыда шегiр Ақпан батыр Ордабектiң
атасы Шойбек датқаның жылқылары үшiн қырғыздар қолынан
өлген жоқ па едi… Бетi аулақ. Ордабектiң ұсынысын қабыл
алмағаның жөн болған, жиенжан.
— “Ордабектiң жылқыларына
қарауыл болмағаның дұрыс
болған” деп менi сақтандырып жатырсыз, нағашы. Ал сiздер,
өздерiңiз ше? Түнде бiреудiң жылқысын ұрлауға барғанда мал