Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет230/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Ей, Пұштай! Сен де басмашы болып кеткенсiң бе? Ақ 
орамал көтерiп, не көрiндi саған? Кiмнiң жаушысысың?
Пұштай Бейiсқожаның даусын таныған сияқты:
— Ей, Бейiсқожа! Мен ешқандай жауың емеспiн. Мен ауылда 
ешқандай қан төгiлмесе екен деймiн. Атысты тоқтатып, мәмлеге 
келiңдер.
— Мына сүмелек қашаннан берi ақжүрек болып қалған? 
Былай тұршы, Бейiсқожа. Бiр атып, көрге тыға салайын, — деп 
Мұрсат алға ұмтылды.
Бейiсқожа алдын кес-кестедi.
Тұра тұр, тұра тұр. Не айтар екен, соны тыңдайықшы...
— Оны тыңдап керегi не? Сатқын сатқындық сөзден басқа не 
айтады дейсiң. Озғарды қазақтарға басындырып жүрген сол емес 
пе? Ендi келiп, кiмдi қорғағысы келедi. Озғарды қорғап тұр да. 
Былай тұршы, Бейiсқожа. Қақпашы қолымды.
— Оның сазайын беретiн мезгiл келер. Бейiсқожа дұрыс 
айтады. Пұштай не дейдi екен, тыңдайық — дедi Сүлеймен.
— Ей, Пұштай айта бер. Құлағымыз сенде.
— Көрiнсейшi көзiме, Бейiсқожа!
— Неге мен сенiң алдыңда қасқиып тұруым керек? Арт 
жағындағы Озғарыңа менi оңай нысаны болсын дейсiң бе?
— Озғар үйде отыр. Мен — жалғызбын. Сендерге Оз-ғардың 
сөзiн жеткiзгелi тұрмын.
— Айт. Ол не дейдi?
— Бағана Құрбан айтты: “Сендердiң араларыңда аю секiлдi 
дәу бiреу бар” деп. Озғар “сол дәумен жекпе-жекке шығамын” 
дейдi. Дәуiң кiм қасыңдағы? Айт оған, Озғармен жекпе-жекке 
шығар ма екен?
— Ол басмашың неғып жекпе-жекке шыққыш бола қалды?
— Бiлмеймiн. Мен тек оның сөзiн жеткiзушi ғанамын.
Бұны есiткен Сүлеймен елең еттi:
— Не дейдi? Озғар менiмен жекпе-жекке шығуға сұранды дей 
ме? Қане, шақырсын онысын.
— Қоя тұр, Сүлеймен. Мен бiлсем, бұлар бiр қулықты ойлап 
тұр. Бiрақ кiм бiлген, Озғардың денесi де сенен кем емес. Соған 
қарағанда, айтуы да мүмкiн. Дегенмен...


489
Сүлеймен қарақшы
— Ей, Бейiсқожа. Келiсiп болдыңдар ма? Болсаңдар, шығыңдар 
берi!
— Ой, мынау бiзге бұйрық бередi ғой. Қап... әй, жiберiңдершi 
менi. Тiлiне топырақ сеуiп тастайын.
Алға тағы ұмтылған Мұрсатты бұл жолы Сүлеймен ұстады. 
Сүлеймен мұндай сәттерде көп ойланбайтын. Яғни, айналадағы 
оқиға қалай өрбитiнiне көз жiбере бермейтiн. Өзiмен бiреу күш 
сынасам десе болды, ай-шай жоқ, сонымен алыса кетуге бейiм 
тұратын. Осы жерде де сол мiнезiне салды.
— Шақыр Озғарды, Бейiсқожа! Көптен берi ешкiммен жекпе-
жекке шыққан жоқ едiм. Қолдарым жұмсарып қалған жоқ па 
екен, сынап көрейiн.
— Жә, тоқташы, сен де, — деп кейiдi Бейiсқожа оған. — 
Алдымен аналардың қулығы бар ма, жоқ па, соны бiлейiк. 
Мүмкiн Озғар бiздi алдап тасадан шығарып алып, пүлiмөтiмен 
қырып салатын шығар. Не болса соған сене беретiнiңе таңмын, 
осы.
— Онда Озғардың өзi бiзге көрiнсiн.
— Ол көрiнер-ау. Бiрақ оның артында бiреу тұрмағанына кiм 
кепiл. Пүлiмөттi одан басқа ата алатын басмашы жоқ дейсiң бе?
— Бейiсқожа, мен жауап күтiп тұрмын, — деп айқайлады 
Пұштай тағы.
— Жауапты естiгiң келсе, алдымен мынаны айт. Үйде Озғардан 
басқа кiм бар?
— Ерсiн мен Ордаш бастықтардан басқа ешкiм жоқ. Озғардың 
бар адамдарын өздерiң атып тастадыңдар ғой.
— Озғар шынымен бiздiң дәумен төбелескiсi келсе, анау екеуiн 
ертiп, берi шықсын. Қаруын тастап келсiн. Бiз оны қарауылға 
алып тұрамыз. Ешқандай айлакерлiк ойламай-ақ қойсын.
— Жоқ, пүлiмөтiн алып шықсын да, бiздiң көзiмiзше шетке 
лақтырсын де, — дедi Мұрсат.
Бейiсқожа өз серiктерiнiң шартын Пұштайға жеткiздi. Шартты 
жеткiзгелi ол Озғарға кеттi. Көп ұзамай, үйден үш адам шықты. 
Үшеуi де колхоз бастықтары. Орталарында Озғар жоқ. Үш бастық 
қолдарын көтерiп алыпты. Қазақ қарақшылары мына көрiнiске 
таң қалып, бiр-бiрiне не айтарларын бiлмей тұр. Артынша, 
үй бұрышынан дәу көк атқа мiнген Озғар көрiндi. Қолында — 
тапанша. Анау үшеуiн айдап келедi.


490


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет