529
Сүлеймен қарақшы
— Құп.
Аздан соң қос ат жегiлген арбаны Қосыл Сүлейменнiң алдына
тартты.
— Божыға отыр, — Сүлеймен дедi қапты арбаға салып жатып.
Бұл кезде күн кешкiрiп қалған-ды. Екеуi шаһарға жеткенде тас
қараңғы болды.
— Арбаны Салардың бас жағындағы махаллаға бұр, — дедi
Сүлеймен Тағайдың үйiне бармақ ниетпен.
Қосыл арбаны Ойран мазарының шетiндегi тар көшеге бұрды.
Сүлеймен Тәшкен көшелерiн жақсы бiле бермейтiн. Жан-жағын
жапсарлас
тоқал тамдар қоршаған, әрi бiр-бiрiне ұқсас,
жылан
жолындай ирелеңдеген Тәшкен көшелерiн ол түнде түгiлi, күндiз
де ажырата алмайтын.
— Әй, сен, қайда бұрылдың? Әстi имам мешiтi жанынан
бұрылмайтын ба едiк, ол жаққа?
— Осы көшемен Салар махалласының төтесiнен түсемiз. Әстi
имам арқылы жүрсек, алыстап кетемiз.
— Ә, онда өзiң бiл.
Қосыл арбаны бұл көшеге бекер бұрмапты. Бiраз жер жүрген
соң:
—
Осы жерге тоқтап, дәрет сындырып алайыншы, — дедi ол.
— Мына бiр дуал түбiне тұра салсайшы.
Арба бiр тамның дуалына тақала тоқтады. Көшенiң тарлығы
сондай, арба бiр жақтағы дуалға ғана емес, екiншi беттегi дуалға
да тақалып тұр. Қосыл секiрiп жерге түстi. Аттардың қатарына
тiзерлеп отыра қап, әжетiн өтеп болған соң орнына қайта келдi.
Сүлеймен жайбарақат отырған.
— Болсаң, жүр ендi.
Қосыл еңкейiп, етiгiн сипалады. Сүлеймен оған мән бермедi.
Арба шетiнде жатқан қапқа жантайды.
Осы кезде Қосыл ерен
қимыл көрсетiп, бұған атылды. Бұл оны қағып үлгердi. Арбаның
екiншi шетiне құлаған Қосыл тұра сап, ақыра тағы ұмтылды.
Сүлеймен аяғымен бiр тептi. Тепкi Қосылдың iшiне тиiп, кейiн
серпiлдi.
Дегенмен анау әрi жылдам, әрi жанкештi екен. Кейiн
қарай
құлап бара жатып, қолын сермеп үлгердi. Сүлейменнiң
балтыр үстi дыз еттi. Аяғына пышақ тигенiн сол сәт аңғарған