523
Сүлеймен қарақшы
бiр қалтарысында бiреу-мiреу өзiне мылтық кезенiп, қарауылдап
тұрған да шығар. Қанша батыр болсаң да, ашық нысанада
тұрып, оқтан қашып құтыла алмайсың. Сондықтан не болса
да Бекабаға жету керек. Апарсын, мыналар оған.
Арғы жағын
көремiз. Дегенмен ит жөйiттiң алдап соққанын қарашы. Әй,
мейлi, барайын. Ажалым содан болса, амал қайсы. Еш болмаса,
жастығымды бiрге ала кетуге әрекет етiп бағармын”.
Бұрындары қанша қауiп-қатердi көрсе де жүрегi селт етпейтiн
Сүлейменнiң осы жолы бойы мұздағандай болды. Алайда кейiн
қайтуға намыстанып, жанындағыларға iлестi. Үңгiр аузына кiре
бергенде, үңiрейген апанның тура алдында баяғыдан берi басына
аса қауiп төнiп, жаны қысылған кезде көрiнетiн ақбоз ат мiнген
қара киiмдi шал тұра қалды. Шал өзiне қарап жымиды. “Сескенушi
болма. Шалт қимылдамасаң, ажал табасың” дедi де ақбоз атымен
көкке ұшып, ғайып болды. Әрине, ол шалды жанындағылар
көрмедi. Даусын да естiмедi. Өйткенi ол Сүлейменнен басқа
ешкiмге көрiнбейдi.
Көптен берi көрiнбей кеткен жебеушi - әруағының ғайыптан
пайда болғанын көңiлiне медеу тұтқан Сүлеймен жөйiттермен
бiрге үңгiрге ендi. Үңгiр iшi жап-жарық. Дуалдарға самсыған
майшамдар iлiнген. Бiр есiктен өткен соң алдарынан екiншi есiк
шықты. Одан өткенде кең дәлiз бар екен.
Дәлiздiң жан-жағы
қаптаған есiк. Бастаушы жөйiт төргi есiкке беттедi. Сүлейменнiң
екi қолтығынан ұстаған екi жөйiт мұны солай қарай жетеледi. Ең
соңғы есiкке келгенде бәрi тоқтады. Бiр жөйiт:
— Бiр сәт тұра тұрыңыз. Мен сiздiң келгенiңiздi жәкеме айтып
келейiн, — дедi де лып етiп, iшке ендi. Артынша қайта шықты:
— Сiзге кiрсiн деп жатыр.
Сүлеймен жөйiт шыққан бөлмеге кiрдi. Бұл бөлме iшi де кең.
Төрде қалың төселген көрпенiң үстiнде теңкиiп бiреу жатыр.
Оны көргенде Сүлеймен өз-өзiне сенбей, көзiн уқалады. Сосын
тағы қарады. Құдай-ау, мынау жатқан адам ба, әлде құбыжық па?
Қазандай бас, кiшi-гiрiм диiрмен тасындай былшиған бет, бордақы
өгiздiң тұрпатындай дене, тамға салатын белдемше ағаштай
жуан аяқтар... Жүн бас-қан жуан қолдары ұзын екен. Тiзелерiне
жетiп жатыр. Салбыраған қарыны көрпеше үстiне
жайылып
кетiптi. Сол салбыраған қарнының астында ұзын қылыш жатыр.
Оның түрiн көзiмен бiр шалған Сүлеймен бұрындары Бекабаның