525
Сүлеймен қарақшы
— “Не арманың бар” деймiсiң? Әй, хайуан жөйiт, мендегi
арман — сенi өлтiру! — деп тiстене
сөйледi де жеңiндегi тас
қайрақты суырып алып, Бекабаның басынан қойып қалды.
Соққының қатты болғаны соншалық,
тас қайрақ Бекабаның
басын қақ айырды. Миы шашылған бастың қозғалуға да шамасы
келмедi. Алып дене бiр-екi рет дiр-дiр еттi де тыншыды. Сүлеймен
атып тұрып, Бекабаның қарнының астындағы қылышты суырып
алып, есiкке ұмтылды. Есiкке жете бергенде, арғы жақтан iлеген
көтерген малай кiрiп келе жатқан. Сүлеймен айқайлап тұрып, оны
қылышпен бiр шапты. Малай аһ деуден басқа дыбыс шығармады.
Екi аттап екiншi есiкке жеттi. Арғы бөлмеде басқа жөйiттер
әңгiмелесiп отыр екен. Сүлеймен көздi ашып-жұмғанша олардың
быт-шытын шығарды. Ашудан өзiн игеруден қалған Сүлеймен
жөйiттердiң өлi-тiрi екендiктерiне қарамай, далаға атып шықты.
Есiк алдында Қосылмен тағы бiр малай аттарды жайғап жүр.
Қолындағы қылышы қан-қан Сүлеймендi көргенде екi жөйiт
қорқыныштан орындарынан қозғалуға дәрмендерi келмедi.
Сүлеймен шап берiп Қосылды желкесiнен бүрдi.
Анаусын бiр
теуiп, суға күмп еткiздi.
— Ал, айт сұм. Менi не үшiн алдадың?
Қосыл сорлыда тiл жоқ. Сүлеймен оның басын суға батырып-
батырып алды.
— Тiлiн жұтқан хайуан неме, тiлге келген шығарсың ендi.
Жауап бер сөзiме.
— Не айт дейсiз маған?
— Бекаба өзiңдi маған қалай жұмсады? Сол хақында айт!
— Ә, әкә, менiң түк кiнәм жоқ.
— Кiнәң болмаса, бұл iске неге араласасың?
Менi ақымақ
көрiп тұрсың ба, хайуан? Болды, айтпай-ақ қой ештеңе. Бәрiбiр
сен де анау Бекабаға ұқсап өлетiн адамсың.
Сүлеймен қылышын көтере бердi. Қосыл екi қолымен басын
жауып, жерге жата кеттi.
— Өлтiрмеңiзшi, әкә, өлтiрмеңiзшi. Мен бәрiбiр Бекабаның
өлетiнiн бiлгенмiн. Сiз өлтiрмесеңiз де, оны осындағы бiреулер
алтыны мен пұлдары үшiн өлтiретiн едi.