Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет85/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Түрмеде жатқанына жиырмасыншы күнге қараған түнi мұны 
мiлисалар қамаудағы бөлмеден алып шықты да, нәшәндiктiң 
алдына әкелдi. Нәшәндiк жалғыз емес, қасында төрт-бес адам 
бар. Төрт-бесеудiң iшiнде Досалы ауылының екi кiсiсi отыр. 
Олар да жаңа өкiметтiң белсендiлерi болып алыпты.
Өзiн күнде тергеп жүрген орыс әлдене жазылған үш-төрт 
парақ қағазды Сүлейменнiң алдына әкелдi:
— Мына жерге қолыңды қой.
— Қол қоюды бiлмеймiн. Сауатым жоқ.
— Ә, онда былай етемiз, — дедi де мұның бас бармағына сия 
жағып, әлгi парақтардың шетiне басты. Сосын:
Орныңнан тұр, — деп бұйырды.
Сүлейменмен бiрге тергеушiнiң жанындағылардың бәрi 
тұрды. Орыс қағаздағы жазуды тез-тез оқыды:
— Мәменов Сүлеймен, сен он жылға сотталдың.
Не үшiн бұлай болғанын түсiнбеген ол, бiрдеңе сұрамақ болып 
аузын аша бергенде, төрт мiлиса сүйрелеп сыртқа шығарды. Есiк 
алдында пар ат жегiлген үлкен арба тұр. Сүлеймендi сол арбаға 
отырғызып, шарабаға таңып, байлап тастады.
— Әй, айтсаңдаршы, қайда барамыз? — дедi бiр мiлисаға.
— Қайдасы несi? Әлi түсiнбей тұрсың ба? Шымқалаға 
жеткiземiз сенi. Одан соң отарбамен туу алысқа, үлкен түрмеге 
кетесiң, — деген ол божы мен қамшыны қолына алып, алдыңғы 
жаққа отырды.
Иығына мылтық iлген екiншi мiлиса Сүлейменнiң аяқ жағына 
жайғасты. Арба орнынан сықырлай қозғалып, шығысқа қарай 
созылған күре жолға түстi.
Шошқабұлақтан күн батуға таяп қалғанда шыққан арба 
мимырт жүрiспен Сайрам тұсына жеткенде түн де түстi. Божы 
ұстаған мiлиса көңiлдi. Айқайлап ән айтып келедi. Ал екiншiсi 
аузын буған өгiздей жақ ашпайды. Сүлеймен бiр-екi рет 
әлденелер жайында сұрап едi, жауап қатпады. Оның есесiне, ән 
салғыш мiлиса ондай кезде өлеңiн тия қойып, мұны сықпырта 
балағаттайды:
— Сен сияқты қарақшыға жөн сұрап, жол бiлiп керегi не? Одан 
да “менi жол-жөнекей атып тастамаңдаршы” деп жалынсайшы. 


180
Сүлеймен қарақшы
Уәй, менiң қолыма билiк тисе ғой, өзiң секiлдi байлардың 
қолшоқпары болған малғұндарды сөзге келместен атып тастай 
салар едiм. 
Шөже қораздай қоқиланған ол содан айызы қанғандай:
Басты көтер кедей, 
Кеңес келдi елей.
Құтырған ұры мен байдың
Басын кесiп сендей… — деп әнiн бұған тиiстiре, әрмен қарай 
жалғастыра түседi.
Олардан сұрағанына жөндi жауап ала алмайтынын бiлген 
Сүлеймен, басын арба шарабасына сүйеп үнсiз отырды. Сонау 
алыстан шыңдарын қар басқан Алатау қарауытып көрiндi. Сол 
жақ беттен қарт Қазығұрттың қос шоқысы көзге шалынды. 
“Құдай-ай, қанша қауiп-қатерде жүрсем де, тау арасында ор 
киiктей секiрiп жүргенiм артық екен-ау, мына қорлықтан. 
Иттердiң қол-аяқтарымды арбаға таңып, матап тастағандарын 
қарашы. Е, Алла-ай, бiр құдiрет келiп, еш болмаса бiр қолымды 
босатсашы…”
Жан-жағына көз тастады. Келе жатқан жерлерi өзiне таныс 
жер екен. Дәл осы арықтың жағасында, дәл мына талдардың 
қасында баяғыда өзбектiң сегiз жiгiтiн сiлейтiп салған едi. 
Қайран, еркiндiк-ай…
Осылай ой үстiнде отырғанда арба қалың талдардың жанынан 
өтiп бара жатқан едi. Бiр кезде алдында отырған мiлиса:
— Әй, әй, шу! Неге тұрап қалды бұл аяғың сынғырлар? Ай, 
шу! — деп тоқтап тұрған аттарды ұзын қамшысымен сабай 
бастады. Сөйттi де: — Ойбай, Оңлас, аттарды бiреу алқымдап 
тоқтатып тұр, — дедi де орнынан ұшып тұрып, иығындағы 
мылтығын қолына ала бергенде, арба тасасынан шыға келген 
бiреу оны итерiп жiберiп, құлатып түсiрдi. Арт жақта отырған 
мiлиса да қозғалақтай берiп едi, оны да бiреу арбадан жұлып 
түсiрдi. Әп-сәтте жерге құлап түскен екеуiн бiреулер жабыла 
тепкiлеп тастап, мылтықтарын тартып алды. Сүлеймен не 
болғанын түсiнбей, бiресе алдыға, бiресе артқа кезек-кезек 
қарады. Беттерiн тұмшалап алғандар мiлисаларды жайғап болған 
соң бұған қарай бұрылды.


181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет