Коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз не және оның маңызы қандай?
Оқушылардың шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттіліктерін жан-жақты қарастырмас бұрын алдымен «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымына тоқталсақ.
Әлемдік тәжрибе бойынша ХХІ ғасыр жоғарғы оқу орындарының қызметін және ондағы білім беру мазмұнын анықтауда бірқатар жаңа тұжырымдық тәсілдердің негізгі бағыттары түзілгендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда тіл үйренушіге алған білімінің негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағалауға, білімін толықтырып дамытуға, сол арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс әрі жауапкершілікпен шешім қабылдауға бағыт беретіндей болуы тиіс. Білім берудің бұл тұжырымдары бүгінгі таңда жаңа «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымдары арқылы беріліп келеді.
Қазіргі кезде бұл ұғымдардың мән-мағынасын талдауға арналға ірі ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік еңбектер жарық көре бастады. Мәселен халықаралық зерттеулерге талдау жасайтын болсақ, А.В.Хуторской, О.Е. Лебедев, С.Е. Шишов, А.А.Кальней, Г. Селевко, И.Д.Фурмин, А.Г.Каспаржан, Т.М. Ковалева, Д.А. Иванов, К.Г. Митрофанов, О.В.Соколова және тағы да басқалар шет тіліндегі біліктілік тәсілдерінің мәселелеріне, ұғымдар мен құралдарына және оның білім сапасын көтерудегі мазмұнына тоқталып, ауқымды зерттеулер жүргізуде.
«Құзыреттілік, біліктілік» термиінін алғаш рет Фердинанд Де Соссюр өз еңбектерінде адамның тек қана тілдік мағынасында ғылымға енгізді. Қазіргі Шет тілін оқытудың стандарттарына сай біліктілік адамның белгілі бір ортада әрекет етуге дайындығы және қабілеттілігі. Біліктілікті игеру – мәдени адамды академиялық білімнің өкілі ретінде «белсенді», «әлеуметтік бейімделген» тұлғаға айналдырады. Ол өз кезегінде тұлғаны ақпарат алмасу мақсатында қарым-қатынасб.қа түсіп қана қоймай, қоғамда әлеуметтенуге және сол қоғамды өзгерту мақсатында оған әсер ете алатын тұлғаға айналуына көмектеседі.
Ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді.
Мысалы: Шилов З.Е. және Агапов И.Т. анықтамасы бойынша коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның білім алу барысында менгерілетін білімі мен тәжрибесіне негізделген, оқу-танымдық және еңбек процесінде оның өз бетінше әрекет етуіне бағытталған жалпы іс-әрекетке қабілеті мен дайындығы десе, осы мәндес анықтама Л.П. Борисовтң еңбегінде беріледі. Оған сай құзыреттілік – оқу барысында алған біліммен іскерліктің күнделікті өмірде әртүрлі практикалық және теориялық проблемаларды шешуде қолдана алу қабілеті. [1; 17б.]
Сондай-ақ қазақстандық ғалымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіргізу және қоғамдық сұрақтарға жауап беру мақсатына сәйкес білім берудегі біліктілік моделіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп, жоғарғы оқу орны тәжрибесіне енгізуді қарастыруда.Соның ішінде «біліктілік» ұғымына Д.Н. Кулибаева өз еңбектерінде тереңірек тоқталады. Сонымен қатар А.К. Мыңбаева қазіргі білім беруде компетенттілік тәсіл мәселесән зерделесе, Ш.Т. Таубаева, Н.Э. Пфейфер және тағы да басқалар болашақ оқытудың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселесін қарастыруда. Ал М.Ж. Жадрина, Н.Н. Нұрахметов, Ғ.З. Байжасарова, С.Д. Мұқанова, Б.О.Салықова және тағы да басқалар біліктілік білім берудің аспектілеріне зерттеу жүргізуде.
Қазақстандық білім беру жүйесінде жиі қалыптасып жүрген «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымы – «тұлғаның белгілі бір шетел тілдері шеңберіне қатысты мәселелерді меңгеруі, білуі» немесе «тұлғаның белгілі бір мәселелер шеңберінде таным мен тәжрибеге ие болуы» деп талқыланып, Е.М. Верещагин,В.Г. Костомаров, И.Л. Бим, И.В. Елухина, Н.Д. Гальскова сияқты ресейлік және шетелдік авторлар мен зерттеушілердің лингводидактикасында кеңінен қолданылады. Шет тілінде сөйлеу алудың ерекшеліктерін еске ала отырып, аталмыш талдаушыға «хабардарлық», «бір нәрсемен танысболу дәрежесі» деген анықтамалар қосылуы мүмкін.[2; 32б.]
«Коммуникативтік құзыреттілік» Шет тіліндегі әдебиеттерде «тәжрибе», «іскерлік» немесе «дағды» мағыналарында көбірек қолданса, отандық әдебиеттерде бұл «қарым-қатынас», «сұхбаттасу мәлениеті» ретінде түсіндіріледі. Ал психология-педагогика саласында «компетенттілік» және «компетенция» ұғымдарының жалпы қабылданған түсіндірмесі әлі қалыптаспаған, оларға үрліше мағына беріліп жүр. Психологиялық әдебиеттерде бұл ұғымға қатысты «компетенттілік – жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті» деген түсінік берілген. [3; 61-62]
Шетелдік түсіндірме сөздіктерде «компетенттілік» ұғымы компетенцияны менгеруші ретінде қарастырылады.
Берілген анықтамаларға талдау жасай келе, компетенция деп – бір-бірімен тығыз байланысқан білім, біліктілік, дағды және студенттердің шығармашылық іс-әрекеттерінң жиынтығын айтсақ, компетентік депті үйренушінің білімі мен дағдыларына тәжрибеде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық немесе теоориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтуға болады. Компетенция мен компетенттілік ұғымы, яғни оған қоса біліктілік бірін-бірі толықтырады және өзара байланысты.
Студенттердің коммуникативтік құзыреттілігі ең алдымен мектепте, содан соң жоғарғы оқу орнында оқу үрдісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үрдісінің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған педагогикалық мақсатқа жетуді көздейді. Комуникативтік құзыреттілік оқу нәтижелерімен қатар студенттің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарламаларының жүйесін көрсетеді.
Сонымен «компетенция» немесе қазақ тілінде «біліктілік» ұғымы алғаш рет АҚШ-та 60-жылдары білім беру жүйесінде қолдана бастады. Оның мақсаты еңбек нарығында бәсекелес бола алатын білікті маман даярлау.
Қорыта келгенде «комуникативтік құзыреттілік» – қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті, белгілі бір іс-әрекетте білімнің, тәжрибенің және таныс болудың біршама дәрежесі, тұлғаның қасиеті. Сонымен, бір нәрсені оқып үйрену, жетік білу барысында қалыптасқан білімнің, дағдының іскерлік жиынтығы деген мағынада қолданылатын біліктілікті қалыптастыру ісінің маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде. [4; 45]
Еурoпaлық кеңестің Шет тіліне қатысты мaтериалдарда бiліктiліктің мынадай екi түрi көрсетіледі. Олaр: жалпы біліктіліктер және коммуникативтік тілдік біліктіліктер.
Жалпы біліктіліктерге жататындар:
Оқуға қабілеттілік (ability to learn)
Экзистенциялды компетенция (existential competence)
Декларативтік біліктілік (declarative competence)
Іскерліктер мен дағдылар (skill and know-how)
Коммуникативтік тілдік біліктіліктерге жататындар:
Лингвистикалық компоненттер (linguistic competence – lexical, phonological-syntactical knowledge and skill)
Социо-лингвистикалық компоненттер (sociolinguistic component)
Прагматикалық компоненттер (pragmatic component knowledge existential competence and skill and know-how relating to the linguistic system and its sociolinguistic variation) жатады.
Біліктілік мәселесі Д. Хаймс, Р. Уайт, Д.Ж. Равен, И.В. Кузьмина, А.К.Маркова, Г.Э. Белицкий, А.В. Хуторский сияқты басқа да ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттелді. Осындай зерттеулерге сай ғылымда біліктілікке негізделген білім беру мәселесі (competence based education) мәселесі Америкада тіл теориясына қатысты Н. Хомский «біліктілікті» тілді шынайы жағдайларда игеруден гөрі тек оның жүйесін білумен байланысты лингвистикаға тән термин ретінде қолдансы, Д. Хаймс кез келген тілді жетік үйрену грамматикалық және лексикалық іскерліктерді қалыптастырумен ғана емес, сонымен бірге оны әр түрлі жағдайларда қолдануға қажетті біліктілікті қалыптастырумен тығыз байланысты екенін дәлелдеді, сонымен қатар ғылымға «коммуникативтік біліктілік» терминін енгізді. Ал коммуникативтік біліктілік өз кезегінде шынайы қарым-қатынас жағдайындааса қажет болатын бірнеше құрамдас бөліктерге бөлінеді:
Тілдік біліктілік (тілдің графикалық, орфографикалық, лексикалық және грамматикалық жақтары);
Сөздік біліктілік (сөйлеу, жазу, тыңдау және оқу);
Әлеуметтік-мәдени біліктілік (Шет тілінде сөйлейтін халықтардың әлеуметтік-мәдени портреті);
Компенсаторлық біліктілік;
Оқу танымдық біліктілік (жалпы және арнайы іскерлік).
Ал А.Н. Шукин коммуникативтік біліктілікті әдістемелік тұрғыда төмендегідей негізгі компоненттерге бөлуді ұсынды:
Лингвистикалық біліктілік;
Стратегиялық біліктілік;
Әлеуметтік біліктілік;
Әлеуметтік-мәдени біліктілік;
Дискурстық біліктілік;
Біздің ойымызша мідениетаралық қарым-қатынас жағдайында, Е.И. Пассов ұсынған «Тілді – мәдениет, алмәдениетті – тіл арқылы үйрену», зерттеу мәселесінң маңыздылығы артқан уақытта әлеуметтік-мәдени біліктіліктің маңызы айрықша. Өйткені әр түрлі ғылыми зерттеулер әлеуметтік-мәдени біліктіліктің дұрыс қалыптаспауы немесе жеткіліксіздігі мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайларында оқушыны әр түрлі қателіктерге ұрындыратынын көрсетті.[5; 63-64]
Достарыңызбен бөлісу: |