Диплом жұмысы Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың белсенді әдістері


Оқытудың белсенді әдістері және оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттырудың рөлі



бет4/21
Дата19.05.2022
өлшемі339.2 Kb.
#457214
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
stud.kz-103114

Оқытудың белсенді әдістері және оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттырудың рөлі. Қазақтың біртуар азаматтарының бірі Жүсіпбек Аймауытов - «Балаға ең қымбат, ең жылы, ең жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өңірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға деген баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенін өмір жүзінде пайдаланатын болады» деген болатын
Жоғарғы сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік-теориялық негізі алғаш рет елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы «Әлеуметтік экономикалық моернизация – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапты. Онда: «оқу тек білім беріп қана қоймай білімін әлеуметтік бейімделу үрдісінде қолдана білуге де үйрете білу керек» делінген. Осыған байланысты Елбасы оқушылардың функциналдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі туралы бағдар берді. 2012 жылдың 25 маусымында Президент Қазақстан Республикасында оқушыларпдың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін нормативтік, оқу-әдістемелік, ақпараттық салаларда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырушараларын қамтыған 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар бекітті. Жоспар білім беру жүйесінің азаматтардың жеке жіне әлеуметтік жетістіктері ұлттық өркендеудің іргетасы және капиталы ретінде дамуының 5 жылдық кезеңін сипаттайды. Бүгінгі күні бастамашылық, шығармашылықпен ойлау қабілеті, кәсіпті таңдай білу мен қалыптан тыс шешім қабылдай алу сияқты қасиеттер функционалдық болып есептеліп отыр. Және осы функционалдық дағдылар мектеп жағдайында ғана қалыптасады. Білім беру стандартында жаратылыстану ғылымын оқыту мазмұнының тәрбиелік әлеуеті жалпы мәдениетті, қоршаған ортада өзін-өзі ұстауды, өз денсаулығын және айналадағылардың денсаулығын сақтауды, табиғи ортаны қорғауды, яғни экологиялық, гигиеналық және генетикалық сауаттылықты қалыптастыруды қарастырады. Жоғарғы сыныпта оқыту стандартына әлемнің замануи жаратылыстану ғылымдары картинасы, заманауи теориялар рөлі мен әлемдік ғылыми көзқарас қалыптастыру идеялары енгізілген. Жұмыстық және тәжрибелік-бағдарлық тәсілдемелер, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптсатыру және дамыту стандартты іске асырудың негізгі жолдары болып табылады. ХХІ ғасырдың бізге тастап отырған ұраны да осы функционалдық сауаттылық болып отыр.
Әріптестер, біз мектепте оқушыларымыздың құзыреттілік дағдыларын қалай арттырамыз? Оқушының функционалдық сауаттылығы оның негізгі және пәндік құзыреттілігі арқасында қалыптасады. Негізгі құзыреттілік – мектеп түлегіне мемлекет тарапынан қойылатын білім стандарты мен оқу бағдарламаларында көрсетілген білім нәтижесіне қойылатын талаптарға сай болуы. 5 жылға жасалған ұлт жоспарының уақыты да өз мәресіне жетіп қалды. Біз оқушылардың функционалдық сауаттылығын қаншалықты арттыра алдық? Оқытуда қолданып жатқан белсенді оқыту тәсілдері қаншалықты қауқарлы деген сұрақтар туындауы заңдылық деп ойлаймын.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту тетіктері. [6; 58-59]
PISA зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финландия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға әсер ететін факторлар анықталған. Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизмдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктер нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады:

  • Білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, білім беру бағдарламалары);

  • Оқыту нысандары мен әдістері;

  • Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

  • Мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

  • Мектеп басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

  • Барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

  • Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі белсенді рөлі.

Жоғарыда атап өткен факторлар біздің білім саласында мықты қолға алынып келеді деп нық айта аламыз. 2016 жылға оқу жылынан жаңарған білім мазмұнымен білім берудің алғашқы сатысы басталады. Бастауыш білім беру стандарты жаңарды. Оқу нысандары мен әдістері сындарлы білімге негізделе отырып, қарқынды түрде жаңаруда. Мектепті басқару моделі де Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби біліктілігін көтеру бағдарламасы аясында жақсы өзгерістерге бет бұрды деп толық айтуға болады. Мектеп басшылары ынтымақтаса әріптесік, серіктестік қарым-қатынас орнатып, ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталуда. Ал біз, ұстаздар, осы талаптарды тікелей жүзеге асырушылармыз ғой. Ыбырай атамыз айтқандай «Мұғалім – мектеп жүрегі». Бүгінгі мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығы осы жүректің соғуына байланысты.
Ал белсенді оқыту әдістеріне қандай әдістер жатады? Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын игеру үрдісінде оқушыларды белсенді ойлау және тәжірибелік әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, Оқушылардың белсенді ойлау және тәжірибелік әрекет үрдісінде өз бетінше біліктер мен білімдерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері – олардың негізінде тәжірибелік және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онысз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше оқыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету, т.б. жаңа міндеттер қойылуыммен байланысты. Жаңа міндеттердәі пайда болуы ақпараттың қарқынды дамуына тәуелді. Осы уақытқа дейін мектепте, жоғарғы, арнаулы оқу орындарында алынған білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті және өзіндік ұстанымды талап етеді.[7]
Бүгінгі таңда мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға белгілі бір білімдер жинағын беру ғана емес, сонымен қатар, оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсізоқу материалын игеруін ұйымдастыру қиын. Сондықтан да болашаққа функционалды сауатты тұлға тәрбиелеп шығу үшін сан қилы құзыреттілігін сабақ үрдісінде дамуына ықпал ету. Мектептегі басты тұлға – мұғалім десек, баланың өмірінде мұғалім ерекше рөл атқарады. Оқушылардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сабырлы, азамат болып жетілуі, тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты болмақ. Шәкір мұғалімді жақсы көрсе, онда ол оқуды да, мектепті де жақсы көреді. Мұны мұғалімнің беделі деп түсінуіміз керек. Мұғалімге артылатын жүк соншалықты ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі ұлы ғұлама Абай еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардың өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «толық адамды», ол түсіндіріп айтқанда білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты, жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді. Бүгінгі, Абай айтқандай «толық адам» дегеніміз, функционалдысауатты, кең ауқымды дағдылары қалыптасқан, төмендегі құзыреттілік талаптары қалыптасқан оқушы деп білеміз.
Кесте – 1. Құзыреттілік түрлері мен талаптары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет