Құзіреттілік
|
Құзіреттілік талаптары
|
Белсенді әдістер
|
Жеке тұлғалық құзыреттілік
|
Өз әрекеттері мен құлқтарына мақсатты түрде мән беруі, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту қабілетінің, ойлау мәдениетінің болуы, қоғамдағы өз орыны мен рөлін білуі, кез келген жағдайда шешім қабылдай алуы, салауатты өмір салтын ұстанып, оны насихаттай білуі, өз қауіпсіздігін сақтау ережелерін білуі, табысты еңбек етуге, физикалық, рухани және интелектуалды дамуға қабілеттілігі. Сабақ үрдісінде сыни ойлау дағдыларын қалыптастыратын белсенді тәсілдерді қолдану.
|
Дидактикалқ ойындар, нақты жағдаятты талдай алу, мәселелік тапсырмаларды орындау, алгоритм бойынша оқыту. Фишбоун. Инсерт. Кубизм.
Мәселелік сұрақтар. Ақыл-ой картасын жасау, т.б.
|
Азаматтық құзыреттілік
|
Қоршаған ортаны дұрыс қабылдау, қоғамдық өмірде әдеп және азаматтық құндылықтар негіздеріне сай өз орынын табуы, Отанын сүю мен оның заңдарына бағыну, сыйлау, құқықтық тәртіп пен рәміздерін, туған жері мен тілін, өз елінің ұлттық құндылықтарын құрметтеуі.
|
Аквариум, іскерлік ойындар, кластер, картография, әртүрлі саяхаттар жасау.
Идеялар кілемі, идеялар банкі, т.б.
|
Әлеуметтік құзыреттілік
|
Қоғамдық жұмыста білімі мен тәжірибесін көрсете білуі, отбаслық қарым-қатынастағы мәдениеттілігі, құқықтық және экономикалық мәселелерде өз міндеттерін білу, кәсіптерін таңдай білуі, әлеуметтік мәдени қарым қатынаста этикалық нормаларды сақтау.
|
Рөлдік ойындар.
Орамадағы әріп. Генеологиялық ағаш. Шығармашылық үй. Сүйсіну әдісі, таңғалу әдісі, т.б.
|
Басқару құзыреттілігі
|
Өз мүмкіндіктеріне қарай болашақты жоспарлай және ұйымдастыра білуі, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу және шешу жолдарын мүмкіндіктерге негіздей білуі, көшбасшылық қырынан көріне білуі, алған білімін тәжірибеде қолдануы, басқаларды оқытып-үйретуі, ақпараттарды шығармашылықпен пайдалануы, талдай және болжай білуі.
|
Иллюстрацияланған баяндама. Кеңістік жазба. Фразаларды өзгерту. Бос орынтақ, іскерлік ойындар, т.б.
|
Қарым-қатынас құзыреттілігі
|
Тілдерді білу, оқу және өмірлік міндеттерді шешуде ауызекі және жазбаша қарым-қатынас жасай алу, оның стилін таңдай білу, оқу және әлеуметтік-мәдениеттік тұрғыда жемісті қарым-қатынас орната білу, тұрмыста, оқуда және кәсіби қарым-қатынаста бірнеше тілдерде еркін сөйлеу, күнделікті қарым-қатынаста және кәсіби оқуда ағылшын тілінде сөйлей білу.
|
Топтық турнирлер. Пирамида. Кіріс-шығыс сызбасы. Рөлдік ойындар, «Сөздерді топтастыру» классификация, математикалық формула. Диалогтік сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығулары мен шартты сөйлеу жаттығулары, т.б.
|
Ақпараттық құзыреттілік
|
Ғылым және ғылыми жетістіктер негізіндегі білім жүйесін меңгеру, ақпараттық технологиялардың көмегімен қажетті ақпартты табу және қажетті ақпаратты таңдауы, талдауы, өзгертуі, жинақтауы, сақтауы және оны оқуда пайдалана білуі, модельдеу және құрастыру сияқты танымдық әрекеттерді меігеру.
|
Ақпараттық құжаттармен жұмыс, топтық мозайка құрастыру, жұптық сұхбаттар. Анықтамалық әдебиетпен жұмыс.
Жазба кітапша, т.б.
|
Технологиялық құзыреттілік
|
Таңдаған бағыттағы оқу аясында қолданылатын негізгі технологиялардың жалпы сипаттамсын меңгеру (жалпы орта білім деігейінде), оқу үдерісінде зерттеулерді жобалау мен құрастыруды замануи ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалана білуі.
|
Құрылымдағы тапсырмалар, себеп-салдарлы сызбасы, тәжірибелік тапсырмалыр.
Жобалар әдісі, т.б.
|
Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннәі рөлі зор. Соның ішінде тілдерді оқытып, үйрететін, басқа да халықтардың әдебиеттерімен таныстыратын пәндердің орыны ерекше. Осы ретте оқушыға, әрбір халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық, т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда тілдік пәндер мен әдебиеттер сабағын қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – шетел әдебиеті пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тілдердің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда, грамматикасын үйрету – шетел тілдері сабағының басты міндету болып табылады. [8; 112-115]
Қандай да бір тәсілді таңдауға қойылатын критерий – қайталана бермейтін ерекше және оқушыларды қызықтыратындай болуы керек. Сондай-ақ, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын қамтамасыз етеді. Ол білім берудің мақсатына бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналаиын білім мазмұны оқушының фукционалдық сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделендіріліп отыру керек.
Тіл — сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл - қатынас құралы, ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады.
Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады. Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Сондай-ақ халықаралық қатынастар аясында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда. Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпараттық-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.
Оқытудың негізгі үш түрі бар:
Тәрбиелеу
Ағарту
Дамыту
Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың ағартушылық мақсаты. Кез-келген тілдің ағартушылы қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін
халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Оқытудың дамыту мақсаты. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттарының негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту – тіл білімін дамытудың басты міндеті. [9; 82]
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілін инновациялық тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына себепші болуда. Осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар депинновациялық, технологиялық білім беру жүйесін айтуымызға болады. «Инновация», «Технология» терминдеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ, инновация дегеніміз- жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» (technology) деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен қатар қолдананылады «Технология» термині тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы дегеніміз – оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге шетел тілінен берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті. Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста, араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер т.б. түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. «Мәтінді тыңдап қайтадан оқып шығу», «Диалогты тыңдап, қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап отыру» сияқты тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі. Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ал ең бастысы оның практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады. Бірінші тараудың үшінші тарамшасында ағылшын тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдісінің негізгі ерекшеліктерінің сипаты ашылады.
Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді. Қатынастық әдіс ХIХғ 60-70 жылдарында ағылшын тілі халықаралық қатынастық тіл статусын алған кезде Британияда пайда болды. Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда, болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда. Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі коммуникативтік оқыту технологиясы. Осы мәселе жөнінде, яғни ағылшын тілін оқытудағы коммуникативті біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г.Нойнер, Г.Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, дауыс ырғағы сияқты) әрекеттер арқылы болады. Ол алдын-ала жоспарланған, дайындалған болуы немесе жоспарланбаған болуы мүмкін. Сабақ үстінде әдетте дайындалған, жоспарлы сөйлеу коммуникациясына көпкөңіл бөлінеді. Оқушылардың сабақта айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі, олардың түпкі мақсатын танып білуі және өзінің жеке мақсатын іске асыруы өте маңызды іс. Осы біліктілік коммуниктивтік біліктілік деп аталады. Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды:
Когнитивті мағыналық мақсат, яғни оқушы коммуникативтік жағдаяттарды әңгімелесу, сөйлесу, қарым-қатынас туындайтын жағдайларды таба білуі керек. Ол өзінің іс-әрекетінің, сөйлесуінің, қарым- қатынас жасауының барысында — осы жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет.
Әлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін өзі қалай ұстайтынын біле отырып, өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Алға қойған мақсатына басқалармен бірге жетуге ұмтылады, сондай-ақ қарым-қатынас жасайтын әріптесімен жеке тұлға ретінде тең жағдайда болуға тырысады.
Лингвистикалық біліктілік мақсат. Бұл мақсатқа сәйкес оқушы ойларын, іс-әрекетін сөйлеп жеткізе алуға ынталы болады.
Бұл үш компонент бөлек-бөлек емес, керісінше өзара тығыз байланыста болады деп пайымдайды Г.Нойнер. Осы аталған коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын іздестіруші әдіскерлердің бірі Е.И.Пассовтың пікірінше шетел тілін оқытуда мына жайттарды ескергенде коммуникативтілікке ие болатынын байқаймыз:
Коммуникативтік сипаттағы оқыту тәсілдерін пайдалану;
Арнайы жаттығулар жасау;
Бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру.
Коммуникативтік әдістің жаңалығы неде, ол оқыту ісін қалай ұйымдастырады оның ерекшеліктері мынада:
Коммуникативтілік оқу процесіндегі білік, дағдыны жетілдіруге бағытталады.
Ағылшын тілінде үнемі сөйлеу оқушылардың тілді білмеймін деген ойдан арылтып оқуға деген қызығушылығын арттырады. Ол үшін барлық жаттығулар сөйлеуге жетелейтін мақсатта болуы керек.
Коммуникативтік бағытта оқыту оқушының жеке басерекшелігін ескеруді
көздейді, яғни баланың бойындағы барлық жеке қасиеттері ескерілуі керек. Бұл оның белсенділігін арттырып, оқуға ұмтылу үшін ең басты құралы болып саналады.
Коммуникативтілік функционалдықпен де байланысты, себебі кез келген сөз коммуникация процесінде белгілі бір қызмет атқарады. Оқушы тілді үйрене бастағаннан бастап сөздерді іс жүзінде сөйлеу барысында қолданып жаттықпаса, кейін оларды есіне түсіре алмай, дұрыс пайдалана алмайды.
Коммуникативтілік, коммуникативті бағытта оқыту әдісі оқытудың ситуативті болуын талап етеді. Өйткені, ситуативтілік сөйлеу дағдысының табиғи қасиеті болып есептеледі. Ситуативтілік сөйлеуге ынталандырудың бір түрі ретінде, сөйлеу біліктілігін жетілдіретін әдіс ретінде әрі белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету жолы екендігі бұрыннан әдіскер ғалымдардың көптеген еңбектерінде қаралып келеді. Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе алады.[10]
Оқушыларды белгілі бір дәрежеде ағылшын тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, ағылшын тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс. Себебі, жеке атау тұлғалы сөздерде, грамматикалық формаларда өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енген де ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады. Коммуникативтік әдіс мұғаліммен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзады. Коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын іздестіруші әдіскерлердің бірі Е.И.Пассов оқытудың коммуникативтік әдісінің негізгі белгілері деп мыналарды атап көрсетті:
Әдістің дифференциалдығы әр әдіс нақты бір мақсатқа жету құралы екендігінде көрінеді. Бұндай мақсат сөйлеу әрекетінің әрбір түрі, нақтылап айтқан осы әрекет түрін жасай білу.
Әдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі. Әдіс оқытудың тактикасы емес стратегиясын анықтайды және сол себептен осы таңдауды тілге, оқыту сатысына байланысты.
Коммуникативтік әдістің мүмкіншілігі сөйлеу әрекетінің берілген түрін жан-жақты қамтиды.
Әдісте негізгі өзек бар болғандығы немесе М.В.Ляковскийдің сөздерін
пайдалансақ басты әдістемелік мәселенің шешуінің басымды ойы о бастағы әдістемелік 139 мәселені шешу қызметінің бір-біріне байланысты болуын шарт етеді. Бұл негізгі ой әдіске кіретін принциптерді қарастырады, оларды интегралдайды.
Осының негізінде Е.И.Пассов бұл өзара жағдай жасаған жеке әдістемелік принциптер жүйесі, бір стратегиялық оймен біріккен, сөйлеу әрекетінің қандай түрін болсада үйретуге бағытталған әдіс деп анықтайды.[11]
Коммуникативтіліктің қандай жағдайда нәтижелі болатынына мұғалімнің тигізер ықпалы зор және оқыту барысындағы білім сапасына да мұғалімнің үнемі көңіл бөліп отыруы аса маңызды. Сондықтан, ағылшын тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту әдістемесін қолдану – оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан бір-бірімен дұрыс байланыстырып, еркін сөйлей білуіне мүмкіндік береді, бұл әдістемені жиі қолдану өз нәтижесін береді. Тілді оқытудағы ең басты мақсат – оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз oйын жарыққа шығару процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |