2.1. Ақпараттық технологиялардың коммуникативтік құзыреттілікті дамытудағы рөлі
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыттары мен идеялары, сондай-ақ Ұлттық білім беру жоспарындағы жаңа ақпараттық коммуникатвтік технологиялардың қолданылуы қазіргі таңда өзекті мәселе екені анық. Аталмыш жобалардың жүзеге асыру, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізудің маңызын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қзінің «Қазақстан 2030» стратегиясында баса назар аударған болатын.
Сыныпта ақпараттық технологияны қолданудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын құру және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін әлемдік білім кеңістігімен байланыстыру үшін жаңа ақпараттық технологияны қолдану.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі міндеттері:
1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
2. нақты шараларды анықтап, жүзеге асыру;
3. Зерттеу және білім беру жұмыстарын жүргізу.
Ақпараттық технологиялар принциптері:
жеке зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
техникалық құралдар арқылы алынған білім мен ақпараттың сәйкестігі;
Оқу мен тәрбиенің жүйелілігі;
жалпы компьютерлік білім;
Оқыту және білім беру жылдамдығы.
Оқу құралы ретінде жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдануға болады.
Жаңа ақпараттық технологиялар қазіргі заманғы үрдістерге сәйкес білім беру саласында қолданылуы керек. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі даму философиясы орта білім берудің мақсаты тез өзгеретін әлемде алған терең білімі мен кәсіби дағдыларына негізделген еркін бағдарланған, өзін-өзі дамыту және моральдық-жауапты шешімдерді қалыптастыру болып табылатындығын нақты көрсетті. Қабілетті жеке тұлға.
Шет тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану. Шет тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану білім беру байланысының интерактивті сипатын арттырады. Көршілес Ресей елінің ғалымдары А.А. Андреев, В.И. Солдаткин, В.П. Кашицин ақпараттандыру процесінің шет тілін оқытудағы әсерін, әсіресе білім мен тұжырымдаманың өзгеруін, мұғалімдер мен студенттердің өзара әрекеттесуін егжей-тегжейлі сипаттады. Осыған байланысты жаттығудың тиімділігін арттыру ұсынылады.
Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияларды шетел тілдерін үйрету барысында қолдану өз тиімділігін көрсете білді. Әсіресе, қазіргі ғылымы мен білім қарыштап дамыған заманда Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану таптырмас оқыту құралдарының бірі және бірегейі десек қателеспегене боламыз. Академиялық ұтқырлық бойынша Венгрия елінің Сопрон университетіндегі ақпараттық технологияларды шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі құралы ретінде қолдануын байқадық. Сонымен қатар оқушылар арасындағы коммуникативтік оратынң қалыптасуында да айырықша орынға ие. Зерттеу жұымысмызда Шопрон университетінің ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолданудағы бірнеше тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталғанды жөн көрдік.
TedTalks бағдарламалы видео жобалар арқылы оқушылардағы коммуникативтік ортаны қалыптастыру.
TedTalks бағдарламалы видео жобалар оқушылар арасында ортақ тақырып қалыптастыра отырып, олардың өзара пікір алмасуына, өз ойларын айтып, көзқарастарын білдіруге түрткі бола алады. Сопрон университетіндегі оқу барысында оқушылардың сабаққа деген белсенділігін сақтап, қызығушылықтарын арттыру мақсатында кез келген оқушы өз қалауы бойынша тақырып таңдап, соған сәйкес TedTalks видо жобаларын ұсына алады. Бұл видеожобалар барысында әлемнің түкпір түкпірінен жиналған қарапайым адамдар өз өмірлік тәжірибесімен, ғылыми көзқарасымен және өзіндік дүниетанымымен бөліседі. Жоба әлемдік деңгейде көптеген шетел тілдерін оқыту орталықтарында жиі қолданылады.
Сабақ барысында арнайы тақырыпқа сәйкес кез келген оқушы TedTalks бағдарламасы бойынша видео жоба және осы видео жобаға сәйкес сұрақтар ұсынады. Ұсынылған видео жоба және қойылған сұрақтар да мұғалім үшін жаңа болғандықтан, мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасында тығыз жұмыс жасалынады. Сынып оқушылары жалпыға ортақ тақырыптағы видео жобалар бойнша пікір алмасулар жүргізеді, өз ойларын жеткізеді. Мұндай сабақтар барысындағы мұғалімнің міндеті – сабақ барысын қадағалау. Сабақ барысында оқушы және мұғалімнің деңгейі бірдей болып оқушы да, мұғалім де өз ойларын еркін жеткізуге және өзара басқа да оқушылардың дүниетанымына құрметпен қарай білуге үйретеді.
Оқытудың бұл әдісін №25 жалпы орта білім беретін мектепте болып өткен өндірістік-педагогикалық тәжірибе аясында қолданысқа енгізіп көрдік. Тәжірибе барысында 9-сынып оқушыларына “The secrets of learning new language by Lydia Machova” тақырыбы аясында видео жоба ұсынылды. Тақырып таңдау барысында оқушылардың жеке қызығушылықтары, жоспар бойынша тақырыптың сәкестігі, оқу аудиториясы, уақыт және оқушылардың тілдік деңгейіне баса назар аударылды.
Нәтижесінде оқушылар арасындағы тілдік коммуникативтік ортаны қалыптастыра отырып, оқушылардың өз ойларын емін-еркін жеткізуіне және басқа да сынып оқушыларының ойлары мен көзқарастарына құрметпен қарауды, мұқият тыңдай білуге қол жеткіздік. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу әрекетіне баса назар аударылып, грамматикалық ережелер барысында жіберліген қателіктер сабақ соңында талқыланды.
С абақты қорыта келе, оқушылар арасында өзіндік бағалау, яғни рефлексия жасалынып, нәтижесінде өз ойын толығымен, түсінікті де, ұқыпты жеткізген оқушылар анықталды. Жасалынған рефлексия бойынша Сабина, Меруерт және Арғын видео жоба бойынша өз тыңдалым деңгейлерінің жоғары екенін көрсетсе, Диас және Тәңірберген өздерінің тапқыр ойларымен көзге түсіп, видео жобаның негізгі идеясын аша білді. Сонымен қатар, сабақ барысында өз грамматикалық біліктілігін көрсете білген оқушылар – Камила және Жазиар болды. Сабақ соңында жаңа сөздердің аудармасымен және грамматикалық қателіктермен жұмыс жасалынды.
Сурет – 2. TedTalks бағдарламалы видео жобалары
Достарыңызбен бөлісу: |