IV Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары
Синтаксисті, соның ішінде сөз тіркесінің
ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне үқсас
тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының
логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазак тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматикаын, оның ішінде синтаксистік
құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында колдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік
ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Содан соң коммуникативтік, яғни адамдардың қарым-қатынастық тілінде қолдануға машықтанады. Осы тұрғыда проф. Ф.Ш.Оразбаева «Сөйлеу ерекшеліктерін меңгерген оқушы өз ойын ауызша және жазбаша түрде іске асырады. Бұл - тілді қолданудың тәжірбиелік көрінісі. Сол себепті оқушы тілі адамдармен қарым-қатынас құралы ретінде үйренгені дұрыс,» - дейді.
Сонымен, сөз тіркесін меңгерту үшін жүргізілетін жұмыстарды төмендегідей жүйелеуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: