I. Жаттығулар жүйесі. Сөз тіркесі меңгертуде жаттығу жұмыстарының алатын орны ерекше. Зерттеу тақырыбына сәйкес жүргізілетін грамматикалық жаттығу жұмысын орындау сипатына қарай мынадай екі топқа топталады:
Ауызша Жазбаша
Бұлардың өзі іштей мынадай түрлерден тұрады.
Жазбаша
Аналитикалық жаттығулар
Синтетикалық жаттығулар
Шығармашылық
сипаттағы жаттығулар
II. Көрнекіліктер жүйесі. Көрнекіліктердің сабақ мақсатына сай тандалып, эстетикалық сапасының жоғары болуы, білімдік, танымдық мазмұнының мұғалім сөзімен ыңғайлас келуі ескеріледі. Көрнекіліктің мәні оқушының білімі мен біліктілігін жетілдіруге тигізетін үлесімен өлшенеді.
III. Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың дамуы осыларды келешекте басқаратын жаңа ұрпақты даярлауды қажет етіп отыр. Қазіргі заман талап етіп отырғандай, әр жеке тұлғаның иниқиативасын дамыта, білімді бойына дарыта отырып оқыту - бірінші орындағы мәселе. Сөз тіркесін оқыту барысында колданылған оқытудың интерактивті әдістері осы жағдаятты шешуге көмектесті.
Оқытудың интерактивті әдістері
|