IV. Тест арқылы оқушы білімін тексеру. Оқушының білім дәрежесін бағалайтын педогогикалық өлшем, шама. Оқушының сөз тіркесі синтаксисінен алған білімін тексеру, бақылау процестері тәрбиелік, жүйелік, жан-жақтылық ұстанымдарына негізделді.
Жалпы әдістеме ілімінде жаттығулар жүйесін жасау мәселесі -оқыту жүйесіндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оқулықтар мен оқу құралдарына талдау жұмыстарын жүргізгенде 60-жылдарға дейінгі тілдік, яғни, грамматикалық жаттығуларға көп мән беріліп, оқыту үрдісінде оның үлес салмағының басым болғанын байқадық. Бұл сөйлеу әрекеті грамматиканы игеру негізінде ғана жүзеге асады деген сыңар жақты пікірдің басым болғанына байланысты.
Қазақ тілін игерумен байланысты жүргізілетін жұмыс - оқушылардың алған білімін әртүрлі жағдайда қолдана білуі мақсат тұтатын оқу әрекетінің түрі. Жаттығуларды даярлау арқылы ғана оқушы ізденеді. Алдына қойған мақсатын шешуге тырысады.
Жаттығулар әдісінің негізгі қызметі - оқушының алған білімі мен іскерлегінің тез дағдыға айналуы және практикалық жағдайда орындай алуға мүмкіндік жасау. Жаттығу жұмысын жүргізу әр пәннің міндетті бөлігі. Теориялық материалдарды берік меңгерту жаттығулар жұмысының тиімді де жүйелі құрылуына байланысты. Жаттығу жұмыстары жеңілден басталып, бірте-бірте күрделене түсіп, шығармашылық деңгейдегі жаттығуға дейін көтерілуі тиіс.
Әдістемелік еңбектерде жаттығу жұмыстарын әртүрлі топтау жүйесі бар:
Әдіскер ғалым А.Әбілқаев: «Жаттығу тілді оқыту процесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Жаттығуларсыз қазақ тілі сабағын өткізу мүмкін емес», - дей келе, қазақ тілін оқытумен байланысты жаттығуларды орындай түріне қарай ауызша, жазбаша, қиындық дәрежесіне қарай оңайдан қиынға қарай деп бөлінеді де, жаттығулардың түрін көрсетеді.
Хасен Арғынов сөз тіркестерін меңгертуге байланысты төмендегідей жұмыстарды атап көрсетеді:
берілген сөйлемдердегі сөз тіркестерін тапқызу, олардың
бағыныңқы, басыңқы компоненттерін атату, қай сөз табынан
болғанын дәлелдету;
сөздер бері, солардан сөз тіркестерін жасату, олардың қайсысы
есімді сөз тіркесі, қайсысы етістік сөз тіркесі деп аталатынын
айтқызу;
есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің қай сөз
табынан жасалғанын сұрау;
етістікті тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің қайдай
тұлғада, қай сөз табынан жасалғанын сұрау;
өлеңді сөйлемдердегі сөз тіркестерін атау,, олардың сөз
тіркесінің қай түрі болып тұрғанын айтқызу және дәлелдету.
Проф. С.Рахметова грамматиканы оқыту барысында оқушылардың тілін дамытуда жаттығулардың грамматикалық жаттығулар деп, ішінара бөледі.: «Грамматикалық жаттығулар оқушылардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді,» - дейді.
З.Бейсембаева: «Сабақтың дидактикалық мақсатына өарай жаттығулардың түрі де (дайындық жаттығу, байқау-сынау жаттығулары, машықтану жаттығулары т.б) өткізу формасы да (ауызша, жазбаша) әр түрлі,» - дейді.
Н. Құрманова өз еңбектерінде жаттығуларды аналитикалық (теориялық материалдарды игеруде оны дағдыға айналдыру мақсатында), синтетикалық (грамматикалық ішкі заңдылықтарын тілде қолдана білуге), аналитика- синтетикалық (стильді ажырата білу, редакциялау, шығармашылығын арттыру мақсатында жаттығулар ) деп бөлінеді.
Сонымен зерттеу тақырыбына сәйкес жүргізілетін грамматикалық жаттығу жұмыстарын орындау сипатына қарай екі топқа топтадық: ауызша, жазбаша.
Жаттығулардың ішкі мақсаты мен мазмұнына қарай ішінара талдау сипаты басым (аналитикалық) және жинақтау, біріктіру сипаты басым (синтетикалық) жаттығу, шығармашылық сипаттағы жаттығу (сөз тіркестерінен сөйлем құрау, оны мәтінде пайдалана білу, мәтіндегі ойды білдіруге тірек болып тұрған сөз тіркестерін таба білу ) деп бөліп қарастырдық.
Достарыңызбен бөлісу: |