Қырқада, айда, бөктердеОттығып өріс, күн жылып. Мал төлдеп жатыр көктемде, Ауылдың маңы қым-қуат.
Бұлақтың көзі ашылып, Бұлдырап келді жылғаға. Құнанның жалына асылып, Қуанып күліп Тұр бала. (М.Мақатаев). Мақсаты - сөз тіркестерін табу, оларды анықтау. Міндеті - сөз тіркестерінің тіркесу ерекшеліктерін меңгеру. Нәтижесі:
сөз тіркесінің байланысу тәсілін меңгерді;
олардың түрін ажыратады, қандай қосымшалар негізінде
жасалғанына назар аудару арқылы іскерлік дағдыларын
қалыптастырды.
Бұл аналитикалық жаттығулардың көздейтін мақсаты - оқушының сөз тіркесі туралы жалпы түсінігін қалыптастыру, сөйлемде, мәтінде сөз тіркесін тани білу, оның түрлерін бір - бірінен грамматикалық ерекшеліктері арқылы ажырата білуге үйрету.
2. Синтетикалық жаттығулардыңаналитикалық жаттығулардан мазмұны, орындау шамасы күрделірек. Мұнда орындалатын жаттығулар, негізінде, сөз тіркестерін құрау, бір-бірімен салыстыру, ұқсас тілдік тұлғалардан ажырату бағытын көздейді.
1-жаттығу. Төмендегі сөздерден сөз тіркесін қүрап, олардың бағыныңқы, басыңкы сыңараларын ауызша атақдар. Үлгі: алып тұлға: алып — бғгыныңқы сыңары (қандай тұлға?), тұлға (не? )- басыңқы сыңары. Тұлға, тарих, алып, халық, жас, жасыл, үрпақ, бақ, еңбек, өткен, адал, шатыр, бала, жылы, жаңбыр, қарт, адам, жақсы. Бұл жұмыстың мақсаты- сөз тіркестерінің басыңқы, бағыныңқы сыңарларын бір-бірінен ажырату.
Міндеті- екі сөзді байланыстыру аркылы сөз тіркесін құрау. Нәтижесі: