Әлеуметтік салық - мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бүған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жүмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленеді, ал төленетін жарна-лардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.
Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 15,7% алады.
Қазақстан Республикасының резидент-заңи түлгалары, шетелдік заңи түлғалардың филиалдары мен өкідціктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін түрақты мекемелер аркылы жүзеге асы-ратын бейрезиденттер, жеке көсіпкерлер, жеке нотариустар, адво-каттар елеуметтік салық төлеушілер болып табылады.
Жүмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзгеде материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса ал-ғанда, жүмыс беруші төлейтін ақша немесе заттай нысандағы кез келген табыстар, сондай-ақ өтемді қызметтер корсету шарт-тары бойынша жеке түлғаларға төлемдер (жеке кәсіпкерлерге төлемдерді қоспағанда) түріндегі оның қызметкерлерге төлейтін шығыстары резидент-заңи түлгалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін түрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, заңи түлғаның қүрылымдық бөлімшелері үшін өлеуметтік салық салудың объектісі, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін олардың оздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны бүл салық салудың объектісі болып табылады. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептелген өлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңна-масына сөйкес жүктілігі мен босануына, жүмысқа уақытша жа-рамсыздығына байланысты болінетін әлеуметтік жәрдемақылар, үлбала немесе қызбала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленетін әлеуметтік жәрдемақылар сомасына түзетіледі. Жога-рыда аталған әлеуметтік жәрдемақылардың толенген сомасы есепті айда есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кет-кен жағдайда асып кеткен сома келесі айға ауыстырылады.
Қазақстан Республикасының резидент-заңи түлғалары, сон-дай-ақ қызметін Қазақстан Республикасында түрақты мекеме ар-қылы жүзеге асыратын бейрезиденттер шетелдік заңи түлғалар-дың филиалдары мен окіддіктері мынадай молшерлеме бойынша әлеуметтік салық толейді:
Қызметкердін салык, салатын табысы
|
Мөлшерлемесі
|
15 еселенген жылдық есептік корсеткішке дейін
|
салык. салынатын табыс сомасынан 20 пайыз
|
15-тен 40 еселенген жылдық есептік корсеткішке дейін
|
15 еселенген жылдык. есептік корсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз
|
239 40-тан 200 еселенген жылдық есептік корсеткішке дейін
|
40 еселенген жылдық есептік корсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 12 пайыз
|
200-ден 600 еселенген жылдық есептік корсеткішке дейін
|
200 еселенген жылдык. есептік корсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 пайыз
|
600 еселенген жылдык, есептік корсеткіштен бастап жоне одан жогары
|
600 еселенген жылдык есептік корсеткіштен салык сомасы + одан асатын сомадан 7 пайыз
|
Қазақстан Республикасының резидент-заңи түлғалары, сон-дай-ақ қызметін Қазақстан Республикасында түрақты мекеме ар-қылы жүзеге асыратын бейрезиденттер әкімшілік-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердің шетелдік мамандар үшін мынадай мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық телейді:
Қызметкердіц салық салынатын табысы
|
Мөлшерлемесі
|
40 еселенген жылдык. есептік корсеткішке дейін
|
салық салынатын табыс сомасынан 11 пайыз
|
40-тан 200 еселенген жылдык. есептік корсеткішке дейін
|
40 еселенген жылдық есептік корсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 пайыз
|
200-ден 600 еселенген жылдык. есептік корсеткішке дейін
|
200 еселенген жылдык. есептік корсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 пайыз
|
600 еселенген жылдык есептік корсеткіштен бастап жоне одан жоғары
|
600 еселенген жылдык, есептік корсеткіштен салык. сомасы + одан асатын сомадан 5 пайыз
|
Жеке кәсіпкерлер, арнаулы салық режімін қолданатындарды қоспағанда, жеке нотариустар, адвокаттар өзі үшін үш айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін екі айлық есептік корсеткіш мөлшсрінде, ал тірек-қимыл мүшесі бүзылған, есту, сөйлеу, көру қаблетінен айрылған мүгедектер жүмыс істейтін ма-мандандырылған үйымдар 6,5% мелшерлеме бойынша әлеуметтік салық толейді. Арнаулы салық режімдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңи түлғалар үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері белгіленген.
Әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Патент және оңайлатылған мағлүмдама негізіңде арнаулы салық режімдерін қолданатын шағын бизнес субъектілері — заңи түлға-лар мен жеке көсіпкерлер әлеуметтік салықты төлеуді салық салу-дың осы тәртібімен қарастырылған басқа салықтармен жиынтық сома түрінде жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |