21-тапсырма. «Мәдени ескерткіш» тақырыбында эссе жазыңыз.
Керекті сөздер: рухани қазына, мәдени мұра, таусылмас байлық, әдемі
ғимарат, белгілі тұлғалар, өшпес тарих.
22-тапсырма. Екі қатардан мағыналары жақын сөздерді табыңыз.
1. ----------------- мекенжай 1. уақыт
2. ------------------ шағынаудан 2. тізім
3. ------------------ тиесілі 3. қолдану
4. ------------------- мерзімі 4. мүмкіндік
5.-------------------- тізбе 5. жақ
6. ------------------ пайдалану 6. растау
7. ------------------- жұмсау 7. қалдыру
8.-------------------- қабілет 8. салық төлеу
9.--------------------- тарап 9. ықшам аудан
10.------------------- куәландыру 10.меншігінде
11. ------------------ сақталу 11.жіберу
12. --------------------салық алу 12.тұратын жері
23-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып шығыңыз.
Ғұмар Қараш 1875 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келді. Ол әрі ақын, әрі қоғам қайраткері. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 жылдан өз ауылында бала оқытады. 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газетінің жұмысына ат салысады. Сол жылдары Орынбор қаласында, Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен, ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр», «Көкселдір» атты екі жинақ жариялайды. Ғұмар Қараштың «Бала тұлпар», «Қарылғаш», «Тумыш», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» атты бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім», «Өрнек», «Бәдел қажы» дейтін үш зерттеу еңбектері бар. Ғұмар Қараштың өлең-толғауларында, көсемсөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, тағы басқа мәселелер туралы толғанады. Патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең, толғаулары философиялық ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі. 1918 жылы Ордадағы педтехникумға сабақ береді. 1919 жылы Бөкей губаткомында қызмет етеді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңғыш педагогикалық журналы «Мұғалімге» басшылық етеді, сол журналда «Педагогика» деген еңбегін жариялады. 1920 жылы Бөкей губаткомында бөлім басқарады. 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза табады. Ғұмар –жиырмасыншы ғасыр бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы», «Шора», «Абай» сияқты газет, журналдарда «Бұл қай заман?», «Тіршілік таласы», «Тәнсіз жан жоқ», «Жастарға», «Әрине, күнелту керек», «Ұлт және туған тіл», «Әсер», «Қазақтар хақында», «Әйелдер хақында», «Заң мәселесі», «Жүгенсіздік адамға жол ма еді?» тағы басқа мақаларын жариялаған. Ғұмардың шығармаларын «Ғұмар Қараш баласы», «Ғұмар Қарашұлы», «Ахунд Ғұмар Қарашұлы», «Ғұмар Қараши», «Бөкей елінің бір баласы», «Ғ.Мұштақ», «Ғабдолла Мұштақ», «Оразақай», «Қазақаев», «Ғұмар Қарашев» деген есімдермен жариялап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |