1-тапсырма. Берілген тақырыптар бойынша әңгіме құрастырыңыз.
«Денсаулық – зор байлық»
«Күн, су және таза ауа – дертке дауа»
«Ас –адамның арқауы»
«Демала білу - өнер»
«Шынықсаң – шымыр боласың»
Тірек сөздер:
биік-аласа ащы-тұщы жас-кәрі
үлкен-кіші ақылды-ақылсыз күн-түн
жаңа-ескі жарық-қараңғы артық-кем
жақсы-жаман ақ-қара сырт-іш
аз-көп ерте-кеш ыссы-салқын
ұзынды-қысқалы ауыр-жеңіл отыр-тұр
кең-тар таза-лас қатты-жұмсақ
2-тапсырма. Антоним сыңарын жазыңыз.
Ұқыпты – жуас –
Үйленген – жалқау –
Сабырсыз – сыйлы –
Ұшқалақ – ашық –
3-тапсырма. Өзара сұхбаттасыңыз. Бизнесмен адам қандай болу керек? Антонимдерді міндеті түрде пайдалаңыңыз.
Мінезі қандай болу керек?
Қандай киім киюі қажет?
Ортада өзін қалай ұстауы керек?
Нені ойлау қажет?
Үлгі: Меніңше, безнисмен адамның мақсаты болу керек және үнемі істің басында жүру қажет.
4-тапсырма. Сөйлемдердің ішінен қарама-қарсы мәндес сөздер теріп жазыңыз.
1. Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел – оның серігі, көмекшісі. 2. Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос. 3. Адам өмірінде әртүрлі жағдайлар болып тұрады. Сондықтан да жақсылыққа қуану, жаманшылыққа ренжу – адамға тән қасиет. 4. Достық пен дұшпандық, қастандық пен ізгілік дегенді қалай түсінесіздер?
5-тапсырма. Берілген сөздерді сәйкестеңдір
1. Салқын а) оң жақ
2. Ақылды ә) аласа
3. Биік б) жылы
4. Жоғары білім в) ақылсыз
5. Сол жақ г) осы аптада
6. Жақын ғ) орта білім
7. Келесі апта д) алыс
8. Айыпталушы е) шығыс
9. Дәлелді ж) жәбірленуші
10. Кіріс з) дәлелсіз
6-тапсырма. Мәтіндерді оқыңыз. Қарама-қарсы мәндес сөздерді табыңыз.
Қорқыт ата
Қасиетті Қорқыт ата адам өмірінің соншалық шолақтылығына наразы болып, мәңгілік өмір іздеп, дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қай ойпатқа түспесін, қай қыратқа шықпасын сарғаймайтын бақша-бау, шөкпейтін асқар тау, үгілмейтін тас, қартаймайтын жас кездестіре алмайды. Қай қалаға барса, сол қалада көр қазып жатқандарға тап болады. Ақыр аяғында ажалға қарсы ем таппай, өлмес өмірді өнерден іздеп, күй шығарады. Адамның өзі өлсе де, ісі, өнері өлмейді деп түйеді. («Бес ғасыр жырлайды» кітабынан)
Достарыңызбен бөлісу: |