Диссертация төлешбеков мәжід раушанбекұлы ХІХ ғ. Осман империясының Германиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары


Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері



бет11/12
Дата09.06.2023
өлшемі48.13 Kb.
#474891
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Айнурға

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмыс хронологиялық жағынан ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен тақырыптың негізгі тұжырымдарын нақтылау үшін ХХ ғасырдың алғашқы жылдарын қамтиды. Бұл кезең, Осман империясының саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда құлдырауымен сипатталады. Зерттеу жұмысында, осы кезеңде Осман империясының Германиямен сыртқы саяси және экономикалық салалар бойынша бағыттары зерттеледі.
Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы. Зерттеу жұмысы территориялық жағынан тақырыпқа қатысты болып отырғанындай, Еуропа аумағын, Балқан, Таяу Шығыс, жалпы Осман империясының және Германия территорияларын түгел қамтиды.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Диссертациялық жұмысты Осман империясының тарихын, ХІХ ғасырда империяның ішкі-сыртқы саяси және экономикалық тарихын, Осман империясы мен Германия арасындағы саяси байланыстар тарихын, сондай-ақ жалпы ХІХ ғасырдағы халықаралық қатынастар тарихын оқытуға арналған арнаулы курстарда кеңінен қолдануға болады. Сондай-ақ, зерттеу жұмысының ғылыми материалдары XІХ ғасырдағы Еуропа тарихы, Халықаралық қатынастар тарихы, Еуропа мемлекеттерінің сыртқы саяси және экономикалық тарихы пәндері бойынша оқытылатын лекциялар мен семинарларға пайдаланылады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында жинақталған ғылыми материалдар еліміздің жоғарғы оқу орындарында тәуелсіздік жылдарынан бергі кезеңде жаңадан енгізіліп отырған, Түркия тарихы, Осман империясының тарихы, Осман империясының сыртқы саясаты, Түркі халықтарының тарихы, Түркі мемлекеттерінің тарихы сияқты арнаулы дәрістер курсын дайындауда және оқулықтар мен хрестоматиялар шығаруда пайдаланылады. Диссертациялық зерттеу жұмысында ұсынылған ғылыми тұжырымдар мен жаңалықтар Қазақстанда осман тарихын зерттеумен айналысатын жеке ғылым саласының қалыптасуына өз үлесін қосады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс 2016 жылы 10 наурызда Сырдария университетінің Тарих факультеті Дүние жүзі тарихы кафедрасында сыннан өткізілді. Онда тақырып аясында баяндама жасалып, ғылыми жетекші, кафедра профессорлары мен оқытушылары арасында талқыға түсті және қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысы туралы жарияланымдар. Диссертация тақырыбы бойынша екі ғылыми мақала жарияланды. Оның бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысының Тарих сериясында жарияланды. Тақырып бойынша жазылған келесі бір мақала Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысының «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясында жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет