Дістемелік кешені



бет37/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Лекция 11. Тақырып:
Қазіргі қазақ прозасындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім

    1. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы тарихи бейнелер.

11.2 .Роман хамсадағы Хакім Абай және оның шәкірттері.
11.3. Роман-хамсадағы Алаш көсемдерінің бейнесі.
11.4. С.Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясындағы психологиялық ерекшеліктер
ТАРИХИ ШЫНДЫҚ – ӨМІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ КӨРЕМДІК КӨРІНІСІ
(Р. Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” роман-хамсасының негізінде)
Қазақ әдебиеті тарихының қалыптасу, даму кезеңдерін құрайтын көркем шығармалардың барлығы да рухани құндылықтарымыз болып саналады. Халқымыздың басынан кешірген қоғамдық-әлеуметтік окиғалары, тұрмыстық жағдайлары эпикалық, лирикалық, драмалық әдеби тек жанрлары жүйесіндегі шығармалар арқылы бейнеленді. Қазақ әдебиетінің ежелгі сақ, ғұн және түркі өркениеті дәуірлеріндегі фольклор мен әдебиет мұраларының халықтығын дәлелдейтін тұрмыс суреттері, ата-бабалар мен кейінгі ұрпақтар дүниетанымы араларындағы көзқарастар сабақтастығы сөз өнері туындылары арқылы бейнеленіп, бүгінгі заманға ұласқаны ақиқат. Бұл - әлем әдебиеті дамуындағы көркемдік жалғастық заңдылығы.
Көркемдік жалғастық - сөз өнері шығармалары дамуы үдерісіндегі және романтизм, реализм әдістерінің де өміршең болмысының негізі. Ал, әдеби дамудағы көркемдік жалғастық адамзат дамуындағы көрнекті тұлғаларды, олардың қоршаған әлеуметтік ортасын, уақыт пен кеңістіктегі заман келбетін сөз өнері шығармаларындағы тарихи шындық заңдылықтары аясында қарастырады.
Қазақ әдебиетіндегі романистиканың қалыптасу, даму жолында тарихи шындық эпикалық шығарманың сипатына тән басты поэтикалық ерекшелік ретінде колданылады. Әдебиеттану ғылымының теориялық қисыны бойынша бұл өзекті мәселе көркем шығармалардың халық тарихын негізге ала жасалатын поэтикалық ерекшелігі тұрғысында бағаланады:
“Тарихи шындық - өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі. Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған уақиғалар
Қаңғырып кеткен әкеңді
Қайдан іздеп табайын”, –
деп (Р.Тоқтаров, 1999) жырлауынан кейін Абай атанып кеткен баласына дүниеге келген күнінен бастап ерекше ілтипатпен қараған. Романда Құнанбайдың осы Абайын таныған, оны медеу тұтқан, онымен үнемі сұхбаттасқан, үміт артқан сәттері идеялық-композициялық негізгі желі етіп алынған. Абайының дүниеге келетінін түсінде Әнет бабасының бейнесімен көрінген Қыдыр-ғалейіссаламның аяны арқылы білген Құнанбай оны жорыған Дәуітбай қажының (Шайқы-бұрқының) сөзі бойынша: “...Аяздай әділ, Апылатондай білімді, жүрегі жұмсақ кұл - осы айналаңның біріне тартпаған шын мейірбанды перзент келеді” (Р.Тоқтаров, 1999) дегеніне сенеді.
Романда Құнанбайдың қазақ жұрты үшін өзінің патшалық әкімшілік басқару билігін, аға сұлтандығын ағартушылық-әлеуметтік мақсаттарына пайдалануға ұмтылған әрекеттері айқын көрінеді. Қазақ халқын біржола отырықшы етіп, оқу-білім, мәдениет жетістіктерін игертуге ұмтылысы (қазақ және орыс тілдерінде мектеп ашуды үкіметтен сұрауы, Қарқаралыдан мешіт салуы, өзінің Меккеге қажылыққа баруы, Меккеде қазақтар жататын арнайы үй салдыру, т.б.) - деректілікте негізделе өрнектелген.
Құнанбай - қазақ өркениетінің ежелден жалғасқан далалық жетістіктерінің жинақталған тұлғасы. Тұлғаның поэтикалық сымбатын құрап тұрған оның бойында қазақты жұмылған жұдырықтай ауызбіршілікте ұстау, халқының ежелден калыптасқан дәстүрлі қасиеттерінің ақсақалдарды, би-шешендерді, ақын-жырауларды, ата-бабаларды құрметтеу, салтта жоқ тосын, жат әрекеттерге тиым салу, ұлттық және діни-исламдық салт-дәстүрлерді қатаң сақтау, т.б. болуы - халыққа аса ықпалды өнеге болып танылған. Романда Құнанбайдың Асан Қайғы, Үмбетей, Бұқар жыраулардың және өз замандасы Орынбай, Балта ақындардың толғау-термелеріне, бұрынғы-соңғы би-шешендердің (Әнет Баба, Кеңгірбай, Алшынбай, т.б.) толғаныстарын тағылым етіп ұстануы сюжеттік-композициялық өрілім жүйесінде айқын көрінеді. Әсіресе, Құнанбайдың Алланың бірлігін, Құранның шындығын, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) елшілік хақтығын ұстанған мұсылмандық дүниетаным көзқарастары романның идеялық-көркемдік сипатын дәйектей түскен.
Құнанбай өмірінің бұрын қамтылмай келген деректі шындығы Шыңғыс және оның баласы Шоқан Уәлихановқа қарым-қатынасы еді. Романда жазушы көркем шығарманың әдеби сипатын байытатын тарихи шындық поэтикасының тәсілі көркемдік ойлауға тән сюжеттік эпизодтар жасаған. Жай кезде өр мінезді, тәкаппар, қатал Құнанбайдың Шыңғыс төремен алғашқы дидарласуындағы қалпынан хан тұқымдарын, төрелерді сыйлаған қазақы тектілік мінез-құлық қасиетін айқын танимыз:
“Шыңғыс бұларға ертеңінде де келіп қайырлы болсын айтпағасын, Алшынбайдың жұмсауымен ұят-намысты жиып қойып, Құнанбайдың өзі барды. Бірақ дауыстап сәлем берген жоқ, қолын кеудесіне қойып:
- Алдияр, тақсыр! - деп ілтипат білдіріп, босағадан аттай бере қалт тұрып қалды” (Р.Тоқтаров,1999). Осы кездесуден соң Шыңғыстың Санкт-Петербургтегі Эрмитажға барғанда төрт бұрышты шынының ішіне салып қойған Кенесарының бас сүйегін көрген сәттегі жан күйзелісін айтқан әңгімесі арқылы жазушы құлдық бұғауына мәңгілік шырмалған ұрпақтарға арналған күрескер ата-бабалар айбатын анық білдірген:
“Сол арада тістері ырсиған жалаңаш бас сүйектің өзі маған тіке қарап: «Немене, келдің бе? Арманыңнан шыктың ба? Аңырап бір қалғанда білерсіңдер менің қадырымды!» деп, сарай ішін жаңғырықтыра ақырғандай болды” (Р.Тоқтаров, 1999).
Ал, Құнанбайдың ерікті үй тұтқыны болып, Омбыда қамауда үш ай болған кезінде Қарқаралы дуанына арнайы барып, елге беделді билердің (Әлтеке-Сырым Жанғұтты, Тіленшіұлы Тоқсанбай, Байбөрі Сүйіндік, т.б.) кепілдемесімен уақытынан ерте босатқан Шыңғыс сол істің қайырлы болып аяқталуын баласы Шоқанға тапсырады. Шоқан генерал-губернатор Гасфорттың рұқсатымен Құнанбайды біржолата босатып, соны хабарлауға келгенде оған берген бағасы да, батасы да тұлғаның қазақ ұлтының мәңгілік бақытын тілеуші қайраткерлік-көсемдік болмысын дәлелдей түседі:
“ - Алты алаштың бағына біткен жаңа өркенсің, түймең қайырлы болсын, Шоқанжан!
... Білетінім, халқыңның маңдайына бітетін жарық айы тура өзің болғалы тұрсың, қалқам!
... - Сені зор етіп тұрған білімің. Сол біліміңе нұр жаудырып тұрған таза жүрегің барын сеземін... Тұйғындай тұғырыңда отырып, қанат қағыпсың, кемел күйіңе жеткеніңнің белгісі - ол. Қыран болып самғағаныңды, бүкіл дүние жүзін шарлайтыныңды көріп тұрмын.
Әмісе соған жазсын, балам...” (Р.Тоқтаров, 1999).
Шоқанның аға сұлтандыққа бекімей қалғандағы Құнанбай мен Шыңғыстың күйзелістерін де ( “... Құнанбай өз басына тиген соққыдан кем қабылдаған жоқ еді. ... Шыңғыс екеуі оңашада мұңдасып отырып жыласып та алған ” (Р.Тоқтаров, 1999) автор тарихи нақтылық пен көркем шындық тоғысымен баяндаған. Ал, Шоқан қайтыс болғанда қайғыдан қабырғасы сөгілгендей басын көтермей жатып қалған Шыңғыс әкесі, ешкімнің жұбату сөзіне құлақ аспағанда Шыңғыстаудан бәйбішесімен жеткен Құнанбай ғана қайғылы достың еңсе көтеруіне дауа болғанын жазушы тарихи шындық бояуларымен жеткізе білген:
“ - Көтер басты, төрем! - деген Құнанбай есіктен кірген бойда түрегеп тұрып. - Өлмесе ата-бабаң қайда кетті? Жалғанның жарығынан күйік тартып өтер жалғыз сен болармысың осы! Иманы жолдас болсын алты алаштың маңдайына біткен асылымыздың! ”(Р.Тоқтаров, 1999).
Жазушы Құнанбайдың отбасындағы әулеті мен ағайыны және жалпы қазақ халқы ортасындағы күрделі болмысты кесек тұлға екендігін оның жұртшылыктың және жеке адамдардың арасындағы сөйлеген сөздері, жасаған іс-әрекеттері арқылы толық қамтуға тырысқан.
Құнанбай - тарихи тұлға. Биліктің қандай тізгінін (аға сұлтандық, старшындық) ұстағанда да қазақтың бірлігін, өсіп-өркендеуін, болашақ тағдырын ойлайтын камкөңіл әрі ашулы, әрі мұңлы-шерлі мінезімен ерекшеленеді. Шынайы өмірдің тұрмыстық-әлеуметтік қозғалыстарында, әрине, оның да өзіндік қайшылықтары кемшіліктері болғаны ақиқат. Бірақ, көркем шығармадағы әдеби тұлғаның классикалық деңгейдегі бейнеленуі тарихи шындық поэтикасының заңдылықтарына сүйенеді. Автор Құнанбайдың табиғи болмысындағы жанжүйесінен туындаған ақыл-ойдың жемістері болып төгілетін даналық толғамдарын романның сюжеттік-композициялық желісіндегі идеялық мақсатқа орай тиімділікпен қолданған. Құнанбайдың айтқан дидактикалық-философиялық толғаныстары автордың өзіндік стилімен өріліп берілсе де тарихи тұлғаның шынайы лебізі екендігі күмән туғызбайды. Мысалы:
1. “...бірлік елдікте де, ерлікте де емес, қауымдастықта. Қауымдасың
мықты болса, киіз қазақты жерге енгізер темір тоқпағың да сол... “Бас басыңа
би болсын, Манар тауға сыймассың, басалқыңыз бар болса, жанған отқа
күймессің” деген қайда! ” (Р.Тоқтаров, 1999).
2. “...Атаның атында емес, ғалымның хатында тұр - ендігі қазылық.
Ақыл қоссаң, осымен косасың. Мен елге өнер үлгісін, мәдениет шашқым
келді. Ол үшін өзіме күшті тірек, шоқтай жиын жасап алмақ едім. Жазсам,
осыдан жазған шығармын” (Р.Тоқтаров, 1999).
3. “...Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық - бәрі қайраттан.
Қайратсыздық тез оңар әсіре қызылға үйір етеді” (Р.Тоқтаров, 1999).
4. “...Бенде әуелі жасқа сосын қызыққа тоймайды. Жасты жасай беру
мұрат болса болар, қызыққа тоймау - харам іс. Имандылық, қанағат керек”
(Р.Тоқтаров, 1999).
5. “Біз тіршілік құратын дүние - үлкен жұлдыздың іші. Алла тағаланың
хикметі сол жұлдыз ішінен көк күмбез төңкеріп, айнала он сегіз мың
ғаламның тіршілігіне лайықтап мекен-қоныс жасауы” (Р.Тоқтаров, 1999).
Романда Құнанбайдың қажылықтан оралғаннан кейінгі кезеңіндегі тұлғасы отбасына да, ауыл-аймағына да имандылық ұлағатын ұялатқан қасиетті ел абызы кейпінде суреттелген. Дүниеге келіп жатқан шөбересі Әукен “Шөберенің қолынан су ішкен жұмақтың төрінде отырады” деген халық даналығы дәстүрімен алақанындағы суды ұсынғанда өзінен-өзі; кенет тіксіне, шошына отырып, бірақ батасын (“Аталық ризашылығым - Жаратқан иемнің нұр-шапағаты жаусын. Қабыл болсын ниеттерің!”) береді, келесі күні Нұрғанымға қазақ халқы тағдырының болашақта аса ауыр күйзелістерге, ауыртпалықтарға толы болатынына байланысты болжамын да, көрген жағымсыз түсін де айтады:
“Кеше менің шөберенің алақанына тұнған тамшы судан көргенім-алдағы бүлініп-қирағалы түрған заманның бейнесі. Ұзаса енді қырық-елу жылдан соң түгел өріс тарылып, уайым-қайғысыз масайрап жүрген осы күнгі халық ақырзаманның тар қақпасының түбіне барып ұйлығады.
... Жаратқан иемнің өзі соны аузыма сап айтқызып отырса қайтемін?
... Қырық күн шілдеде бір зәһар үскірік ескелі тұрғандай. Дем тұншықтырып, бет қаратпайды. Аспан мен жердің арасы от-жалын құшып өртеніп жатыр. Сол өрт ішінен мылтықтарын шошайтып көп аттылы әскер, сұр шекпенді сұрапыл тобыр шығады екен. Бас-аяғы, бітім-тынымы жоқ, жойқын-шұбырынды. Адам дейін бе, аң дейін бе, маң дала өңкей бір киімшең сұлап, серейіп құлап түсіп жатқан қара-құраға толған...
... ендігі келер ұрпақ осы уақытпен, осы қазіргі шыбынсыз жаз күндерімен жылап көрісетін болады” (Р.Тоқтаров, 1999). Романдағы Құнанбайдың аузымен түс пен қиял желісі тұтастандырыла айтылған болжамдар айрықша сапалы қасиетті адамдарға тән психологиялық ерекшелікке сәйкес алынған. Тарихи шындық поэтикасының заңдылығына орай авторлық көркемдік шешіммен өрнектелген Құнанбайдың толғаныстары қазақ тарихының арғы-бергі жолындағы ойшыл қайраткерлеріміздің XX ғасыр белесінде орын алған ауыртпалықтарды, тауқыметтерді, апаттарды болжаған ойларымен толық үндеседі. Демек, романның басты кейіпкері Құнанбайдың поэтикалық тұлғасын романтизм және реализм көркемдік әдістері жүйесімен сомдаған жазушы тарихи шындық поэтикасының көркем шығарманың өзегі екендігін дәлелдеген.
Сөз өнері тарихындағы шағын, орта, үлкен көлемді эпикалық әдеби тек жанрларының бәрінін де әуелі негізі қоршаған тіршілік қозғалыстары.
Тіршілік қозғалыстарының сан алуандығы, өзара ұқсастығы да, бір- біріне үндеспейтін, үйлеспейтін өзгешеліктері де егізделген, сапырылысқан қалпындағы ырғағымен жүріп жатады. Әдебиеттанушы З. Серікқалиевтің пікірі тіршілік мазмұнының сан салалы, алуан құбылысты өзгешеліктері мен үндестіктерінің тағылымын есімізге салады:
“Тарих тек теңіз шайқалтар жалды оқиғаларымен, қол бастар көсемдерімен ғана табындырмайды, күнделікті, байырғы жым -жырт ағысымен –ақ ойлы көкірекке өз болмысын осынау бейбіт даму өрісінде бірдеңе тындыра алатын мағыналы жұрағатымын деп сезінуге жағдай туғызар тағылымды табиғатымен де бірегей танылуға тиіс” (З.Серікқалиұлы, 1994).
Демек, көркем шығармалар бүкіл тіршілік қозғалыстарын, жанды және жансыз тіршілік иелерінің әркайсысының уақыт пен кеністіктегі дербестіктерін, өзара сабақтастығын – барлығын да қамти алады. Әрине, көркем шығарма авторының дүниетанымының ұлттық және бүкіл адамзаттық адамгершілік дәстүрлерінен хабардарлығы мен табиғи түйсігі, қабылдауы, қорытуы өнер туындыларының тарихилығын, көркем шындық жинақтауларымен қорыта жазуына мүмкіндік жасайды.
Сөз өнері мұраларының барлығында да адам тұлғасы, іс-әрекеттері негізгі нысан, желі болады. Академик М.Қ. Қаратаевтың пікірі көркем әдебиет шығармаларындағы адам және оның жан әлемін, қоршаған қоғамдық-әлеуметтік орта сабақтастығын кешенді қалпымен түсінуге жетелейді:
“Дүние жүзі әдебиетінің бұрын-соңды жасалған оңды үлгілерінен реалистік көркем туындыға үнемі өзек болған адам өмірін, адам образын көреміз. Сондықтан әдебиеттің дүниетанытқыш және тәрбиелік құны адам өмірін қаншалықты толық, терең, нәзік суреттеуімен өлшенбек....Ал реализмнің басты принципі-адамды қоғам өмірімен байланысты алып, оның сол қоғамдағы орнын, атқаратын қызметін істейтін еңбегін, тұрмыс күйін типтік жағдайда шыншылдықпен суреттеу, оның характерін шын типтік сипаттарымен ашып, ақиқат даралық қасиеттеріне қиыстыра бейнелеу десек, осы принцип қазақ әдебиетінде ұзақ уақыт үлкен қиындығымен бірте-бірте жеңіс тауып келе жатқанын айтуымыз керек. Мұның айқын көрінісі, әсіресе, роман жанрының дамуынан байқалады” (М.Қаратаев 1969).
Бұл қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы дамуы табиғатынан, оның ішінде роман жанрындағы шығармалардың поэтикасын зерделеуден түйінделген пікір.
Қазіргі қазақ романдары ХХ ғасырдың 90 - жылдарындағы қоғамның еркін ойлау сілкіністерінің әсерінен адам мен әлеуметтік орта шындығын классикалық көркемдік үрдістер аясында жаңаша бағалауымен ерекшеленеді. Себебі, көркем әдебиет шығармаларының бәріне де негіз болатын тарихилық әрбір кезеңнің дәуірнамалық жаңалықтарымен қаруланады. Қаламгерлер туындыларындағы мазмұн мен пішін жаңашылдығына өмір сүріп отырған қоғамдық құрылыс жүйесі ықпал жасайды.
Р. Тоқтаровтың роман-хамсасының “Толғақ” атты бірінші кітабының идеялық-композициялық желісі бастауында осы тарихи кезең шындығы, тұлға тағдыры суреттелген. Романдағы тарихи тұлғаның көркем бейне сипатын даралауда кескін-келбетті (портретті) реалистік тұрғыда суреттеуге мән берілген. Мысалы, романның басталуындағы Кенесары ханның кескін-келбеті тарихи-этнографиялық табиғи бояуларымен бейнеленген:
“Маңдайшасына алтын ай орнатқан жібек шатыр аузында, шошақ арқалы биік тақ үстінде - иығында бота жүнінен тоқылған сырмалы жеңіл шекпен, қара мақпал бешпетінің омырауы ашылып, тізелерінің үстінде жатқан алдаспанын анда-санда бір сығымдап қойып Кенесары ханның өзі отыр. Алау жарығында кызыл шырайлы өңі алтынның буына ұстағандай жылтырай балқып, құндыз жиекті көк бөркінің астынан білінген торсық шекесі жарқырап, шаршағандық белгісі ме, қимылсыз қадала қарайтын сәл қысыңқылау отты көздері ара-тұра жұмылып кетіп қояды” (Р.Тоқтаров, 1999).
Тарихи тұлғалардың кескін-келбетін қаламгерлер көркем бейненің шынайылығын танытатын реалистік танымға негіздеп береді. Тарихи тұлғалардың шынайы кескін-келбеті арқылы олардың табиғи мінез-құлық психологиясы да, киінген киімдері де уақытына сәйкес дәстүрлі болмысына лайықты етіліп жинақталады.
Жазушы Р. Тоқтаров күрделі мінез иесі Кенесары ханнын кең ойлы кемеңгерлігін, қазақ халкының мемлекеттік тәуелсіз дербестігін жасау жолындағы күрескерлік мұратын романның идеялық-композициялық желісіндегі диалогтар мен монологтар арқылы да дәлелдеген.
Тарихи тақырыптағы көркем шығармалардың мазмұны мен пішіні жүйесіндегі барлык оқиғалардың басты түлғасы – көркем бейне. Көркем бейненің прототиптік тұлғасының тарихтағы шынайы іс-әрекеттерін, мінез-құлық қасиеттерін әбден зерттеп, зерделеп таныған нағыз жазушы суреткерлік пайыммен, көркемдік жинақтау жолымен эстетикалық әсері айқын поэтикалық тәсілдерді қолданады. Көбінесе, көркем бейненің әдеби шығарма композициясына нысан болған болмысын даралай мінездеуде дәстүрлі жырлай арнаудың прозадағы монолог үлгісі қолданылады. Мысалы, Р.Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” романындағы Кенесары ханның қазақ даласынан басқа өлкеге ауардағы қоштасу-арнау монологы мен іс-әрекеті әдеби көркем бейненің тарихи деректі тағдырына сәйкес өрілгені анық байқалады:
“ - Уа, кір жуып, кіндік кескен туған елім! Сарыарқа сары белім! Абылай атам ту тіккен, алты алашқа кең жазира қоныс болған алтын босағам... Керме иықтым кеңестен, керторы атым жүрістен калып барады. Жасанған жаудан емес, жағадан алған өз иттерімнен жеңіліп мен кетіп барамын. Қош-кош, енді айналып келгенше. Жеңсек - қазы, өлсек - шейітпіз. Шашылған күлің мен жапырылған шалғының кейінгі өсіп-өнетін ұрпағыма көрінсін. Боз інгенім ботасынан, боздауық бура жетесінен қалып бара жатса да үйелменім аман болсын! Абылайдай атағы жер жаратын ұл тусын Сарыарқамда. Сол бастасын халқымды салқар ұлы көшке. Есіңде сақта осы сөзімді, қайран ел-жұртым, қазағым! Мен келмеске кетпеспін, біржола. Тірі болсам өзім, өлсем, аруағым қайтып кеп оралар. Қош-қош енді... - деп өзі бүгіліп отыра кетіп, жерден бір уыс топырақ алып, қалтасынан шығып тұрған сары жібек орамалының шетіне түйді де, одан соң жан адамға қайырылмастан қасына кеп мойнын төмен салып тұрған ерттеулі ақ боз атына ырғып мініп, бар әскердің алдына түсіп, тез ағындап жөнеле берді” (Р.Тоқтаров, 1999).
Тарихилық – көркем бейненің реалистік негізі. Р.Тоқтаровтың роман-хамсасында Кенесарыға байланысты деректер мол пайдаланылған “Қол басындай-ақ өте кішкентай” болып туылғанына байланысты “Қадалған жерінен қан алатын сары кенеге баламалап Шоқай бидің Кенесары есімін қойғанын да автор үйлесімді келтіреді. Роман-хамсаның келесі кітаптарында ханмен замандас болған тарихи тұлгалардың (Құнанбай, Абай, Шоқан, т.б.) Кенесары ісінің, көзкарастарының жалғасындай ұлағат желісі жалғастырыла қамтылады. Құнанбайдың іштей Кенесарыны қолдағанын, сыртымен ғана патша үкіметі жағында секілді көрінгенін де жазушы тарихи дерекке негіздеген. Алатауға беттеген Кенесарының Құнанбайға Смайылбектің Саркөгі арқылы айтылған аманаттары да жеке тұлғалар мен халық тағдырының тұтастығын дәлелдейді. Кенесарының бірінші аманаты- отарлаушы жауды енді іштен шалып күресу, халықты жүдетпеу, “қара шаңырағының күйреп ортасына түспеуін” ойлау; екінші аманаты — “...қашан шешілгенше бойтұмардай сақтасын!” деп беріп жіберген “...Түріктің туы...Кенекеңнің артына, сенім артқан жұртына қалдырған жалғыз белгісі...” (Р.Тоқтаров, 1999).
Көркем бейненің тарихи деректерге негізделе отырып, әдеби шығарманың халықтық сипатын күшейте түсетін мұндай ерекшеліктері жазушының шеберлік тәсілі тұрғысында айқындалады.
4. Қорытынды. Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ романдарының көрнекті үлгілерінің бірі Р.Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” атты роман-хамсасындағы Кенесары ханның көркем бейнесі шығармашылық үрдістегі тарихилықпен тығыз тұтастықпен сомдалған. Тарихи тұлғалардың күрделі тағдырлы іс-әрекеттері, мінез-құлық қасиеттері, кескін-келбеттері ұлттык-этнографиялық негіздерін сақтай отырып, суреткерлік-көркемдік шешіммен жазылатыны танылады.
Көркем бейненің сомдалуында тарихи деректілік желісі сақталады. Аталған “Абайдың жұмбағы” роман-хамсасындағы халық тарихындағы көрнекті тұлғалардың сомдалуы осы заңдылық бойынша бағаланады. Әдебиеттанушы – ғалым Ж. Тілеповтың пікірі де сөз арқауындағы тарихи деректілік шындық тағылымын дәйектей түседі :
“ ... белгілі бір автор ел тарихымен байланысты шығармасын қай машықта жазса да, ондағы көтерілген мәселе – болған шындықтан ауытқымаған шынайылылықпен ерекшеленбек. Тек сонда ғана назар аударылып отырған туындының бойынан тарихилық ізделмек, ондағы көрініс берген жайлар мен деректілікке ие тарихи құжаттармен салыстырылмақ. Олай болмаған жағдайда тарихилық проблемасы туралы сөз қозғаудың өзі артық” (Ж.Тілепов, 2001).
Қазіргі қазақ романдарындағы тарихи тұлғалардың көркем бейне тұғырында бейнелеуінде осы айтылған пікірге сәйкес заңдылықтың сақталғанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет