Қорытынды. Қорыта айтқанда, романдардың мазмұны мен пішін поэтикалық тұтастықпен жазуда өмір шындығын тарихи шындық поэтикасымен жазудың суреткерлік шеберлікке жеткізетіні айқындалады. Р. Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” роман-хамсасының кең көлемді эпопеялық желісінде тарихи тұлғалардың өзара дүниетанымдық үндестігі де, әрқайсысының даралық өзгешеліктері де айқындалған. Қазақ тарихындағы әлемдік өркениет кеңістігіндегі озық көрсеткіштермен деңгейлес тұлғалардың өмір деректері тарихи-көркем шындық поэтикасымен жинақтала өрнектеліп, қазақтың рухани құндылықтары мұраларының мәңгілік ұлағаты анықталған. Қазіргі уақыт талабымен туындаған қазақ романы ұлт тарихының деректі кезеңдерін, көрнекті тұлғалар тағылымын эпикалық тыныспен бейнелеудің классикалық үрдісін жаңғырта жалғастыруымен ерекшеленеді. Бұл – қазақ сөз өнері дамуындағы тың серпілістің, өрлеудің көрсеткіші.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) Тоқтаров Р.Абайдың жұмбағы:Роман-хамса.– Алматы: Әл-Фараби, 1999. – 752 б. - кітап
2) Әуезов М.О Хан Кене: Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. – Алматы: Жалын, 1993. – 448 б. - кітап
3) Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986. – Т. 1: Өлеңдер мен поэмалар. – 304 б. - кітап
4) Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 354 б. - кітап
5) Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми зерттеулер, еңбектер: монографиялары, мақалалары, сөздері, баяндамалары, өлеңдері, аудармалары, хаттары. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. – 479 б. - кітап
6) Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. – Алматы: Дәуір, 1994. – 448 б. - кітап
7). Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192 б. - кітап
8) М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі. – Алматы: Ғылым, 1997. – 768 б.
- кітап
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СИПАТ ПЕН
Достарыңызбен бөлісу: |