Дістемелік кешені


Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» романы



бет42/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» романы


Қазіргі қазақ прозасындағы табиғат – адам – қоғам қарым-қатынастарын әлеуметтік-психологиялық сарынмен жазған романдар қатарында жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» романын айтамыз.
Жазушы С. Жұбатырұлының «Абыржы» романының тақырыбы – Арал теңізі тартылуынан туындаған экологиялық-әлеуметтік дағдарыс, идеясы – табиғат құбылыстары мен тіршілік иелеріне қалыптасқан жүйенің, бұзылуынан туындаған апат қаупі зардаптарын сездіру.
Роман – ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік жағдайын реалистікпен бейнелеген көрнекті туынды.
Романның идеялық-композициялық құрылымындағы сюжеттік бөліктер сабақтасқан желідегі басты кейіпкер – Медет Мөңкеұлы Жармекенов, 43 жаста, Алматыдағы жоғары оқу орнын оқып, бітіріп су шаруашылығының мамандағын иеленген маман. Туған жері – Арал теңізі жағалауы атырабындағы Бөкен ауылы. Су шаруашылығы саласындағы республикалық мекемелерде ұзақ жылдар бойы жауапты қызмет істеген ол 1993 жылы өзінің туған ауылына оралады.
Жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» романының аталуы да ХХ ғасырды 90-жылдарындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалының, поэтикалық баламасындай алынған секілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (Т. 1. А-Ә) анықтамасы бойынша: «Абыржы ет. Сасу, қысылу, әбігерлену, не істерін білмей абдырау» [148, 39 б].
Шынынды да, «Абыржы» романы – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы еліміздің, оның ішінде Арал теңізі жағалауы алқаптарын мекендеген қазақ ауылдарының тұрмыстық жағдайларын көркем шындықпен бейнелеген.
Романда Арал теңізіне жақын орналасқан елді мекендердің географиялық-топонимикалық сипаты автордың өзіндік атап көрсеткеніндей, негізінен тарихи атауларымен берілген. Романның «Оралу» атты бөлігінде туған топырағына келе жатқан «Зил» машинасының кабинасында отырған басты кейіпкер Медетке сол машинаның шоферінің баяндауы арқылы осы төңірек біршама толық таныстырылады:
«– Алыстан келе жатқан бала сияқтысың. Жан-жағыңа үрке қарайсың. Беті безеріп жатқанға бұл даланы өлген, деме ... Бұл жер не көрмеген! Мынау, өзің қол көтерген жер – Қамбаш деген станса, Арал жұртының алтын табалдырығы» [148, 29 б].
Кеңес үкіметінің басшысы Лениннің сұрау-хаты бойынша Арал балықшыларынының он төрт вагон балықты Поволожьенің, аштықтан бұралып жүрген балаларына жіберген адамгершілік-имандылық көмегін, мұндай қайырымдылықтың отызыншы ашаршылық сүргіні жылдарында да, екінші дүниежүзілік соғыс алапатында да, яғни аштық пен жоқшылықтан қиналғандардың осы Аралдан көмек алғанын шофердің аузымен айтқызу арқылы автор өмір шындығының әлемге танымал шындығын мәлімдеген. Туған өңіріне қайтып келе жатқан Медетке осындай тарихи мәліметтерді баяндап келе жатқан қартаң шофер да туған жерін, атамекенін перзенттік махаббатымен сүйген қазақтың ұлттық көңіл-күйдегі болмысын танытады:
«Ал, мынау сары тостағанда мөлдіреген көк су – Қамбаш көлінің нақ өзі. Аралдан қалған жәдігер. Қамбар батыр осында, анау «Шулаған» шыңының астында, қыз Назымының дидарын көремін деп, ат жалдап келе жатып суға кетеді. Қобыланды батырдың да сүйегі осы маңайда деген ұзынқұлақ бір гәп бар... Мынау – Қосжар. Балық баққан өзгеше кәсіптің жұрты... Мынау – Кәрібөгет (Осы атауға шофердің кәдігі бір: сірә, шалдар аңлап айтса, кеше көктемгі Қамбаш суын, дарияға кері ағызбайтын Керібөгет бұл). Бұл енді, Аралдың курорты, қаласаң Қазақстанның да курорты болар еді!... Мынау – Аманөткел. Осы өткел, онан төмен Қайық ауызы – Хан-Қарға бойлы Қазтуған бидің Қызылқұмға өткен тұсы болуы керек... Мынау – Сарышығанақ жырасы – Арал апатынан далаға түскен тыртық. Арал кесапатының қолдан жасалған ең соңғы жарақаты» [148, 31 б].
Бас кейіпкердің туған ауылына оралуы да – өмір қозғалысы арнасындағы әрі-сәрі күй кешкен адамдар психологиясының абыржы сипатты көңіл-күйінің жинақталған бір үлгісі. Романдағы бас кейіпкер Медеттің 1991 жылға дейін кеңестік кезеңдегі білім алуы, ізденуі, қоғамға өзінше үлес қосқаны – бәрі де уақытымен үндес, шындық қалпымен баяндалған. Кеңестік жүйенің маманы ретінде оның су шаруашылығы саласында еңбек еткені, тіпті Таяу Шығыстағы Араб елдеріндегі суландыру істерін жолға қойған маман қызметін атқарғаны – бәрі де тарихи кезеңнің жүйесі аясында алынған:
Туған ауылына келген Медетті артынан әйелі Зылиха, балалары Мария, Руслан іздеп те келді. Туған топырағын, ауылын өмірі бойы сағынумен, аңсаумен өткен Медеттің өзінің отбасынан ажырауы да, олардың бұл мекенді жатырқауы да – ХХ ғасырдағы адамдар санасынан орын алған өзара суыну, жатсыну сезімдері белең алған, бауырмалдық-туыстық, отаншылдық сезімдердің әлсіреп бара жатқан рухани-экологиялық зардапты жағдайдың болмысы еді.
Өмір бойы алыста, қалада, қызметте жүріп, енді бәрінен де жерініп, суы тартылған, тұрмысы жүдеген ауылына қайтып келген Медеттің халі – жан әлемі таза, ауылда туып, алыстан білім алған ділі мықты қазақ ұлтының нағыз шынайы перзенттерінің табиғи тұлғасын жинақтаған тұлға. Ауылының қарапайым адамдары қуана қарсы алғанымен, ең жақын туыстары, ағалары. Демеу, Үшмырза – бәрі ортаға алып, мұның қаладан осы Бөкен ауылына келуін айыптайды. Ағалары Үшмырза мен Демеудің өзара жалғасқан әңгімелері, диалогтары, ішкі монологтары арқылы Медеттің абыройы аспандап жүрген жағдайының күрт мынадай алаңсыз төмендеуіне зор күйзеліс әкелгені сезіледі. Басты кейіпкердің отбасындағы зайыбын, балаларын қалада қалдырып, ауылына біржолата келгенін өздеріне зор айып, мін санаған ағаларының ішкі жан күйінішін авторлық баяндаумен жеткізуі де өте әсерлі оқылады:
«Кешегі «баланың сідік шаптырым жеріне қарға адым аттау мұң» заманда, Жер-дүниенің әр қиырын өзінің қотанындай аралаған, республикадағы белгілі мекемелерде беделді қызмет атқарған, аты, екінің бірінің өресі жете бермейтін үлкен шаруаларға орай, республика тіпті одақ газеттерінде құрметпен атала бастаған інісінің, кенет түлен түрткендей бүлініп, күйреп, табан астына түскен мына халі түсініксіз, қасіретті, әрі үрейлі еді» [148, 213 б].
Бұл – ХХ ғасырдың 90-жылдары бұрын материалдық және рухани мәдениет салаларында жауапты қызметтер атқарған, бірақ КСРО атты мемлекетінің құлауымен бірге солардың өзінен-өзі керексіз боп қалғанын басынан кешірген адамдардың тағдыры. Бұрынғы қоғамдық жүйеде аса қажетті, ал ендігі жаңа кезеңде керексіз болған мамандықтар иелерінің бәріне де ортақ қасіретті тағдыр бұл!
Медеттің жанына келгеніне, өзімен бірге тұратынына анасы қуанады және осы ауылдағы кейбір кісілер ғана түсіністікпен қарайды.
Жазушының бұл романы әлеуметтік-психологиялық сарынды шығарма. Басты кейіпкердің жан әлеміндегі толғаныстарын, оның туған топырағына оралуын Сервантестің Дон Кихотының, оның атқосшысы Санчо Пансоның ой өрілімдерімен байланыстыратыны дәлелді. Сонымен бірге, кейіпкер Медет суы тартылған, тұзды соры ағарған теңіздің бұрынғы орын алабын, ондағы қаңсыған кемелердің қаңқаларын, теңіздің бұрынғы атырабындағы ауыл отырған аймақ пейзажын «Қасірет палитрасы» – деп атауы да адамдардың тұрмысындағы құлазыған, қаңыраған әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен егізделе баламаланып берілген.
Романның екі бөліктен тұратын композициялық желісінде осы өз аулына қызметі қысқартылып, өзі жұмыссыз қалған Медеттің туыстарына да, артынан келген отбасына суық қарап, өзінен-өзі жабығып жаны күйзеліп жүрген жай-күйін – жаңа дәуірдің заңдылығымен дамуға түсе алмай жатқан бүкіл қазақ халқының тағдырын да баламалауға болатын секілді.
Медет ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында, әлі де жат, алыс Америкадағы азаттық плацдармы – Никантидада бұлар аса зор миссия атқарып жүрген [148, 33 б] сәттеріндегі осы туған ауылы, орналасқан Арал теңізінің осы өңірін бейнелеуі де уақыт шындығының көрінісі.
Қазіргі қазақ прозасындағы белгілі ғалым-жазушы А. Жақсылықовтың «Малғұндар ұйқысы» («Сны окаянных») атты роман-тетралогиясы [149, 150] да экологиялық апат жағдайын туындатқан атом сынақтары өткішіліп келе жатқан полигон зардаптарын философиялық, экспрессивті эпикалық көркем шындықпен бейнелеуі мен заман қасіретін танытады. Экологиялық апат зардаптары басқа да жанрларда жалғаса жазылуда.
Көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов «Арал тағдырын ашық айтсақ» атты публицистикалық мақаласында С. Жұбатырұлының осы «Абыржы» романының идеялық-композициялық желісіне арқау болған апатты жайды айқын бояуларымен көзімізге елестетеді.
«Арал өңірінің ежелден бері, жері, желі, суымен қалыптасқан жарасымды табиғи әдемі үйлесімінің шырқын бұзып, көресіні көріп отырмыз. Табиғаттың тепе-теңдігі біржолата бұзылды. Космостан алған соңғы мағлұматқа қарағанда қазірдің өзінде теңіз түбінен босаған жерден жылма-жыл көтерілген жетпіс бес миллион тоннадан астам тұзды сор шаңдақ ауа арқылы маңайдағы аяқ жетер жерді басып салған. Ал ол ма, қазір Қарақалпақ жерін, сол сияқты Бұхар, Хорезм, Қызылорда облысына қарасты суармалы егістіктің әр гектарына орта есеппен жыл сайын жеті жүз килограмм тұз жауады екен.
Айтары жоқ, жер азды. Су бұзылды. Бұрын да келіспеген ауа райы теңіз тартылғалы тіпті қатты бұзылып, жаз болса ыстық аптап айлап, апталап ұрып, қайта-қайта қара дауыл қаптай соғып бергенде, бетіне соры шыққан борпылдақ дала алағайда-бұлағай борап ала жөнеледі. Аспан мен жер астында ақ шаңдақ сор көтеріліп, көш ашырмай, дем алдырмай тұңшықтырып, буып тастағанда, «нағыз тозақ осы екен» деп қаласың» [151, 44-45 бб].
Жазушы-ақындар адамзат тұрмысын нәзік сезімінің мөлдір пердесіне орап суреттейтін шығармашылық тұлғалар Жазушылардың Арал, Балқаш, Семей өңірлерінің экологиялық ауыр жағдайларын әуелі публицистикалық мақалаларымен, одан кейін көркем шығармаларымен адамзат ойының жан айқайы етіп жазуы-сөз өнерін қару еткен өркениет көрсеткіші. Жазушы Ә. Нұрпейісовтің аталған мақалаларынан кейін өзіндік азаматтық үні «Сең», «Соңғы парыз» романдарында көркем шындықпен өрнектелді. «Арал тағдыры – адам тағдыры» атты жалпыадамзаттық үндеудің аясында жазылған ондаған мақалалар, өлеңдер, одан кейін көркем прозалық, драмалық шығармалар әлі де жалғасып келеді. ХХ ғасырдың 80-жылдары жарық көрген Арал тақырыбындағы мақалалардың көркем шығармалардың «Аралым-арым, Балқашым – бағым» атымен топтастырылып кітапта жарық көргені де сөз өнерінің уақыт шындығына сергек қарайтын рухани қызметтегі сергектікті айқындайды. Мысалы, «Арал тағдыры – адам тағдыры» атауымен мынадай еңбектер қамтылыпты:
1 Мақалалар: Ә. Нұрпейісов «Туған жер», «Арал тағдырын ашық айтсақ!», А. Каныпин «Аралға қалай көмектесу керек?», Е. Көшербаев «Тек ғана Арал тағдырыма ма?», С. Жабасов «Құмда қалған кені», Ә. Әлжанов «Дария суы», С. Байхонов «Аралдың күретамыры», Ә. Әуелбеков «Күрішті өңірдің күрмеулері», Х. Сұбханбердин «Арал деген аудан бар», «Арал қойнауындағы Арал», Ө. Оралбаев «Арал, адам және уақыт», С. Ақатаев «Ашық сөз, ащы шындық».
2 Өлеңдер: К. Салықов «Шошыну», А. Канышен «Арал, Арал», Б. Жақыпов «Жәудірейді жанары қос көзімнің», «Балқашым – бағым» топтамасында мынадай мақалаларда әлеуметтік өзекті мәселелер көтерілген: С. Піскенбаев «Балқаш туралы», С. Құрманәлиев «Балқашқа барар жолдағы ой», Т. Қаупынбаев «Іле, Балқаш ардағым», Ө. Ақыпбеков «Қапшағай су қоймасының келешегі қандай?», Р. Сәтімбеков «Құсы кеткен көлдің құты кетер», И. Гүсейінов «Балқаш көлі», Ж. Елшібеков «Балқаш сабағы» [151].
Осы кітаптағы «Үш маманға үш сұрақ» атты бөлімде Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Нариман Қыпшақбаевпен «Тамшы судың тағдыры», Қазақ Мемлекеттік балық шаруашылығы кооперативтік бірлестігі президиумының председателі Құдайберген Саржановпен «Балық та байлық», Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетовпен «Ақ тозаңның арасында» тақырыптарымен жазылған сұхбаттар да Қазақстан жеріндегі экологиялық жағдайдың ушыққан жағдайын, сол қиындықтарды жөндеудің жолдарын іздестіруді қозғауымен ерекшеленеді.
Жазушы – халық жүрегінің соғысын көркем шындықпен бейнелеуші. Жазушылардың шығармаларында табиғи апаттардан, тұрмыстық қиын-шылықтардан жаны күйзелсе де келешектен үмітін үзбеген адамдардың жан дүние әлемі қамтылады. Өздері өмір сүріп отырған қоғамның қайшылықтарын барлық күрделі сипатымен қамти алған қаламгерлердің шыншылдығы да, азаматтық-отаншылдық дүниетанымы да осындай реалистік тағылымымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет