Дістемелік кешені



бет43/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Жазушы С. Жұбатырұлының «Абыржы» романының идеялық-композициялық желісінде Арал теңізінің апатты жағдайы негізге алына отырып, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер егізделе өріледі.
Ең бастысы – Арал теңізінің және онымен тектес адамдар дүниетанымының ХХ ғасырдағы экологиялық апатты дағдарыс жағдайында болғандығын көреміз.
Басты кейіпкер Медеттің қызмет еткен өмір кезеңдерінің кеңестік замандағы саяси-идеологиялық жүйемен тығыз байланысты болғаны, оның ұстазы тұлғасында бейнеленген кейіпкер арқылы да көретілген. Өзіне үнемі ұстаз болған жоғары лауазымды қызметшінің тұжырымдары Жаратушы Алланың ұлы заңдылықтарын қарап шыққан күнәһар пенделердің қасіретті адасуының нақты көрінісіндей сезіледі. Өзінен ұлағатты сөз естуге, дұрыс бағдар-бағыт ұстануға ниеттеніп келген Медетке ұстазының үнемі айтатын уағызы – кеуіп бара жатқан Арал теңізінің бос қалған табанына егіс егу, жаратылыстың үйлесімді қозғалыстарына қарсы әрекет ету. Бұл – кешегі кеңестік кезеңнің озбырлық пен өктемдік ұстанымы.
Жер – Ананың тауларын да, өзендерін де, ормандарын да, кең далаларын да тек қана кеңестік саясаттық жоспарлы әкімдік-әміршілдік жүйесі көзқарасымен игерудің бүкіл табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуына, адам естімеген аурулардың көбеюіне, адамдардың атамекендерінен босып, көшіп қоныс аударуларына, ақыры мызғымастай көрінген Кеңес Одағы атты алып мемлекеттің өзінен-өзі қаусап күйреуіне әкелгені белгілі: Жаратушы Алланың құдіретінен тыс адамның күшін ғана дәріптеудің ақыры апатқа келтіретінін жазушы осы шығармасындағы Медетке ұстаз боп бейнеленген тұлғаның сөздері арқылы дәлелдегісі келген.
Мысалы, сол Кеңестік жүйенің типтік тұлғасы ретінде бейнеленген адамның байыптаулары бойынша Аралдың құрғауын адамдардың өздері жүзеге асыруы тиіс екен. Адамдардың өмір сүруінде шешуші қызмет атқарылып келген Аралдың тартылуы ізгілік ісі болып бағаланып, теңіздің табанында, күріштің, мақтаның өсірілуі ұлы міндет ретінде зор сеніммен міндеттеледі. Роман композициясындағы ешқандай ғылыми негізі жоқ бос сандырақтарына елтіген кеңестік даңғойлардың типтік тұлғалануын анық байқаймыз.
1 «Еш жағдайға, ешкімге тәуелсіз болу – ел принципі. Тіпті, бір қиялшыл жолдастың, Заунгуз Қарақұмда муссондық күріш қана емес, тропикалық ананас, банан және кофе плантацияларын жайқалтуымыз керек деген идеясы неге жүзеге аспасқа? Осыны кім сандырақ дей алады? Несі бар, біздің ұран сондай – біз үшін мүмкін емес еш нәрсе жоқ. Егер Орта Азияның бархандарында ақ аю мен пингвин совхозы қажет екен, ол қалай да орнайды. Олар өсуі тиіс!» [148, 76 б].
«Аралдың ұлы, ежелгі Арал балықшысының ұрпағы, сол теңіз тағдырын өз қолымен шешетін болды» [148, 76 б].
2 «Аралдың кебуі Ұлы Отанға, социалистік системаға қызмет етеді. Жарқын болашаққа жеткізер жеңіс жолы кейбір құрбандықсыз болуы мүмкін емес. Отанымыздың 60 жылдан астам даңқты тарихында бұған өнегелік мысал көп. Ұлы мүдде жолында бір көлдің (Арал, шын мәнінде, көл ғой!) кеуіп тартылуы немене, тәйірі! Солай қажет екен – солай болады! ... Арал әдемі өледі...» [148, 164 б].
3 «Арал ұлының Аралды игеруінде коммунистік жеңіс салтанаты бар! – деген Ұстазы – Біз Арал экологиясына атсалысып көрдік. Бірақ, тәжірибелі туысқандар өз ынтасында бізден икемділік танытты. Олар 2015 жылы Арал теңізі орнында коммунизм плантациясын жайқалтатынын сенімді түрде дәлелдеп берді. Лавр соларда. Атылмаған аюдың терісін достар бөлісіп әкетті! Жарайды. Біз енді өз түренімізді тыңдарға салып, жаңа көкжиектерде қимылдайтын боламыз...» [148, 226 б].
Романда туған Аралын кептіруге, басқа елдерді гүлдендіруге арналған «Стратегиялық зерттеулер мен Жобалаулар секторының» бағдарламасы бойынша Медет және басқа да мамандардың Моңғолияда, Вьетнамда, Иранда, Кубада және т.б. елдерде еңбек еткендерін түсінем. Жазушы кейіпкерінің үнемі ой өрісінде айтылып отыратын тағдырын жолын да дәйектейді: «Сірә, тамұқ бейнесіне негіз болған әл-Халиға, ертегіден де алысырақ Никантидаға айтулы жол осы сөздерден кейін басталды» [148, 226 б].
Романда үнемі кейіпкердің Америка құрлығында жүргенінде қиялында жарқырай көрінетін Никантида мекенінің аталуы да Ежелгі Грекия мифологиясындағы жеңіс рухына баламаланатын Афины тәңіриясының атауымен байланысты секілді көрінеді:
«Ника (Нике), в Древней Греции персонификация победы; часто эпитет богини Афины, которой посвященный храм Ника на афинском Акрополе. Статуи Ника в виде спускающейся с небес вестницы богов воздвигались в честь победы на войне, в спортивных и художественных состязаниях. Ей соответствует римская Виктория» [152, с. 887].
Кеңес заманының тәрбиесімен өскен, оқыған білімін сол жүйенің қызметін арнаған адамдардың мызғымастай болып көрінген мемлекеттік жүйенің бірден ыдырап кеткен кезінде далада қаңғып қалғандай күйге ұшырағаны да ақиқат. Романдағы Медеттің рухани ұстазы секілді кеңестік идеологияға жан-тәнімен берілгендердің де шын сиқы сол өзгерістер кезінде анық байқалды.Терісін өзгергіш хамелион секілді енді тәуелсіздік жолындағы қайраткерлер секілді ұрандап шыға келгендердің біразы да сол бұрынғы басқару жүйесіндегі тірі жандылар еді.
Ал, «Абыржы» романының басты кейіпкері Медетет сынды ұлттық-отаншылдық ділі сақталғандар шын абыржылық жағдайға, дел-сал күйге тап болды. Романның басты кейіпкері Медет Меңкеұлы Жармекеновтің Америка құрлығындағы Никантида мекеніндегі советтік патриотизммен еңбек етіп жүріп, туған Аралын ойлап, талай тәтті қиялдарға берілген дүниетанымымен, бәрібір ұстаз айтқан ұстаным ақыры үйлеспейді.
Романның композициясында 80-жылдардағы Кеңестік кезең ақиқаты, қожырай бастаған кеңестік жүйе, 1986 жылғы ұлттық-азаттық көтерілісінің ықпалы, өз-өзінен ыдырап кеткен коммунистік-кеңестік жүйенің қазақ ауылдарына тигізген тұрмыстық-әлеуметтік зардаптары, т.б. экономикалық-экологиялық мәселелер тарихи шындық пен көркемдік шешім поэтикасы заңдылығымен түйінделген.
Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің шешімімен «Арал өңірінің шешуші кезеңі» деп аталатын бөлімде әлемде бұрын – соңды болмаған экспериментті енді жүзге асырғалы жатқанда құдіреттің әсерімен ол жоба жүзеге аспай қалды, себебі КСРО мемлекеті ыдырады. Коммунистік партия тарады. Бұрынғы «Одақтас» деп аталатын республикалардың барлығы да дербес мемлекеттер болып өз алдарына бөлек-бөлек болып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет