Сабақтың мақсаты: Қазіргі қазақ поэзиясындағы қазақ хандары мен би-шешендер туралы поэмалар мен дастандар туралы, оның тілі мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталып, түсінік беру.
Сабақ жоспары:
2.1 Ақын Баянғали Әкімжановтың «Марал ишанның аманаты» толғау-дастанындағы тарихи таным философиясының қазіргі заман мұраттары мен сабақтастығы.
2.2 Өтеген Оралбайұлының «Жұмекеннің домбырасы», «Барсакелмес», т.б. өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.
2.3 Т.Сарыбайұлының «Достықнама» балладасы
2.4 Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өлең өлшемдері.
Бақылау сұрақтары:
«Марал ишанның аманаты» толғау-дастанының идеясы?
Т.Сарыбайұлының «Достықнама» балладасының ерекшелігі неде?
Марал ишан Бабаның Қазақ даласының өзі өмір сүрген атыраптарында ауруларды емдеуді, отырықшылыққа, егіншілік кәсібіне баулуды, діни- исламдық оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруы, Ресей империясы отаршылдығы саясатына және Хиуа Қоқан хандығы басқыншылығына карсы халық қозғалысында жетекші тұлға болғандығы [30. 70-77 бб.] мәлім. Ақын Баянғалидың толғау-дастанындағы негізгі поэтикалық идея - адамзат ұрпақтарын қауіп-қатерден, қайғы-қасіреттен арылту жолында аянбай күрескен бабалар рухын ұлықтау. Тарихи-философиялық туындының композициялық-психологиялық сарынды тебіреністерінен, толғаныстарынан адамзат ұрпақтарының Жаратушы Алланың құдіретімен еңбек етіп, еркін, адал өмір сүру үшін жаратылғаны, сол жағдайды зорлықпен бұзушылардың, қуыс кеуде мақтаншақтардың, шындықты тұншықтырушылардың («Мен, мен деп күмпілдеген қуыс кеуде шашылған бұлт секілді қалқыр шеттеп,,. «Шыңғырған шындығыңды тұншықтырып, шегенден, шеңберімен койған шектеп») - бәрібір кейін анықталып айыпталатынын әшкерелеп жырлайды:
... Бой сұнып бір Аллаға хақ мұсылман,
Адалдан нәсіп теріп, еңбек етпек.
Шүкірсіз, көпсінгендер басқа жұртты,
Неліктен баса-көктеп, басқа теппек?!
Ешкімге Құдай ерік бермеген ғой
«Қырып-жой, күш жеткенді бодан ет!»
Тест тапсырмалары:
1. «Жапандағы жалғыз үй» туындысындағы автордың негізгі айтпақ ойы:
А) Жаңа қоғамның жеке меншікшіл пиғылды түпкілікті жеңгені;
Ә) Ағылып келіп жатқан келімсектер өз елінде азшылық, көзге шыққан сүйелдей күн кешкен халықты жапандағы жалғыз үйдей жапырып кетпей ме деген мәселе;
Б) Тың игерудің жетістігін көрсету;
В) Социалистік қоғамның жарқын сипаттарын таныту;
Г) қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін суреттеу.
2. Шерхан Мұртаза әңгімелерінде алыстағы Африка пейзажы көрініс береді. Ол қай шығармасында?
А) «Алтын тікен»;
Ә) «Жүрекке әжім түспейді»;
Б) «Сфинкс сыры»;
В) «Бұлтсыз күнгі найзағай»;
Г) «Бір шөкім бұлт».
3. Аңыз оқиғалары жазушының романдарында шығарма мазмұнына кіріп, кейіпкердің психологиялық ахуалы мен арман-мұраттарын танытуда маңызды орын алады. Солардың бірі – «Шолпан кебіс» аңызы. Бұл аңыз қай романына кірген?
А) «Қара маржан»;
Ә) «Тамұқ»;
Б) «Қызыл Жебе»;
В) «Жұлдыз көпір»;
Г) «Ай мен Айша».
4. «Қара маржан» романындағы жағымсыз кейіпкерлер:
А) Нариман, Мәрзия, Ақан қарт;
Ә) Әділ, Мәрзия;
Б) Аманқұл, Жарас;
В) Таңшолпан, Нариман;
Г) Антонов.
5. «Бесеудің хаты» тарихи драмасындағы өлкелік комитетке хат жолдағандар:
А) Ғатауллин, Қуанышев, Дәулетқалиев, Алтынбеков, Мүсірепов;
Ә) Садуақасов, Досмұхамедов, Сейфуллин, Төреқұлов, Мүсірепов;
Б) Бөкейханов, Байтұрсынов, Төреқұлов, Тынышбаев, Рысқұлов;
В) Жансүгіров, Жұмабаев, Сейфуллин, Дулатов, Аймауытов;
Г) Мүсірепов, Майлин, Рысқұлов, Садуақасов, Қарашев.
6. Тұрар Рысқұлов тағдырын арқау еткен роман-хамсаның «Тамұқ» деп аталатын бесінші кітабында...
А) Сталиндік жаппай қудалау кезеңі, күллі қазақ зиялыларының басындағы трагедиялық жағдай бейнеленген;
Ә) Түркістан Кеңестік Автономиялық Ресупбликасының 1917-1920 жылдарындағы оқиғалар суреттелген;
Б) Тұрардың Түркістан Республикасы атқару комитетінің төрағасы болып жүрген шағындағы саяси қақтығыстар баяндалады;
В) Тұрардың Коминтерннің Шығыс бөлімі бастығының орынбасары, мемлекеттік жауапты басшылық қызметтерде жүрген кезінде қазақ даласындағы аштық пен апатты болдырмауға көмек көрсетпекке ұмтылған әрекеттері баяндалған;
Г) Дауылбай сияқты жергілікті өктем күштердің озбырлығына төзе алмай, Ақсу – Жабағалы жерінен Жетісуға қоныс аударып, Талғар маңына көшіп келген аз үйлі кедей ауыл Сәлік – Шілмембет – Шымырдың, сол ауылдың бас көтерер азаматы Рысқұлдың тағдыры суреттеледі.
7. Ә.Нұрпейісов романындағы күллі ұлттық ұнамсыз характерді бейнелейтін кейіпкерлер:
А) Тәңірберген мен Жасағанберген;
Ә) Сүйеу қарт пен Дос;
Б) Құдайменде мен Аллаберген софы;
В) Судыр Ахмет пен Қарақатын;
Г) Төлеу мен Қалау.
8. Әдебиеттанушылар Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман-трилогиясындағы сюжеттік желіні қай туындымен жақын деп санайды?
А) М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесімен.Сюжеттік бірізділік жайлы талдау-тұжырымдар Бақтығұл мен Еламан басынан кешкен оқиғалар негізінде айтылады;
Ә) Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» роман-трилогиясымен тақырыптық бірлікте деп бағалайды;
Б) М.Әуезовтің «Қилы заман» повесімен идеялық үндестікте екенін айтады;
В) Т.Әлімқұловтың «Ақбоз ат» романымен салыстырады;
Г) Т.Ахтановтың «Боран» романындағы Қоспан мен Еламан арасындағы ұқсастықтар туралы тұжырым жасайды.
9. «Қан мен тер» роман-трилогиясының үшінші кітабы «Күйреу» деп аталады. Кімнің рухани күйреуі?
А) Еламанның;
Ә) Тәңірбергеннің;
Б) Қаленнің;
В) Ақбаланың;
Г) Ақ әскерлерінің.
10.«Соңғы парыз» романынағы оқиғаның суреттелу тәсілі:
А) Автор бір тәулік ішіндегі психологиялық тартысты арқау етіп алып, кейіпкерлердің жан-дүниесіндегі арпалысты, қым-қиғаш сезімдер қақтығысын өрнектейді;
Ә) Күллі оқиғаны бір кейіпкер баяндайды;
Б) Оқиға желісі лирико-романтикалық сарында суреттеледі;
В) Оқиға лирикалық шегіністермен көрсетіледі;
Г) Кейіпкердің көзқарасымен, баға беруімен суреттеледі.
№3 практикалық сабақ тақырыбы. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ежелгі түркілік өркениеттік назиралық сипаты.
Достарыңызбен бөлісу: |