Сабақтың мақсаты: Т.Медетбек шығармашылығы туралы түсінік беру
Сабақ жоспары:
3.1 Темірхан Медетбектің лирикалық өлеңдері мен дастандары
3.2 Т.Медетбек поэзиясындағы түркілік сарын
3.2 Қазіргі қазақ поэзиясындағы өлең өлшемдері
Бақылау сұрақтары:
Т.Медетбек өлеңдерінің тақырыбы қандай?
«Тағдырлы жылдар жырлары» кітабының негізгі идеясы?
Өлең өлшемінің қандай түрлерін қолдана білді?
Ақын Т. Медетбектің «Тағдырлы жылдар жырлары» кітабы еліміздің өміріндегі тұтас бір кезеңді, үмітті де ауыр шақты, өтпелі де қиын кезеңді бүкіл жарық-көлеңкесімен, жақсы-жаманымен, қуаныш-қайғысымен қаусыра қамтыған туынды. «Ашуымды сапырып // намыс мені жеңгенде - // ұлы Каспий аһ ұрып // толқып тұрар кеудемде» [29.95 б.], - деп өзі айтқандай, ақын өлеңдерінен ұлы теңіздің бірде буырқанған, бірде тыншыған, бірде күрсінген алып тынысы сезіледі. Адам – Қоғам – Заман – Уақыт дейтін ұлы ұғымдардың мән-мағынасын , тақырып-мазмұнының сыр-сипатын ашуда ақынның бұл еңбегі күрделі де кесек шыққан. Жылдар ғана емес, сол жылдарда туған жырлар да тағдырлы.
Жыр жинағының тақырып аясы кең. Оны лирикалық қаһарманның көңіл - күйімен ғана шектеуге келмейді. Мұнда заман, қоғам, ғасыр алмасуларынан тұспа-тұс келген оқиғалар сапырылысы да; дәстүр, сабақтастық, үйлесім үзілген тұстағы көңіл ауанындағы құлазыған, дағдарған сенделістер де; өткелі қиын өтпелі кезеңнен шығар жол тауып, ел егемендігімен сенім нықтаған серпілістер мен сілкіністер де психологиялық нәзік иірімдерді дөп басу арқылы, санадағы сәулелердің қым-қиғаш қозғалыстары арқылы ашылған. Автордың «Бұл кітап көлемін шағын бола тұра, он жыл жазылды» , - деуінің астарында қаншама төгілген тер, бейнетті айлар, жылдар, уақыттың, дәуірдің дидарындағы құбылулардың суреті, жан толғаныстары – қуану, күйіну, торығу, т.б. жатқанын бағамдауға болар. Тағдырлы өлеңдердің бірі - «Бостандығым туралы сөз». Бұл өлең тағдырлы болатын себебі – егер еліміз тәуелсізідік алмаса, бодандықтан бостандыққа шықпасақ, ешуақытта жазылмас еді. Ойша орайластырып, қиялмен қиыстыруға көнбейтін өлең. «Бостандығым» деген сөзді айта алмай Махамбет ақын арыстандай арпалысып өткен, «Бостандығым» деген сөзді айта алмай Ахмет Байтұрсынов аһ ұрып ғұмыр кешкен, «Бостандығым» деген сөздің шын қуатын Мұқағали да сезіне алған жоқ... Арғы-бергі ақындарды түгендеу мақсат емес, осы «Бостандығым» деген сөзді айту бақыты бұйырған ұрпақтың атынан сөз алған Темірхан ақын қатардағы қоңыр өлең емес, образға оранып, өлең сөзбен сомдалған Бостандықтың бейнесін мүсіндеп шыққан:
Қарашы оған кетеді адам аяп.
(Айттым мұны тұрсам да қаламай-ақ!)-
Бостандығың келіп тұр,
Бостандығың!
Жалақ ерін,
жалаңбас,
жалаң аяқ!
№4 практикалық сабақ тақырыбы. Тәуелсіздік жылдарындағы көркемдік ізденістер мен тақырыптық арналар.
Достарыңызбен бөлісу: |