Дістемелік кешені



бет54/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Сабақтың мақсаты: Қ.Мырза Әлидың «Заман-ай» поэмасының тақырыбы мен идеясы, қанатты сөздері туралы оқып, талдау.
Сабақ жоспары:
4.1 Қадыр Мырза Әлидің «Заман-ай» поэмасының тақырыптық арналары.
4.2 Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
4.3 Т.Медетбектің «Тағдырлы жылдар» өлеңіндегі тәуелсіздік аңсары және рухани түлеу.
Бақылау сұрақтары:
Қанатты сөздер дегеніміз не?
«Заман-ай» поэмасында автор не айтқысы келді?
Тәуелсіздік тақырыбын Т.Медетбектің қандай шығармаларынан көреміз, жатқа өлеңін оқып беріңіз.
Ақынның «Заман-ай» кітабына енген поэмалары бірін екіншісі толықтыратын, біріндегі қозғалған ойлар екіншісінде жалғасын табатын, лирикалық кейіпкердің, яки лирикалық қаһарманның жан-дүниесіндегі өзгерістер қоғамдағы, заман ауқымындағы, уақыт аясындағы кезеңдік оқиғалармен қат-қабат тығыз байланыста сабақтасқан.
«Заман-ай!» дейтін жеке дастан болса да, кітаптың аты барлық дастандардағы ортақ идеямен ұштаса үйлесім тапқан. Яғни, кітаптың бойындағы тұтастық, оның тақырыбы мен мазмұнын ашуда салмағын арттыра түскен. «Заман-ай» - «Пролог немесе өң мен түстің арасы», «Жоқшылық һәм қымбатшылық», «Табиғат және тасырлық», «Ұрлық-қарлық», «Бұрын-соңды болмаған бұзақылық», «Рухани өмір яки өнер дүниесі», «Эротика және секс», «Пұшайман перзент,жетім ел»,
«Бұқара және партократия», «Жанталас және Желтоқсан», «Жер дауы және жан ашуы», «Одақ және отаулар», «Алаңдар және адамдар», « Эпилог немесе шамырқану» атты бірнеше тараудың – тақырыптың басын қосқан кесек дүние. «Заман-ай!»-да өтіп кеткен жылдардың жанды куәгерлері бастан кешкен қилы психологиялық иірімдер, қамырықты көңіл, қапалы хал-ахуал, алданған сенімдер, адасқан армандар т.б. әртүрлі сергелдеңдердің, күйзелістердің қалдырған ізі, салған жарасы, түсірген таңбасы суреткерлік шеберлікпен көркем жеткізілген.
Өмірдегі өтіп жатқан оқиғалар тізбегін баяндап шығу бір басқа да, сол өмірде адамдар өткен өткелдерді олардың жан-дүние тебіренісін, тербелісін дөп баса отырып суреттеу әлдеқайда қиын. Әсіресе, бұл поэзиялық көлемді дүние – дастанның көтеретін жүгі болғандықтан тіптен жауапты. Ал «Заман-ай!» поэмасы сол талаптың биік деңгейінен көрінген шығарма.
Кітапта «Заман-ай!»-дың заңды жалғасы іспетті «Бес жыл өткен соң» атты поэма бар. Бұл – еліміз егемендікке, тәуелсіздікке ие болғаннан кейін бес жыл өткен соң жазылған алғашқы поэзиялық кесек туындылардың бірі.
Сарай емес, // қора емес, // қоғам құлап, //
Қалды астында талай ел, // талай халық! //
деп Қадыр ақын бұдан бес жыл бұрынғы тарихи жағдайды ой елегінен өткізеді де, бес жыл аралығындағы тапқанымыз бен жоғалтқанымызды, ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, кері кеткеніміз бен ілгерілегенімізді сарапқа салады.
«Тәуелсіздік аңсары және рухани түлеу» (Ақын Т. Медетбектің « Тағдырлы жылдар жырлары» кітабы.
Ақын Темірхан Медетбектің «Тағдырлы жылдар жырлары» кітабы еліміздің өміріндегі тұтас бір кезеңді, үмітті де ауыр шақты, өтпелі де қиын кезеңді бүкіл жарық-көлеңкесімен, жақсы-жаманымен, қуаныш-қайғысымен қаусыра қамтыған туынды. «Ашуымды сапырып, // намыс мені жеңгенде - // ұлы Каспий аһ ұрып// толқып тұрар кеудемде» /46, 95/,-деп өзі айтқандай, бірде тыншыған, бірде күрсінген алып тынысы сезіледі. Адам – Қоғам – Заман – Уақыт дейтін ұлы ұғымдардың мән-мағынасын, тақырып-мазмұнының сыр-сипатын ашуда ақынның бұл еңбегі күрделі де кесек шыққан. Жылдар ғана емес,сол жылдарда туған жылдар да тағдырлы.
Жыр жинағының тақырып аясы кең. Оны лирикалық қаһарманның көңіл-күйімен ғана шектеуге келмейді. Мұнда заман, қоғам ғасыр алмасулармен тұспа-тұс келген оқиғалар сапырысы да; дәстүр, сабақтастық, үйлесім үзілген тұстағы көңіл ауанындағы құлазыған, дағдарған сенделістер де; өткелі қиын өтпелі кезеңнен шығар жол тауып, ел егемендігімен сенім нықтаған серпелістер мен сілпіністер де психологиялық нәзік иірімдерді дөп басу арқылы, санадағы сәулелердің қым-қиғаш қозғалыстары арқылы ашылған.
Тест тапысрмалары:
1.Тәуелсіздік жылдардығы ақын өлеңдері
А) Алланың құдіретіне арналған мінажат өлеңдер +
Б) Тәуелсіздік туралы өлеңдер
С) Президентке арналған туындылар
Д) Патриоттық өлеңдер
Е) Толғау өлеңдер
2.Хикмет сөзі арабша қандай мағына береді?
А) ақыл,парасат
Б) дін білімі
С) сана
Д) білім қазығы
Е) дін
3.Д.Сарыбайұлының кейбір өлеңдері қандай жанр улгісіне жатады?
А) Арнау
Б) Мадақ
С) Жоқтау
Д)Барлық вариант дұрыс
Е) Толғау
4.Өтеген Оралбай өлеңінің басты идеясы
А) Отанды,халықты сүю
Б) патриотизм
С) махаббат
Д) сағыныш сарын
Е) дінге байланысты
5.Серік Ақсұңқарұлы қай өлеңінде туған жерінің жағдайын тілеп,сұраған?
А) «Туған жерім»
Б) «Діни ұғым»
С) «Пайғамбар және қахарман»
Д) «Дұға»
Е) «Сағыныш»
6.Қай ақын өлеңінің негізгі идеясы мұң мен шерге арналған?
А) Баянғали Әлімжанов
Б) Т.Медетбек
С) Серік Ақсұңқарұлы
Д) Өтеген Оралбай
Е) Сәкен Сыбанбай
7.Қай кітапта еліміздің өміріндегі тұтас бір кезең қамтылған?
А) Тағдырлы жылдар жырлары +
Б) Елімнің ертеңі
С) Тәуелсіздік тұғырым
Д) Белгісіз тағдыр тұтастығы
Е) Жас жалын
8.Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
А) Елімнің ертеңі тағдыр болашағы
Б) Көпке көрсетіп істеген қайырым-қайырым емес
С) Адамның шашқаны емес-тергені, алғаны емес-бергені қалады +
Д)Тез деген баяу қимылдау,бірақ үзіліссіз
Е) Заң дегеніміз – ноқта.
9.Қазіргі кезде қандай тақырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды?
А) Жабық тақырыптарға +
Б) Ашық тақырыпқа
С) Мүмкіндік жоқ
Д) Бір сарынды тақырыптарға
Е) Саяси тақырыптарға
10. Қай ақын шығармасынан үзінді?
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
А) Серік Ақсұңқарұлы
Б) Қадір Мырза Әлі
С) Бауыржан Қарағызұлы
Д) Ақберен Елгезек
Е) Мұхтар Шаханов +
1. Келімбетов Н. «Көркемдік дәстүр жалғастығы» Астана: Елорда. 2000-288 б.
Екі мың жылдық дала жыры. (Құрастырған Е. Дүйсенбайұлы, Ә. Қайырбеков) – Алматы ; 2000-752 б.
2. Шаңғытбаев Қ. «Азаттық күнгі жыр» Қазақ әдебиеті, 1999жыл, 24-желтоқсан.
Мырза Әли Қ. « Заман-ай» Алматы; Жазушы,1997-352 б.
3.Медетбек Т. «Тағдырлы жылдар жырлары» Алматы; Атамұра,1999-176 б.
4.Дәдебаев Ж. «Қазіргі қазақ әдебиеті» Алматы; Қазақ университеті, 2002-311 б.
5.Қайырбеков Ә. Заманхат немесе Қ. Мырза Әлидің «Заман-ай» дастандар кітабын парақтағанда туған ойлар; Ақиқат №3, 68-73 б.
5 практикалық сабақ тақырыбы. Қазіргі қазақ балалар поэзиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет