«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ /СЕМИНАР/ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ МЕН ТАҚЫРЫПТАРЫ
№1практикалық сабақ тақырыбы.Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті
Сабақтың мақсаты:Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы әдебиеттің проза, поэзиядағы дамуы туралы ғылыми түсінік беру.
Сабақ жоспары:
1.1 Қазіргі қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық.
1.2 Желтоқсан көтерілісі мен оның қаһарман-батырлары туралы өлең-жырлар.
1.3 Қазіргі қазақ поэзиясындағы діни-исламдық дүниетанымдағы лирикалық өлеңдер.
Бақылау сұрақтары:
Роман жанрындағы ізденістер неден басталды?
Тақырып пен идея дегеніміз не?
Көркемдік шындықты қалай бере бастады?
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті - мыңдаған жылдар белестерінен көркемдік дәстүр жалғастығы жолымен дамыған ұлттык рухани құндылығымыз. Жаңа дәуір әдебиетіндегі поэзиялық шығармалардағы діни- ислам дүниетанымының жырлануы да осы поэтикалык заңдылық тұрғысынан бағаланады. Көрнекті ақын Темірхан Медетбектің «Баба дәстүрдің мұрагері кім?» атты толғанысындағы дәстүрдің жалғастығы хақындағы ойларының маңыздылығы айқын байқалады:
«... дәстүр дегеніміз - түп тамыры түу ғасырлар қойнауында жатса да - ылғи бір түлеп, жаңғырып көрінетін, әдебиеттің әр кезеңі сайын бұрын жұртқа белгісіз жаңа астарынан ашылып жататын жанды процесс. Оның тоқтап, тоқырауы мүмкін емес.
... Сондықтан біз бүгінгі ақын шығармаларынан ежелден келе жаткан дәстүр жалғастығын іздестіретін болсақ, онда, ең алдымен, оның көтерер әлеуметтік жүгіне, азаматтық үніне зер салып, назар тіктеуіміз керек....
Сонымен, біздің айтпағымыз: терең әлеуметтік мәні бар өз дауысы. ез- үнімен келген жаңалық қана дәстүрді жалғастыра алады, тек сол ғана дәстүр жалғастығын құрай алады. Яғни дәстүрді өзінше жетілдіріп, оны өзінше жаңғыртқан, жаңалық әкелген түлға ғана баба дәстүрдің мүрагері болып табылады».
Қазіргі казақ поэзиясының діни-исламдық дүниетаным шығармаларының қатарында ислам тарихының негізгі қайраткерлер Мүхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның сахабалары (Әбубәкір, Омар, Оспан. Әли) және халыққа имандылық-адамғершілік ұлағатын ұқтырған оқымысты ағартушылар, күрескер тұлғалар туралы жырланған дастандар да айрыкша орын алады. Дастандардың сюжеттік-композициялық желісінде ислам дінінінің адамзат ұрпақтарына арналған гуманистік мұраттарын ұқтыруда өмірлерін арнаған Жаратушы Алланың жердегі Елшісі, әлемдегі соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) және касиетті ислам дінін ұрпақтарға үғындыу жолында төзіммен, сеніммен еңбек еткен сахабалар, олардан кейін мүсылман елдеріндегі ұлттық-азаттық көтерілістерінің көсемдері, ағартушы оқымыстылар - бәрі де эпикалық шығармалардың тарихилық негізіндегі көркемдік-эстстикалық дүниетаным болмысы шындығын дәлелдеді.Ақын Баянғали Әлімжановтың «Пайғамбар мен Қаһарман» атты дастанында ислам діні тарихының көрнекті қайраткерлері деректі аңыздық көркем шындыкпен өрнектелген сипатымен дараланған. Эпикалық шығарманың такырыбы - Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның сахабасы Әзірет Әлі кызмет еткен ислам діні қалыптасуы шындығы, идеясы - жер-жаһанның барлық билігі ұлы Жаратушы Алланың құдіреттілгін дәлелдеу. Шағын дастанның сюжеттік-композициялық желісінде Дүлдүл тұлпарына мінген, қолына Зұлпұқар алдаспанын ұстаған, дене қайратына кәміл сенген Ислам сардары Әзірет Әлінің пенделік көңілмен өзіндік күш-қуатын тым асыра бағалаған. асып-тасқан көңіл-күй шарықтауын шынайы бейнелеген. Жердің өзін шыр айналдыратындай шалқыған көңіл-күй шарықтауымен Мұхаммед пайғамбарымызға келген сәті («Жердің жүзін солқылдатып, Дүлдүлі Пайғамбарға Ғали келді бір күні») де, тым асқақтай сөйлеуі де романтикалық сипатымен әсерлі:
«Күшім тасып бойға сыймай кеткенде,
Көрсеткім-ақ келеді елге үлгіні.
Уысымда күлпара боп пұт тасы,
Темірдің де бұзылады нұсқасы.
Шіркін-ай, шыр айналдырар едім бір,
Қолға тисе сонда жердің тұтқасы!».
Тест тапсырмалары:
1. Тәуелсіздік кезінде туған лириканың басты сипаты:
А) елдік пен ерлік
Ә) тарихи-саяси тақырып
Б) ой-санадағы жаңару, ұлттық, елдік мұрат
В) биік пафос, ырғақ
2. М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы” (1999) поэмасының әлемдік деңгейде танылу себебі
А) қазақ ұлтының мәселесін көтеруі
Ә) экология мәселесін жырлауы
Б) адамзаттың дамуына қажетті мәңгілік мәселелерді толғауы
В) ана тілін насихаттауы
3. Тәуелсіздік кезінде жарық көрген тарихи романдардың басты ерекшелігі:
А) бұрын белгісіз болған жайттарды суреттеу
Ә) елдің бүтіндігін көксеген батыр, билердің, хандардың тағдырын көрсету
Б) халық тарихының көмескі тұстарын айқындап, шындығын ашу, ел, ой-сана тәуелсіздігін көтеру
В) ел мен жердің өткен тарихын суреттеу
4. Тәуелсіздік кезінде жарық көрген хикаят (повесть) жанрында көтерілген басты тақырып
А) өмірге, адамның ішкі жан дүниесі мен қоршаған ортаға деген өзгеше көзқарас
Ә) кейіпкерлер жүйесінің алдыңғы кезекке шығуы
Б) нарықтық қатынастың әкелген жаңалығы
В) психологиялық тәсілдің алдыңғы кезекке шығуы
5. Ә.Кекілбаевтің «Ханша Дария хикаясы» повесіндегі таңғұттар билеушісі:
А) Қасар мерген;
Ә) Шидүрге;
Б) Алмас әмірші;
В) Шыңғыс хан;
Г) Қалдан.
6. Әміршінің түсіне Мекке-Мәдине кіріп, Хақ Тағалаға жалбарынып оянады. Өзі түсінде шыр айналып жүрген қағбаның тасы бұған жеткізбей, қолын тигіздірмей қинайды. Бұл оқиға «Аңыздың ақыры» романының қай бөлімінде?
А) Төртінші бөлімінде;
Ә) Эпилогта;
Б) Бірінші бөлімде;
В) Үшінші бөлімде;
Г) Екінші бөлімде.
7. «Аңыздың ақыры» романындағы қосалқы кейіпкерлер кімдер?
А) Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагер;
Ә) Әмірші, Кіші ханым және шебер;
Б) Кемпір мен шал;
В) Ауыл ақсақалдары;
Г) Уәзірлер.
8. Ә.Кекілбаевтің 1986 жылы Абай атындағы республикалық Мемлекеттік сыйлыққа ие болған тарихи романы:
А) «Үркер», «Елең-алаң»;
Ә) «Аңыздың ақыры»;
Б) «Бір уыс топырақ»;
В) «Бәсеке»;
Г) «Күй»,
9. «Абылай хан» драмасындағы ханның ақылшысы, дана қарт:
А) Бұқар жырау;
Ә) Абыз;
Б) Көмей әулие;
В) Тақуа шал;
Г) Ақсақал.
10. Сәкен Жүнісовтің ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы заман дүрбелеңін суреттейтін повесі:
А) «Жапандағы жалғыз үй»;
Ә) «Әжем, мен, емші, дәрігер»;
Б) «Заманай мен Аманай»;
В) «Кемеңгерлер мен көлеңкелер»;
Г) «Өліара».
№2 практикалық сабақ тақырыбы. Қазіргі қазақ поэзиясындағы қазақ хандары мен би-шешендер туралы поэмалар мен дастандар
Достарыңызбен бөлісу: |