89
қорғаныс жамылғысы ретінде органикалық лактар кеңінен қолданылады. Олар
диэлектриктер болып табылады және сыртқы ортадан металдарды аластайды. Мұндай
қорғаныс амалдарының ең қарапайым тәсілі – ыдыстың сыртқы жамылғысына
техникалық вазелин жағу.
Консерві лактарын мәні (ішкі және сыртқы беткі қабатын қорғау үшін) мен
негізгі құрамы (майлы-смолалы, смолалы), қату сипаты (ыстық және суық кептіру)
бойынша жіктейді. Консерві өндірісінде қолданылатын лак бояуы үшін мынадай
талаптар қойылады: олар
адам ағзасына зиянды болмауы, қаңылтырды бүтіндей
жабуы, химиялық тұрақты болуы керек. Бұдан басқа, олар стерилизациялау жағдайына
шыдамды, өнімге бөгде дәм келтірмейтін, металға жақсы жабысатын,
аязға төзімді,
мөр соғу мен банкаларды жабу кезінде, жеткілікті дәрежеде қатты,
әрі берік болуы
шарт.
Қаңылыр банкаларды стандартты өлшем мен пішін бойынша даярлайды. Ет
консервілері үшін қаңылтыр банкаларының екі түрі қолданылады: құрама және тұтас.
Құрама банкалар цилиндрлі немесе басқа пішінде болып келеді (овал, тік
төртбұрышты) және ол үш бөліктен тұрады: корпусы, түбі және қақпағы. Неғұрлым
кеңінен тараған түрі цилиндрлі құрама банка. Әрбір банканың бекітілген шартты
нөмірі бар.
Достарыңызбен бөлісу: