Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет53/75
Дата04.12.2023
өлшемі1.31 Mb.
#485430
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

Шыны ыдыс. Шыны ыдыстың артықшылығы, оның химиялық тұрақтылығы, 
мөлдірлігі, бірнеше қайтара пайдалану мүмкіндігі, зәру еместігі және бағасының 
арзандығы. Бірақта оның бірнеше кемшіліктері бар: жылдам сынып қалатындығы 
(зақымданған ыдыстағы өнім жеуге жарамсыз болып саналады), қабырғаларының 
қалыңдығы 2,5 мм болғандықтан, жылу өткізгіштігінің төмендігі (1,47-2,94 дж
(м
2

ч

град), температура өзгерісіне тұрақтылығының төмендігі және салмағының 
ауырлығы. Әрине, егер арнайы шынылар қолданылатын болса, кейбір кемшіліктерді 
(сынғыштығы, жылуға тұрақсыздығы) жоюға болады. 
Ет өнеркәсібінде консерві өндірісі үшін шыны банкалар екі түрлі өлшемде (500 
мл, 1000 мл) қолданылады. Шыны банкаларды беті тегіс қаңылтыр қақпақтармен 
жабады. Олар 5 ат дейінгі ішкі қысымға шыдауы қажет. 
Полимер ыдыстар. Полимер ыдыстарының артықшылығы – олардың сыртқы 
ортаның әсеріне төзімділігінің жоғарылығы, салмағының жеңілдігі және 
салыстырмалы түрде дайындау құнының арзандығы. Ет консервілері үшін жылуға 
төзімді полимер материалдарынан дайындалған ыдыстарды қолдануға болады. 
Полимер ыдыстарын металл қақпақтармен жабу, стерилизациялау мен сақтау процесі 
кезіндегі герметикалығын сақтайды.
Қаңылтыр банкаларды жабу. Қаңылтыр банкаларды корпустың шеті мен 
қақпақтың шетін қиюластыра отырып, ішінде тығыздайтын қоймалжың қабаты бар 
қос қатар жапсырма тігісімен герметикалайды. Банкаларды жабу үшін жапқыш 
машиналардың екі түрі қолданылады: жартылай автоматты және автоматты. Екі 
жағдайда да, банкаларды герметикалайтын машинаның жұмысшы бөлігі, банкалар 
орналастырылатын төменгі патроннан және төменгі патроннан жоғарыға берілген 
кезде, банкалардың қақпағы қысылатын жоғарғы патрон мен жапқыштан тұрады. 
Кейбір жүйеде жабу үрдісі кезінде банкалар қозғалмайды да, жапқыш роликтер 
банканың айналасында айналып тұрады. Кейбіреуінде банка айналып тұрады, ал 
роликтер банкалардың айналу бағытына қарағанда қозғалыссыз тұрады. Жартылай 
автоматты жапқыш машинаның өнімділігі машинаның түріне, жұмысшының 


90 
тәжірибесіне және банкалардың өлшеміне байланысты; ол минутына 15-30 банканы 
құрайды. Мұндай машиналарды әртүрлі ассортиментті консервілердің аз партиялы 
өндірісінде пайдаланады. 
Автоматты жапқыш машиналар банкаларды герметикалауға қатысты барлық 
операцияларды оындайды: банкаларды жапқыш механизмге беру, банкаға қақпақты 
беру, жабу және банкаларды машина столынан тасымалдағышқа беру. Кейбір 
машиналар консервілерді вакуумдеуді де қамтамасыз етеді. Автоматты жапқыш 
машиналардың өнімділігі әртүрлі болуы мүмкін (минутына 100-300 банка). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет