Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


Дене тәрбиесі сабағын хронометраждау



бет12/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Дене тәрбиесі сабағын хронометраждау

Қимыл-әрекет түрлері

Әрекеттің аяқталған уақыты

Бақылау, түсіндіру, тыңдау

Жаттығуларды орындау

Сап құру, сабақ орнын дайындау

Тынығу және үзіліс

Ескерту

+

-

+

-

+

-

+

-

Сапқа түру




























Сапқа түру ұзаққа созылады

Рапорт беру

2-45













1-45

1-00










Сабақ міндетін хабарлау

3-05

2-00




50

35
















Жүру

4-30

























Жүру ұзаққа созылады

Тапсырманы хабарлау

4-45

15

























Желе-жорта жүгіру

5-50







1-05



















Жалпы дамыту жаттығуларын қозғала жүріп орындау

11-25







5-35



















Жаттығу орнына бару

120-5













20

20







Қайта сапқа тұру тиімсіз

Тапсырманы хабарлау

13, 12

30

37






















Сабақ орнын дайындау

145-7













20

125







Секіру орны даяр емес

Кезек күту

15-23



















116







Ұзындыққа секіру және т.б.

15-39




16



















Қосымша тапсырма жоқ

«Әрекет түрлері» графасында сабақ мазмұны жазылады. Екінші графада әрбір қимыл-әрекет түрінің аяқталу уақыты секундомер бойынша белгіленеді. Хаттамада жаттығушылардың барлық әрекеттері (жаттығуларды орындау, бақылау т.б.), олардың нәтижелігіне байланысты, мақсатқа сәйкес (+ белгісі бар графа) және мақсатқа сәйкес емес (- белгісі бар графа) деп белгіленеді. Әрбір әрекетке жұмсаған уақыт секундомер бойынша 2-графада белгіленген алдыңғы көрсеткіштің уақытынан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан соң барлық графадағы уақыт қосылады да, сол арқылы сабақтың жалпы және қозғалтушы тығыздығы анықталады. Сабақ тығыздылығы барлық әрекет түріне, мақсатқа сәйкес жұмсалынған (+ белгісі бар графа) уақыт қосындыларының барлық сабақ уақытына (45 минөт) байланысты процент бойынша анықталады.


Жалпы тығыздық = Мақсатқа сәйкес жұмсалатын уақыт қосындысы х 100%
45 мин. (сабақ уақыты)

Қозғалтушы тығыздық = Жаттығуды орындауға жұмсалатын уақыт жиынтығы х 100%


45 мин. (сабақ уақыты)

Жалпы және қозғалтушы тығыздық мәліметтерін салыстыра отырып, әрбір мұғалімнің жұмыс сапасын арттыру резервтерін табуға болады.


Дене тәрбиесі сабағында тамыр соғуын өлшеу. Сабақта бір оқушының тамыр соғуын 8-10 рет, 3-5 минөт сайын есептейміз. Тамыр соғысы 10 секөнт бойы есептеледі де 6-ға көбейтіледі. Тамыр соғуын өлшеу мәліметтері хаттамада белгіленген (2-кесте).


Дене тәрбиесі сабағында тамыр соғуын өлшеу

1. Күні ___________________________________


2. Сынып_________________________________
3. Сабақ міндеттері_________________________
4. Сабақ жүргізуші_________________________
5. Тамыр соғуын өлшеуші___________________
6. Бақылаудағы оқушы_____________________
7. Сабақ жүргізілетін орын__________________
8. Сабақ түрі_____________________________
2-кесте
Тамыр соғуын өлшеу мәліметтері





Тамыр соғысын есептеу уақыты

ЖСЖ

Қимыл-әрекет түрлері

Ескерту

10




1

Сабаққа дейін

14

84

Тыныштық күйінде

Жаттығуды орындау кезіндегі күш түсіру өте аз



2

3

16

96

Сапқа тұру. Сабақ міндетін хабарлау.

3

6

17

105

Жүру

4

9

20

120

ЖДЖ орындау

5

12

25

150

Жүгіру

6

15

22

132

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

7

18

24

144

Гантельдермен отырып-тұру

8

21

27

162

Секіргішпен секіру

Осы қисық сызықтар арқылы сабақ бөлімдеріндегі дене қуаты күш түсіруінің нәтижесін көруге, оған мұғалімнің өзі өзгеріс енгізе беруіне болады.




САБАҚТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
Әр түрлі жаттығушылардың болуы, бағдарламалардың көптігі мен сабақ өткізу жағдайлары және басқа себептер, көптеген сабақ түрлерін туғызады. Олардың өздері бірнеше топқа бөлінеді. Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша топтау. Бұл бағытта барлық сабақтар бес топқа бөлінеді: 1. Жалпы дене қуаты дайындығы сабақтары. Олардың мақсаты - дене қуаты дамуының, білім берудің, тәрбиелеудің (әсіресе бала жасында) негізін қалау. Бұған әр түрлі дене тәрбиесі амалдары мен әдістері қолданылады. 2. Спорт жаттықтыруларының сабақтары. Бұл сабақтар балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі дене тәрбиесінің арнаулы, негізгі түрі болып табылады және спортшыларды жақсы дайындау қызметін атқарады. 3. Қолданбалы және қуаты сабақтары. Мектептегі жоғары сынып оқушыларының,кәсіптік училище оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің болашақ кәсіптік әрекетінің дайындығына негізделген. Әскери-қолданбалы дене қуаты дайындығы әр түрлі әскер бөлімдерінің (әскери-теңіз флоты, әуе флоты) сипатына байланысты. 4. Дене тәрбиесінің сауықтыру сабақтары. Бұл сабақтарда ауырған немесе жарақат алған организм функцияларын дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен қалпына келтіреді. Мысалы, арнаулы медициналық топтардағы сабақтар. Сауықтыру дене тәрбиесі сабақтары дәрігермен тығыз байланыста болуы қажет. 5. Әдістемелік. Дене мәдениеті оқу орындарында, мамандықты көтеру факультеттерінде жүргізіледі. Ол әр түрлі сабақтарды оқыту және жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.


САБАҚТАРДЫ МАЗМҰНЫ МЕН СИПАТЫ БОЙЫНША ТОПТАУ
Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар деп екі үлкен топқа бөлінеді.

  1. Пәндік сабақтардың негізгі бір бөліміне оқу бағдарламасы кіргізіледі.

  2. Құрама сабақтарда, бір сабаққа бағдарламаның әр бөлімінің оқу материалдары кіргізіледі (жеңіл атлетика, гимнастика спорт ойындары т.б.). Бұл сабақтардың бір ерекшеліктері, бағдарламаның бір бөлімі негізгі болып, ал басқалары дене қуаты қасиетін дамытуға және қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға көмектесетін, көмекші болып қалыптастырылады. Құрама сабақтардың ұйымдастырылуы қиын, бірақ олар балалардың организміне тез әсер етеді және бағдарламаның негізгі элементтері жыл бойы мұғалімнің көз алдында болады, дағды деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік туғызады.

Сабақтарды міндеттеріне байланысты топтау. Пәндік және құрама сабақтар орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау, құрастырылған сабақтар деп бөледі. Оқу сабақтарында жаңа оқу материалын үйрену және теориялық мағлұматты хабарлауға көп көңіл бөлінеді. Жаттықтыру сабақтары – үйренген тәсілді жетілдіруге және дене қуаты қасиетін тәрбиелеуге арналған. Бақылау сабақтары – дене қуаты қасиетін дамыту және оқу материалын игеруді бақылайды. Бұлар негізінен нормативтер алу түрінде өткізіледі. Дене тәрбиесі тәжірибесінде оқу, жаттықтыру, бақылау сабақтары таза түрде өте сирек қолданылады. Негізінде олар құрастырылып, сабақта бірнеше міндеттер қойылып жүргізіледі: жаттығуларды үйрету; алдыңғы үйренген материалдарды жетілдіру, дене қуаты қасиеті деңгейін бақылау т.б.
ПЕДАГОГТЫ САБАҚ ӨТКІЗУГЕ ДАЯРЛАУ
Сабақтың ойдағыдай өтуі, мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Даярлық төмендегідей іс-әрекеттермен анықталады:
1. Сабақтың міндетін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде барлық сабақтар бағытына байланысты білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу деп үш топқа бөлінеді:
а) білім беру міндетінің мақсаты – оқушылардың білімін шыңдай түсу, жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату, оларды өмірде қолдана алуға үйрету;
ә) сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде организмге сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау;
б) тәрбиелеу міндеттері – оқушылардың адамгершілік қасиеттеріне дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен әсер ету. Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып әр сабаққа жеке міндеттер қойылады. Мысалы, төменгі старттың әдісін үйрету; ұзындыққа секірудің әдісін жетілдіру; дене қуаты қасиеті – жылдамдықты дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет