ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ
Оқушылардың дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырылған екі жолмен: оқу сабақтары және жаттықтыру сабақтары арқылы жүргізіледі. Дене тәрбиесі процесін орындайтын негізгі сабақ – оқу сабағы. Оқу сабағы мұғалімнің басшылығымен арнайы бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша жүргізіледі. Жаттықтыру жүйелі (таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, туристік жорықтар, шаңғымен сырғанау т.б.) орындалады.
Жаттықтыру бірнеше топтарға бөлініп жүргізіледі: күн тәртібі ішінде физкульт-сәттер, кіріспе гимнастика, жаттығу арасындағы тынығу, кластан тыс спорт түрлерімен жаттықтыру сабақтары, туристік жорықтар, спорт жарыстары және т.б. Отбасында таңертеңгілік бой жазу жаттығулары шаңғы, конькитебу, жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар, үй тапсырмаларын орындау және т.б.
Дене тәрбиесі оқу сабағының жаттығуларымен жүйелі жаттығу түрлері. Оқу сабағы жалпы білім беру және спорттық мектептерде, кәсіптік-техникалық училищелерде, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында өткізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.
Сабақтың мазмұны төрт негізгі элементтен тұрады: оқу сабағына кіргізілетін дене тәрбиесі жаттығуларының құрамы. Жаттығушы оқушылардың іс-әрекетінің, ұсынылған жаттығуларды орындаумен байланысы. Сабақ мазмұнының бұл жағы: мұғалімді тыңдау, жаттығу орындау, орындау тәсілін бақылау, көрген немесе естігенді түсіне білу, орындайтын әрекеттің ойша жобасын құру, оны орындау, өз әрекетіңді бақылау, бағалау т.б. көптеген оқушылардың әр түрлі әрекеттерінен тұрады. Мұғалімнің қызметі. Сабақ міндетін қою, оны орындауды ұйымдастыру, жаттығулардың әрекетін бақылау, орындауын бағалау, талдау, күш түсіруді реттеу т.б. тұрады.
Уақыт бойынша бір-бірімен орналасқан сабақ мазмұнының барлық элементтерін сабақ құрылымы деп атаймыз. Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы 3 бөлімге бөлінеді: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. Кіріспе бөлімнің өзі сабақ өткізуге дайындық және таза кіріспе бөлімнен тұрады. Дайындық бөліміне: киім ауыстыру, спорттық жабдықтарды орналастыру, кезекшіге тапсырма беру, спорт залына кірерде сапқа тұру т.б. Сабақ басталарда рапорт беру, сабақ міндетін хабарлау, көңіл бөлу жаттығуларын орындау жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |